Сайыс сабақ Сиқырлы өрнек
- Маңғыстау облысы
- Ақтау қаласы
- «мектепке дейінгі шағын
орталығы мен гимназия
сыныптары бар № 9 жалпы
білім беру орта мектебі» ММ
- технология пәнінің мұғалімі
- Бегалиева Назира Пазыловна
Сайыс сабақ
Сиқырлы өрнек
Мақсаты:Қолөнер түрлері туралы мәлімет беру,
дүниетанымын байыту, қолөнерге деген
құштарлығын арттыру, қолөнерді
қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: буклеттер, қолөнер бұйымдары, нақыл сөздер.
Кіріспе.
«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» -дейді халық. Адам баласы ертеден тұрмыста қолөнер түрлерін қолданған. Қолөнер бабалардан қалған асыл қазына. Осы асыл қазынаны жоғалтпай әрі қарай жалғастыру біздің міндетіміз, парызымыз.
Оқушылар 4 орталық бойынша ой қозғап сайысқа түседі, әр орталықта 5 тапсырмадан беріледі және әр орталық өз ұпайларымен бағалап отырады.
Сайысқа қатысатын оқушылармен таныстыру:
І. «Пікір алысу» орталығы. Сұрақ-жауап. Ұяшық таңдау.
1-ші ұяшық 10 ұпай
2-ші ұяшық 20 ұпай
3-ші ұяшық 30 ұпай
4-ші ұяшық 40 ұпай
5-ші ұяшық 50 ұпай
1-ші ұяшық Қандай қолөнер түрлерін білесіңдер? Ұлттық
сұрағы: қолөнер бұйымдарын ата.
Жауабы: Құрақ құрау, тоқыма тоқу, ою-өрнек ою, кесте тігу, бисермен кестелеу, бисермен тоқу және т.б.
Ұлттық қолөнер бұйымдары:
текемет, құрақ көрпе, тұскиіз, сырмақ, алаша және т.б.
2-ші ұяшық Кесте қандай жіппен тігіледі? Кесте тігуде кең сұрағы: тараған тігіс түрі.
Жауабы: Кесте мулине жіппен тігіледі. Кең тараған айқас тігіс.
3-ші ұяшық Бисер дегеніміз не? Кестелеуге қолданылатын
сұрағы: түрлері.
Жауабы: Бисер ортасында тегісі бар ұсақ моншақ. Стеклярус – ұзын түтікше. Рубка – қысқа түтікше.
4-ші ұяшық Ою-өрнек мән-мақсатына қарай қанша топқа
сұрағы: бөлінеді? Топтарды ата.
Жауабы: Ою-өрнектер 4 топқа бөлінеді:
- Өсімдік тектес оюлар.
- Жан-жануар, аң-құс, тектес оюлар.
- Геометриялық пішіндегі оюлар.
- Аспан әлеміне арналған оюлар.
5-ші ұяшық Ою ұғымы мен өрнек түсінің мәні.
сұрағы:
Жауабы: Арқар мүйіз – жағымсыздықтан қорғайды.
Ит құйрық – жас сәбиге көз тимеу үшін салынады.
Қаз мойын – сұлулық пен сәндік белгісі.
Түйе табан – бақыт, махаббат белгісі.
Бұғы мүйіз – байлық пен күштің белгісі.
Құс қанаты – жастарға арналған белгі.
Тұйық ою – достық, бақыт, мәңгілік белгісі.
Көк түс – аспан.
Ақ түс – қуаныш, бақыт.
Сары түс – білім, даналық.
Қызыл түс – күн.
Жасыл түс – жастық, көктем.
Қара түс – жер, береке.
ІІ. «Ғылым» орталығы. Ғылыми термин атауын табу. Әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.
1 тапсырма Ою-өрнекпен әсемдеу, әшекейлеу деген халықаралық термин.
Орнамент.
2 тапсырма Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру.
Композиция.
3 тапсырма Ою-өрнектің екі жағының бірдей болуы.
Симметрия.
4 тапсырма Ою-өрнек бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, үйлесіп жарасым табуы.
Колорит.
5 тапсырма Ою-өрнекті бір элементтің қайталанып отыруы.Ритм.
ІІІ. «Маржан сөз» орталығы. Мақал-мәтелдің жалғасын табу. 10 ұпаймен
бағаланады.
1-ші мақал Өнерлі баланың он саусағы тең,
жалғасы: Өнерсіз баланың бір саусағы кем.
2-ші мақал Қыз еркем, кестесімен көркем,
жалғасы: Ұл еркем, өнерімен көркем.
3-ші мақал Алтын балдақ – қол сәні,
жалғасы: Әшекей кесте – тон сәні.
4-ші мақал Ата көрген оқ жонар,
жалғасы: Ана көрген тон пішер.
5-ші мақал Өнерлі бала елдің көркі,
жалғасы: Үкілі қамыс көлдің көркі.
IV. «Шебер қолдар» орталығы. «Інжу маржан» атты балалар шығармашылық
байқауына дайындап келген қолөнер бұйымдарын көрсету.
V. Сайысты қорытындылау.
| Орталықтардан
алған ұпайлары Сайысқа қатысушылар аты-жөні |
«Пікір алысу» орталығы | «Ғылым» орталығы | «Маржан сөз» орталығы | «Шебер қолдар» орталығы | Қорытынды ұпай |
VI. Жеңімпаздарды марапаттау.
Бас жүлде
1-ші орын
2-ші орын
3-ші орын
VII. «Шебер қолдар» орталығынан жоғары ұпай алған оқушылардың қолөнер жұмыстары қалалық «Інжу маржан» атты балалар шығармашылық байқауына жіберіледі.
