«Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуел сіз ел бесігін»

Тоқышева Динара Сембайқызы

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Атырау қаласы, Бірлік селосы

«Әліппемен аштық білім есігін,

Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін»

1-жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке , Шуағын шашып тұр әлем.

Тойға келген қуанып . Қонақтар ,сізге мың сәлем.

2-жүргізуші: Армысыздар , ардақты ата-аналар , аяулы ұстаздар! Бүгінгі білім мерекесі

«Әліппемен қоштасу тойы» құтты болсын! Шашу, шашу ,шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

1-жүргізуші: Өтті қызық көп күндер , Жеті жасқа жеттіңдер.

Келдіңдер де мектепке , Бір белестен өттіңдер.

2-жүргізуші: Өсті, міне , бойларың , Өсті , міне, ақыл ойларың .

Қуанышқа ортақпын , Құтты болсын тойларың! -дей келе бүгінгі :

Бірге: « Әліппемен аштық білім есігін , Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін! атты Әліппемен

қоштасу ертеңгілігімізге хош келдіңіздер

1.Мұғалім сөзі . 2.Білім шаһарына саяхат. 3. Әдеби- музыкалақ монтаж.

1.Қыр гүліндей жайнаймыз Ән сап, билеп , ойнаймыз

Бүгін бізде мереке , Әліппе тойын тойлаймыз.

2.Тал шыбықтай бойына , Әдемі көйлек жарасар .

Ортада біздің сүйікті , Балдырған балғын балалар

3.Әліппе деген – алтын жол , Апарар сені алысқа ,

Жеңіл емес , ауыр жол , Тырысып бақ намысқа.

4. Тәуелсіздік бабалардың ұраны , Бұл уақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік – түлектеерде тұншығып , Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

5.Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар, Қазақстан – бұл азат ел , танысыңдар

Көкбайрағы , елтаңбасы, әнұраны . Қазақ елі егеменді , сан жұрты бар

Хор: « «

1-жүргізуші: Шұқшитқан кеп әуелі , Сені әрбір әріпке.

Суреттері әдемі , Бұл қай кітап? – ОЛАЙ БОЛСА, ШАҚЫРАЙЫҚ !

Балалар барлығы хормен: Әліппе, әліппе , Әліппе!

2-жүргізуші: Балалар әліппе келмей жатыр . Оған не болған ?

  • Ол хатта не жазылған. Білім патшасы алып кеткен , олай болса Әліппені іздеуге жолға шығайық .

1-жүргізуші. Балалар « Мақал-мәтел еліне» хош келдіңдер

Мақал: Әліппеден балалар , Не оқыдың, не білдің ?

Қана , айтшы мақалдар , Біліміңді көрейін .

2-жүргізуші: Балалар, енді « Жұмбақтар еліне» келіппіз .

Жұмбақ: Біз жұмбақтар айтамыз , Шешуін сіз тапсаңыз,

Жолыңды біз ашамыз

1-жүргізуші: « Санамақтар» еліен де келіп қалыппыз.

Санамақ: Мен санамақ боламын , Ақыл- ойдан тұрамын

Айтып берсен санмақ , Қазір жолды ашамын

2-жүргізуші: Біз, балалар «Ертегілер еліне» келіп калыппыз. ( Осы кезде шулаған балалар мен Жалқаубек шығады)

1-жүргізуші: Бұл не шу ? Не боп қалды ? ( Балалардың орындауында «Жалқаубек» әні)

2-жүргізуші: Жалқаубек сенбісің ? Балалардың бәрі мектепке жиналмақшы . Сен бармаймысың? Сөмкең қайда ?

1-жүргізуші: Бар сөмкеңді алып кел , Мектепке барасың.( Жалқаубек сөмкесін алып келеді)

  • Ой ,мынауың жарамайды. Сен сөмкенің не үшін керек екенін білмейді екенсің. Ендеше ,біздің балалар сен үшін « Портфель » ертегісін көрсетеді.

2-жүргізуші: Рөлдерде орындағандер:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше