Жаңа педогогикалық технологияны меңгеру-заман т алабы

Жамбыл облысы Талас ауданы

Қаратау қаласындағы

А.С. Пушкин атындағы орта мектебі

Математика пәні мұғалімі Маметова Клара

Жаңа педогогикалық технологияны меңгеру-заман талабы

Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: «Жаңа педогогикалық технологияны меңгеру-заман талабы» – деп атадық.

Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:

  1. Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
  2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
  3. Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
  4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберліг іарқылы құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
  • Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

  • Дүниетаным қабілеті жоғары;
  • Дарынды, өнерпаз;
  • Іздемпаз, талапты:
  • Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін –дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Ең бiрiншi кезекте мұғалiмнiң «өзiндiк жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендiруде өз үлесiн қосу арқылы жасаған нәтижелi жұмысы өзгелердiң тәжiрибесiн толық көшiрмей, жаңа ортаға икемдеп, өзiндiк iс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткiзу керек.
Жинақтай айтсақ, ол – оқыту методикасына әдiсiне жаңа элементтер ендiру, оның нәтижелегi арқасында уақытты тиiмдi пайдаланып, сапалық биiкке көтеру. Мұғалiм – оқушы арасындағы жаңа, өзiндiк педагогикалық ынтымақтастық жолдарын табу, дарынды, уақытша үлгiрiмi төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жаңа әдiстерiн өндiру.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, Интерактивтік оқу технологиясы деп -оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен сараптаушыларды дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл жағдайлар, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді. Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара талқылайды.

Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.

Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын барысында туындаған қиындықтары, ой-пікірлері туралы әңгімелейді.

Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқулықтар, топ – топ, топ – оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламалық – технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқыту сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттақ сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электорондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты…

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, –

деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

Жаңа педогогикалық технологияны

меңгеру-заман талабы

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: МАМЕТОВА К

Сайтқа сабақ жариялау «Сертификат»

Жамбыл облысы Талас ауданы

Қаратау қаласындағы лицейдің

бастауыш сынып мұғалімі

Жусипова Мадина

Сабақтың тақырыбы:«Құстар қалай өсіп-өнеді?»

Сабақтың мақсаты:

  1. Құстардың көктемдегі тіршілігі, олардың көбеюі туралы білімдерін толықтыру.
  2. Оқушылардың білімді жаңа жағдайда қолдана білуге дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын дамыту.
  3. Оқушылардың қоршаған орта табиғатын қорғауға үйрете отырып, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тест, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар, сабаққа дайынбыз ба?

Бізде қазір қандай сабақ?

Дүниетану сабағы бізге нені танып білуді үйретеді?

Бәріміз орнымыздан тұрып:

Табиғатты қоршаған

Меңгеруді қалайды

Осының бәрін білдірген

Дүниетану сабағы.

ІІ Өткенді пысықтау.

Балалар, өткен сабақта сіздерге үйге қандай тапсырма беріліп еді?

  • «Құстардың алуан түрлілігі.»

Құстардың қандай түрлерін білеміз?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

6 оқушыға тест жұмысы таратылады. Өткен сабақ бойынша.

(слайдта мәтінде берілген құстар суреттері шығып отырады.)

Тапсырмалар.

Тақтадан қыранның суретін үлкейтіп көрсет.

Бұлбұл қандай құс? Тақтадан даусын шығар.

Үкіні үлкейтіп даусын шығар.

Бозторғайдың даусын шығар.

Балалар біз қазір қандай тараудың мәтіндерін оқып жатырмыз?

-Жануарлар деп аталатын тараудың мәтіндері.

Жануарлардың көптеген топтарға бөлінетінін білеміз.

Тақтада сіздерге бірнеше жануарлар берілген. Осы жануарлардың тиісті топтарын анықтап, неге ол топқа жататынын дәлелдеп, тексеруіміз керек.

(слайдта тасбақаның, құрбақаның, сазанның жылқының, аюдың көгершіннің суреттері тұрады. Астында жануарға тиісті тобының атауы жасырынған.)

(Жылқының, құрбақаның, көгершіннің дауыстарын шығарамын.)

Балалар, бұл жануарлар қайда өмір сүреді?

– Табиғатта.

Олай болса осы жануарлардың табиғаттағы бейнесін деректі фильмнен тамашалайық.

Деректі фильм ұнады ма?

Осы деректі фильмде қанатта жануарлар кездесті ме? Қанатты жануарларға қандай жануарлар жатады?

