Салауаттылық – өмір салты

Астана қаласы

Қ.Р спорт және денешынықтыру

істері агенттігінің

«Қажымұқан Мұңайтпасұлы

атындағы ОР РММИК» РММ
.

Өзін-өзітану пәнінің мұғалімі
Зікірияева Гүлнар Жарболқызы

Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық – өмір салты

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
  • Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
  • Денсаулықты бағалай білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті баяу музыка үнімен үйлесіп өткізіледі

  1. Үй тапсырмасын қайталау
  2. Әңгімелесу кезеңнде мұғалімнің мақсаты – оқушыларға сұрақтар қою арқылы денсаулық, салауаттылықтың адам өміріне әсері, жалпы адамның өмірлік айқындамасын белгілеудегі маңызын ашу
  • Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?
  • Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
  • Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсыз?
  • «Салауаттылық – өмір негізі» деген ойға көзқарасыңыз қандай?
  1. Шығармашылық жұыс

Оқушыларға Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін оқып, өз ойларымен толықтыру ұсынылады.

Мәтінмен жұмыс

  1. Дәйексөздерді оқу, талдау, мағынасын ашу.

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»

Денсаулық сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін тиянақтап, жинақтау мақсатында оқулықта берілген ақпаратпен танысу.

Дәптермен жұмыс.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

Мұғалімнің сөзі!

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, көздеріңді жұмып, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанып сезініңдер.

Ал, енді көздеріңді ашыңдар.

  1. Топпен ән айту.
  2. Үйге тапсырма.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше