Баскетбол ойыны кезінде допты жалғау және қоржын ға салу әдістері
Сактаганов Нұрлан Амангелдіұлы
Дене тәрбиесi пәнiнiң мұғалiмi
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Атырау облысы,Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол ойыны кезінде допты жалғау және қоржынға салу әдістері
Сабақтың мақсаты:
- Допты әріптесіне әр түрлі тәсілдермен беруді дамыту.
- Допты торға орнынан тастау әдістерін меңгерту.
- Осы әдістерді қолданып, эстафеталық ойын өткізу.
Өткізілетін орны: спорт зал.
Керекті құрал-жабдықтар: секундомер.баскетбол доптары, ысқырық, кеглилер.
| № | Сабақ бөлімі | Жеке міндеті | Сабақ негіздері | Уақыты | Әдістемелік ескерту |
| 1 | Дайындық бөлімі | Оқушыларды сабаққа дайындау | Сапқа тұрғызу.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Саптағы жаттығулар. |
10-12 мин | Оқушылардың спорттық киімдеріне, саптағы тұрыстарына көңіл аудару |
| Оқушылардың ағзасын негізгі бөлімге дайындау | Аяқтың ұшымен, өкшемен, сыртымен, ішімен жүру. | 1 айнал-ым | Денені дұрыс ұстауына көңіл бөлу. | ||
| Жартылай және толық отырып жүру, секіру. Еркін жүгіру, оң жақпен, сол жақпен секіру. Аяқты айқастырып жүгіру, артпен жүгіру, еркін жүгіру. | 4-5рет | Денені тік ұстауын қадағалау.Дұрыс тыныс алуын қадағалау. | |||
| Сапта жүріп келе жатып жаттығулар жасау. | Жүрек соғуын қалыптастыру.Қолды жоғары көтеріп, дем алып, еңкейіп, демді шығару.Қолды кеуденің алдында ұстап,қолды сермеу.3,4 санына денені бұрып, құлашты ашу.
Екінші жаққа солай қайталау. Оң қолды жоғары көтеріп,1,2,3,4 санына қолды сермеу, 5,6,7,8 санына сол қолды жоғарыұстап, сермеу.Саусақтарды айқастырып,буынды қозғау. Саусақтарды айқастырып, алақанды алдыға қаратып ұстап, 1,2,3,4 рет алдыға созу. 5,6,7,8 рет жоғары көтеру. Қолды екі жаққа созып, 1-4 санына білек буынын алдыға айналдырамыз. 5-8 санына шынтақ буынын алдыға айналдырамыз. |
4-5 рет
4-5 рет 4-5 рет 30 сек |
Бірнеше рет қайталап, тамыр соғысын бастапқы қалыпқа келтіру.Жаттығуды дұрыс жасауын қадағалау.
Қолдарды дұрыс ұстауын қадағалау Буынды жылдам қозғау. Қолды, буындарды түзу ұстауын қадағалау. Жаттығудың әр буында дұрыс жасауын қадағалау, |
||
| Орнындағы жаттығулар | Бір қол, аяқты кең ұстаймыз. Сол қолды белге қойып, оң қолды жоғары көтереміз, 1-4 санына оңға қарай, 5-8 санына солға қарай иілеміз. Бір қол, аяқты кең ұстаймыз. 1 санына қолды жоғары көтеріп, артқа шалқаямыз. 2 санына қолды аяқтың ұшына тигіземіз. 3 санына отырамыз 4 санына тұрамыз | 4-5 рет | Тереңірек иілуді талап ету
Алдыға еңкейгенде тізені түзу ұстауды қадағалау, Артқа тереңірек шалқаю |
||
| Жұптасып істеу жаттығулары | Бір қатар шұғыл бұрылады да, оқушылар біріне –бірі қарама – қарсы тұоады. Бір- бірінің иығынан ұстап төмен басады. Осы қалыпта тұрып, аяқтарын алма-кезек көтереді.Оқушылар бір-бірінің қолын алып, алма-кезек қолдарын итереді. Оқушылар бір-біріне арқаларымен тұрып, қолдарын айқастырады да, 1,2,3 санына біреуі, 4,5,6 санына екіншісі көтереді. | 4-5 рет
4-5 рет 5-6 рет |
Қолдары түзу болуын және арқаны түзу ұстап, тізені бүкпеуді қадағалау.Аяқтарды алмастырғанда түзу созылу керек.
Күштерін қолдары мен аяқтарына бірдей түсіру қажет. Екеуінің дұрыс жасауын қадағалау. |
||
| Секіру жаттығулары. | 1-4 ке дейін оң аяқпен 5-8 ге дейін сол аяқпен, 9-12 ге дейін екі аяқпен бірге секіру. | Асықпай секіруді және аяқтың ұшымен секіруді қадағалау | |||
| 2 | Негізгі
бөлім |
1. Допты орнында тұрып, әртүрлі тәсілдермен серіктесіне беруді дамыту. | А) Допты екі қолмен кеуде тұсынан беру.
Ә) Допты екі қолмен бастан асырып беру. Б)Допты серіктесіне жерге соғып жеткізу. |
28-30 мин | Допты дұрыс ұстауларын қадағалау және көрсету.
Допты дұрыс беруін қадағалау.Допты серіктесіне бергенде, доп серіктесіне бір қадамдай жетпей жерге тию керек. |
| 2. Допты қозғалыста серіктесіне беруді дамыту. | А) Допты қозғалыста серіктесіне беру
Ә)Допты қозғалыста бастан асырып беру. Б)Допты қозғалыста серіктесіне жерге соғып жеткізу. |
Допты лақтырғанда кеудеден шамалы доға жасап,толық жазылады. Допты серіктесіне қозғалыста дұрыс беруін қадағалау.Доп саусақтардың белсенді қимылымен серпіледі. | |||
| 3. Допты орнында торға тастауды дамыту. | А) Допты торға кеудеден тастау.
Ә) Допты торға бастан асырып тастау. Б) Допты торға бір қолмен тастау. |
Допты кеуде тұсынан лақтыру үшін тізе бүгіліп, допты кеудеде қос қолмен ұстап, тізені түзеу, қол кеудеден шамалы доға жасап түзеледі. Допты екі қолмен бастан асырып, торға лақтыру. Орта қашықтық қолданылады.
Мұнда бүгілген тізені тіреумен, бір мезетте қол алға қарай жазылып, доп торға бағытталады. |
|||
| 4. Осы әдістерді қолданып, эстафеталық ойын ойнау. | А) доппен кегилердің арасынан жүріп өту
Ә) Допты торға тастау Б) Доппен қайту және белгіленген жерден серіктесіне беру. Г) Допты жерге соғып бару,келерде қолына ұстап қайту. |
Доппен дұрыс жүруін қадағалау. Допты торға дұрыс тастауларын қадағалау.
Белгіленген межеде әр тәсілмен серіктесіне доп дұрыс жеткізілуін қадағалау |
|||
| 3 | Қорытынды бөлім | Жүрек соғысын қалпына келтіру. | Сапта тұру. Саптағы жаттығулар қателерін көрсету.Үйге тапсырма | 3 мин | Көңіл аудару жаттығулары.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту,бағалау. |
Дене тәрбиесi пәнiнiң мұғалiмi: Сактаганов Н.А.
