Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ө ткізілген эстафеталық жарыс.
№12 І.Қабылов атындағы орта мектеп
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Досов Қуаныш
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында
өткізілген эстафеталық жарыс.
Сабақтың мақсаты:Балалар арасында қозғалыс ойындары мен салауатты өмір салтын
қалыптастыру. Оқушылардың президенттік тест сынамаларының
дайындықтарын және спорттық білімдер мен дағдыларын
жетілдіру.Оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Құрал-жабдықтары : Доп,кегли,секіртпелер,қап,шығыршық
Команда құрамы: әр сыныптан 5 ұл,5 қыз қатысып,бір топты құрайды
Жарысты бағалау.
Әрбір ойын 5 балды жүйемен бағаланады.Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Жарыс барысы:
- Эстафета
Оқушылар бір-бірлеп кедергілер арасымен жүгіріп эстафета таяқшасын келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Қаппен секіру.Оқушылар бір-бірлеп қаппен секріп,келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Ер балалар шығыршықты біртіндеп кеглиге кигізіп шығады,қыз балалр допты домалатып әр шығыршықтың ішіне салады.Қайтадан бір-бірлеп жинап шығады.
- Эстафета
Ер балалар допты аяғымен барарда кедергілер арасымен алып барып,қайтарда тура допты алып жүру. Қыз балалар барарда кедергілер арасымен секіртпемен секіріп барып,қайтарда тура секіріп қайту.
- Эстафета
Оқушылар допты аяғының арасына салып барарда кедергілер арасымен секіріп барып,қайтарда тура секріп келіп допты келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Бірінші ойыншы жүгіріп ортадағы матаға домалап барып қайтарда тура жүгіріп қайтып,келесі ойыншыға қолын тигізіп,ойынды жалғастыру.
- Эстафета
Ер балалар кеглилерді жинап алып келіп, қыздар кеглиді қайта орнына қойып,ойынды жалғастырады.
- Эстафета
Оқушылар шығыршықпен кедергілер арқылы жүгіріп,бір-бірін тасымалдау.