ІІІ Жаңа сабақ

Олай болса, дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің ретін жазып, жаңа сабақтың тақырыбын жазып қойыңыздар.

Яғни, жаңа сабақтың тақырыбы: Құстар қалай өсіп – өнеді?

Балалар, мен сіздерге, өткен сабақта Қазақстанда тіршілік ететін құстар туралы ізденіп келіңіздер деген болатынмын. Іздендіңіздер ме? Қазақстанда тіршілік ететін құстар туралы не білдік?

(Оқушылардың жинаған мәліметтерін тыңдау)

Балалар, біздің елімізде көбінесе мекендейтін жыл құстары. Оны сіздер өткен сабақтан білесіздер. Қазір мен сіздерге, «Жыл құстары» деп аталатын мәтін оқйып беремін.

Жыл құстары

Күн жылынып, жәндіктер жер бетіне шықты. Жыл құстары да ұшып келді. Құстар ұя салып, жұмыртқа баса бастады. Жұмыртқаны жарып, балапандар да пайда болды. Құстар балапандарына қорек іздеп, құрт-құмырсқаларды аулап жүр.

Көкшымшықтың бес балапаны бар. Ол балапандарын күніне 600 рет қоректендіреді. Сонда әр балапанға 120 үлес тамақ, яғни 40 таңертеңгі ас, 40 түскі ас, 40 кешкі ас тиеді екен.

Мәтін түсінікті болды ма?

(Тақтада берілген сұрақтарға жауап беріп, дұрыстығын тексеру.)

Көкшымшықтар немен қоректенеді екен?

  • Жәндіктермен, құрт-құмырсқалармен

Олар қандай пайда келтіреді?

  • Өсімдіктерді зиянды заттардан қорғайды.

Оларға қандай қамқорлық жасауымыз керек?

  • Ұя салып, төніп тұрған қауіптен қорғауымыз керек.

Ал енді балалар, білімімізді одан әрі толықтыруымыз үшін оқулықтағы мәтінмен танысайық.

Балалар, бізде мәтін үлкен болғандықтан сіздерді 3 топқа бөлемін. Әр топ өзіне берілген тапсырманы мәтіннен тауып оқып, қысқаша мазмұнын түсіндіреді.

1-топ. Көктемдегі құстардың ұя салуы туралы

2-топ. Қоқиқаз туралы

3-топ. Көкек туралы

(Оқушылардың тапсырманы орындауы)

(Тапсырма орындалып жатып, слайдтан мәтіннен оқылған құстар суреттері шығып отырады.)

Балалар, яғни кез-келген құс жыл сайын ұя салып, балапан ашады екен. Сондықтан да құстарға тиісуге болмайды. Егер де сіздер кездей соқ ұя маңында жүрсеңіздер, сіздерді көрген құстар қайтып өзінің ұясына жолай алмай қалады. Оның жұмыртқалары суып кетеді. Жұмыртқа суып кетсе, балапандар өліп қалады. Балапан жұмыртқадан өнуі үшін, жұмыртқа бірқалыпты жылылықты ұстап тұруы қажет. Ұяда жатқан жұмыртқаны ұстауға болмайды.Өйткені одан кейін құс жұмыртқасына жоламай кетеді.

Кез-келген уақытта құстарға қамқор болу қажет. Оларды үнемі қоректендіріп, жемшашарға жиі жем салып тұру қажет екен.

Сонымен, сұрақ-жауап әдісіне көшейік:

(Сұрақтар слайдтан шығып отырады)

  1. Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
  • Көктемде құстар түрлі материалдардан ұя салады, жұмыртқа басып балапан шығарады.
  1. Қандай құс балапан басып шығармайды

Көкек

  1. Құстарды қалай қорғауға болады?
  • Ұя салу, жем шашу, су беру т.б.
  1. Құстардың адамға тигізер пайдасы бар ма? Орман емшісі деп қандай құсты айтамыз? Себебі неде?

Ал енді балалар, дәптермен жұмыс жасайық.

«Мен құстарды қорғаймын» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.

(Көмекші ретінде тақтадан суреттер беріледі.)

(Оқушылардың пікірін тыңдау.)

IV. Сабақты қорыту.

Сонымен, құстар қалай өсіп – өнеді?

(Слайдтан берілген суреттерді нөмірлеу.)

Сабақ ұнады ма?

V. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

VI. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше