«Адам-әдебімен көрікті »

Астана қаласы

Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияcының

Бастауыш сынып мұғалімі

Курмангалиева Гулнур Мирашовна

Тақырыбы:«Адам-әдебімен көрікті »

Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке үйретіп,адамгершілік қасиеттерін арттыру,әдептілік қағидалары мінез-құлық нормасы екенін түсіндіру,үлкенді силап,кішіге қамқорлық жасауға баулу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,әдептілік қағидалары туралы слайдтар,әдептілік туралы ән.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушыларды сапқа тұрғызу

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

II.Кіріспе: Мұғалімнің сөзі

III.Негізгі бөлім:

1.Әдептілік қағидалары-мінез-құлық нормасы

Олжас: Әдеп-тәрбиелік,көргенділік,әдептілік деген мағыналарды білдіретін арабтың сөзі.Әдеп-діндегі асыл қағидалардың негізінде адам бойында пайда болатын ізгі қасиет,кеңірік түсіндіргенде,рухтың діңмен астаса отырып,берік болуы.Әдептілік қағидалары-мінез-құлық нормасы болып табылады.Ал,мінез-құлық –адам бойына сүтпен кіріп,сүйекпен шығатын қасиет.

Гүлназ:Сәлем-әдептілік белгісі.Сәлемдесу-кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп,қуанышқа бөленуі.Бір-біріне аман-саулық тілеп,тілектестігін,ниеттестігін білдіру,әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп,жақсылыққа жарылқауы.Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті.Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы қария сәлем береді»деген сөз бар.

Әділет:Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп,ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет.Адам әдептілік туралы дұрыс түсінік пен білімге қанық болғанда ғана оның нормаларына бой ұсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.

Ділда:Жеке адам өмірін әдептілік қағидаларына сай қалыптастыру керек-ақ.

Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі.Адамның жеке басы дегеніміз оның кісілігі.Ал,кісілік дегеніміз-адамның абыройы,беделі,дәрежесі.Бұның бәрінің ұйытқысы-әдептілік.

Абдисамат:Ендеше,адам өзінің өмір сүру салтын,ғұмыр кешу жолын осы әдептілікке негіздеуі керек.Әдептілік адамның жеке құлқын жолға қояды,оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады.Бұл тұрғыдан алғанда адамдардың қоғамдық өмірі осыған байланысты болып келеді.Яғни,қоғам жеке адамдардың жақсы болуын қалайды.ал,адамды жақсы ететін-әдеп.

2.Әдептілік әліппесі

1.«Сәлем сөздің анасы» деп дана халқымыз бекер айтпаған.

Ендеше үлкен-кішімен сәлемдесу-әдептілік.

2.Жағымсыз қылықтардан аулақ болу-әдептілік.

3. «Тазалық денсаулық кепілі» Ендеше бойды таза ұстау-әдептілік.

4. Ұқыпты,қарапайым,жинақы жүру-әдептілік.

5.Дұрыс тамақтанып әдеттену-әдптілік.

6.Қамқорлық жасау,көмектесу-әдептілік.

7.Бос уақытты дұрыс пайдалану-әдептілік.

8.Жолда жүру ережесін бұлжылтпай орындап,өз өміріңді сақтау-әдептілік

3.Оқы,ой түй,әдепті бол!!!

Олжас: Бір ғұлама тәрбиесі тым бөлек,

Шәкірттердің қарсы алдына бірде кеп.

Түзу сызық сызып қойып тақтаға,

Сынақ болар сұрақ қойды «бұл не?»деп.

Айшабибі: Біреулері: «Бұл бір деген сан»,-деді.

Біреулері «Бәлкім,жалғыз жан…»-деді

Біреулері таяқша деп тік тұрған,

Улап-шулап айтып жатты әрнені.

Зүлзура: Бағанадан болып жатқан құр әлек,

Шәкірттерге тақпай ұстаз кінә көп…

-Білмесеңдер,енді біліп жүріңдер,

-Бір дегенім-баға жетпес бұл ӘДЕП

Айдина: –Деп,ғұлама өзі берді жауабын,

Алла берер айтқан сөздің сауабын.

Бір артынан НӨЛ-ді жазып: «Бұл не?»-деп,

Ұстаз адам тағы қойды сауалын.

Ж.Әділет: Сол болған соң көзі жетіп көргені,

Бәрі бірдей жауап беріп «НӨЛ»! деді

-Жоқ,балалар,БІЛІМ-деді бұл деген,

Таң қалысып қалды бұған сенгені…

Алихан: Нөл артынан нөлді жазып тағы да,

-АҚЫЛ!-деді,керек бұл да жаныңа.

Мұның атын:ӨНЕР!-деді ғұлама,

Тағыда бір нөлді қосып соңына.

Алишер: Біреулері мұның сырын кеш ұғып,

Біреулері қағазына көшіріп

Жатыр еді,алдындағы сызықты,

Өз қолымен тастады да өшіріп…

Айғаным: Ұстаздары: «Не қалды?»деп сұрады,

Ал шәкірттер кейіпке еніп кінәлі,

Кілең нөлдің қалғанына таңданып,

Бірі күліп,бірі іштей жылады.

Шыңғыс: …Көкжиектен бара жатты күн қайтып,

Мұның мәнін түсінеді кім қайтіп?…

Ақыл,білім,өнеріңнің ӘДЕПСІЗ,

НӨЛ екенін ғұлама адам тұрды айтып.

4.Әдептілік маршы

Күн нұрымен таласып,

Ерте тұрып, жадырап

Сәлемдесіп доспенен

Сен сабаққа барасың.

Жақсы оқып Буги-буги

Ұстазыңды құрметте!

Достарыңмен бірігіп,әдеп сақтап.

Буги-буги,жарайсың!

Буги-буги,керемет!

Буги-буги,жақсы!

Буги-буги,буги тамаша!

Үлкендерді сыйлаймыз ,

Ізеттілік көрсетіп,

Кішілерді қорғаймыз

Біздей болып ержетсін!

Әдептіміз Буги-буги

Жақсыны үлгі тұтамыз

Бәрімізде шаттанып қуанамыз,

Буги-буги,жарайсың!

Буги-буги,керемет!

Буги-буги,жақсы!

Буги-буги,буги тамаша!

Біз әдепті баламыз,

Өнегелі боламыз

Тазалықты сүйеміз

Мұнтаздай болып жүреміз

Шынығамыз Буги-буги

Суық сумен жуынып,

Жаттығулар жасаймыз әрқашанда.

Буги-буги,жарайсың!

Буги-буги,керемет!

Буги-буги,жақсы!

Буги-буги,буги тамаша!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше