«Танысу» тренингі
ШҚО, Жарма ауданы,
Қалбатау ауылы,
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия
Мектеп психологы және өзін-өзі тану пән мұғалімі
Рахимбаева Кенжеш Мұқанқызы
Тақырыбы: «Танысу» тренингі
Мақсаты: Оқушылармен тренинг арқылы танысу, әрқайсысымен тіл табысып, оларлы байқау. Оқушыларды әдептілікке, тәрбиелікке үйрету.
Жоспары: 1. Танысу
- Мен өзімді жақсы білемін
- Менің алдыға қойған мақсатым
- гимнастика «КЕЗДЕСУ»
- Сауалнама
- Әдепті бала
- Қорытынды
Керекті құралдар: қалам, А4 беттері, доп
Жаттығу «Танысу»
Шарты: Келген қатысушылар дөңгелек болып отырады. Әр қатысушы өзін таныстырады. (аты- жөні, қай жылы келгенін, сыныбын, үлгерімін) және бір- бірлеріне тілектер айтады.
Жаттығу «Мен өзімді жақсы білемін»
Шарты: Бұл жаттығуда А4 беттеріне жағымды, жағымсыз қасиеттері деп кесте сызады. Уақыт 5 мин. беріледі. Өзінің қасиеттерін жазып, ортаға айтады. Қалған қатысушылар айтқан қасиеттері бойында бар екенін, өз ойларын ортаға салады.
Жаттығу «Менің алдыға қойған мақсатым»
Шарты: Қатысушылар өздерінің алдыға қойған мақсаттарын айтып, сол мақсатқа қалай жету үшін не істеу керек екенін айтады. Уақыт 3 мин. беріледі.
Жаттығу гимнастика «КЕЗДЕСУ»
Шарты: Екі дос көптен бері көріскен жоқ. Екі достың кездесу арманы болған. Ал, енді сендерге тапсырма, мына екі достың кездесуін , елестетіп көрсетулеріңізді сұраймын.
«Сауалнама»
Шарты: Қатысушылар берілген сауалнаманың сұрағына жауап жазу керек.
- Аты-жөні:
- Туған күні
- Жанұя туралы мәлімет
- Ата- анаңды тыңдайсын ба?
- Сенің арманың?
- Сен кімге ұқсағың келеді?
- Бос уақытты қалай өткізесің?
- Мектепішілік іс-шараларға қатысасың ба?
- Сенің досың бар ма?
- Өз сыныбың саған ұнай ма?
- Өз сыныбынан туған күнге кімді шақырғың келеді?
- Қандай іспен шұғылданғанды ұнатасың?
- Қандай іс- әрекетке бейімділігін бар?
Жаттығу «Әдепті сөздер»
Шарты: Сендер бір- бірлеріне допты лақтырып, әдепті сөздер айтуларың керек. (кешіру, рахмет айту, т.с.с)
Содан кейін қатысушылар мағынасын түсіндіреді.
Қорытынды. Әр қатысушы өткен сабаққа қорытынды жасап, өз ойларын және ұсыныстарын ортаға салады. Жүргізуші қатысушылардың ұсыныстарын қабылдап, сабақтың өткен деңгейін қорытындылайды.
