Литосфера және оның даму заңдылықтары

Сабақтың тақырыбы: Литосфера және оның даму заңдылықтары

1-сабақ

Сабақтың мақсаты: Литосфера және литосфералық тақталар туралы білімдерін тереңдету;

Материктік және мұхиттық жер қыртысы арасндағы айырмашылықты анықтау;

Жер қыртысындағы жүретін тектоникалық қозғалыстардың жүру ерекшеліктеріне

Салыстырулар жасау арқылы оқушылардың танымдық деңгейін дамыту;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,түсіндіру,сұрақ-жауап;

Сабақтың көрнекілігі: Слайд,карта, жұмыс дәптерлері,стикер, флипчарт,МАН

Сабақтың жүрісі: Жаңа материалды меңгеру

Жаңа материалды бекіту

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақ:

Оқушылар! Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің білім саласына енуі сіздердің танымдық көзқарастарыңыздың дамуына бірден-бір ықпал ететіні сөзсіз.Сол жаңа әдіс-тәсілдердің ең оңтайлы қырларының бірі топтастыру болып табылады.олай болса,сабағымызды топтастырудан бастайық.

Топтастыруды әр континенттерде орналасқан қалалар арқылы жүргізейік.

1-топ: Мәскеу,Мадрид,Ташкент,Рим,Лондон (Еуразия материгі бойынша)

2-топ: Каир, Алжир,Кейптаун,Рабат,Найроби

3-топ: Сан-Паулу,Рио-де-Жанейро, Монтевидео,Каракас, Бразилиа

4-топ: Оттава,Монреаль,Вашингтон,Чикаго,Филадельфия

Уақыты-1 минут

Алдымен сіздерден топ ережесін жасау сұралады.Әр топ өздерінің топ ережесін ұсынады да,содан соң топ басшысын сайлайды.

Уақыты-2минут

Әр топқа сонымен бірге бағалау бетшесі таратылады.

Топтастыру стратегиясы. Ой қозғау.

Барлық топтарға: Литосфера туралы ассоциация

Әр топ литосфера туралы айтып шығады.

Уақыты-1минут

Интербелсенді тақтаға оқушылардың литосфера туралы білгендерін жазу(мұғалім)

Слайдпен жұмыс:Оқушыларға литосфера туралы мағлұмат беріледі.

Литосфера-жер шарын салыстырмалы түрде жұқа,біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Литосфера және оның заңдылықтары.

Уақыты-2минут

1-тапсырма: ББҮ стратегиясы

Оқушыларға ББҮ кестесі таратылады.Оқушылар ББҮ кестесімен жұмыс жасайды.(2-минут)

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Бұрынғы білетіндерін еске түсіріп жазып шығады Сабақ барысында әр оқушы 2-сұрақ көлемінде сұрақтар жазады. Сабақ соңында жазып толтырады

Берілген уақыт аяқталды.

Білемін бағаны бойынша; Әр топтан бір-бір оқушыдан сұралап,пікірлері тыңдалады.

Білгім келеді бағаны бойынша; Әр топтан бір-бір оқушыдан сұралып,пікірлері тыңдалады.

Слайдпен және литосфералық тақталар картасымен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім толықтырулар жасайды.(слайд) Қалқан карталарымен жұмыс

2-тапсырма:Оқулықтағы мәтінмен жұмыс .

Жеке жұмыс :топтағы оқушылардың мәтінді оқып шығуы сұралады.

Уақыт көлемі- 3минут

Жұппен жұмыс: Мәтін бойынша нені меңгергендерін жұпта талқылайды.

Уақыт көлемі- 1,5 минут

Одан әрі топтық жұмысқа жалғасады. Постер дайындау

Уақыт өлшемі-3минут

1-топ: Литосфера және литосфералық тақталар;

2-топ: Литосфералық тақталар қозғалысы;

3-топ: Материктік және мұхиттық жер қыртысы;

4-топ: Ежелгі платформалар мен геосинклинальдар аумағын да өтетін қозғалыстар әсерінен пайда болатын жер бедерінің формалары;

Постер қорғау Уақыт көлемі әр топқа 1,5 минут

Сергіту сәті:2-минут

Сабақ барысында меңгергенімізді Үйрендім кестесіне түсіреміз.

Оқушылар бүгінгі сабақ барысында бұрын кездеспеген қандай терминдермен таныс болдыңыздар?

Интербелсенді тақтаға жазып қоямын (Суреттерімен)

Қазір сол жаңа ұғымдар мен термин сөздеріңізді дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу; Глоссарий құрастыру

Сабақ барысындағы жаңа ұғымдарды жазып,анықтамасын түсіреді.

Сабақты бекіту:

Интербелсенді тақта арқылы ВЕНН диаграммасымен жұмыс.

Материктік және мұхиттық жер қыртысының ұқсастығы мен айырмашылығын бейнелеу

Уақыты-1, 5 минут

Бағалау-1минут

Топ басшысының бағалауы. Қалай бағаланғаны туралы сұралады.

Оқушылардан бағалау бетшесін жиналады.

Үйге тапсырма: 1.Эссе

Тақырыбы: Жер қыртысының қалыптасуы мен дамуы жайлы тұжырымдамалар.

2.Тақырыпты меңгеру

Рефлексия

«Екі жұлдыз ,бір тілек»

Сабақтың соңы

2-Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары

Сабақтың мақсаты: Жер бедері мен оның алуантүрлілігі,олардың қалыптасуы мен дамуы,өзгеруі

туралы білімдерін кеңейту;

Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер туралы алған

білімдерін стратегиялар арқылы өз бетімен жаңа білімдерімен ұштастыру;

Ішкі және сыртқы күш әсерлері мен олардың әрекеті нәтижесінде қалыптасқан

жер бедерінің ірі формаларын нақты мысалдар арқылы сипаттау,салыстыру,ой

қорыту арқылы танымдық деңгейін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларытүсіндіру,сұрақ-жауап;

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, слайд, дүниежүзінің физикалық картасы, жұмыс дәптерлері,стикер,

флипчарт

Сабақтың жүрісі: Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа материалды меңгеру

Жаңа материалды бекіту

Үйге тапсырма беру

Бағалау

Топтарға бөлу. Түрлі-түсті конфеттермен бөлу

Уақыты-1минут

Психологиялық ахуал орнату(слайдтан гүлдер топтамасын көрсету ) МУЗАРТ тобы

Уақыты-2минут

Оқушылар! Сабақты сәтті өткізулеріңізге тілектеспін.

Үй тапсырмасы:

Бағалау бетшесі таратылады.

Ой толғау: Жер қыртысының қалыптасуы мен дамуы жайлы тұжырымдамаларды қалай негіздеуге

болады?

1-топ: тұжырымы

2-топ: тұжырымы

3-топ: тұжырымы

4-топ: тұжырымы

Топ мүшелерінің пікірлері тыңдалады.

Пікірлер бағаланады.(смайликтермен)

Уақыты– 5 минут

Жаңа сабақ.

Бейнеролик (Ішкі және сыртқы күш әрекеті) –4 минут

Миға шабуыл стратегиясы:

Бейнеролик арқылы не көрдік? Оқушылар ой-пікірлерін тыңдау.

Уақыты –3минут

1-слайд Жер бедерінің қалыптасуы туралы мұғалім түсіндірмесі. Ішкі және сыртқы күш әрекеті туралы білімді түйіндеу.

Дүниежүзінің физикалық картасы арқылы жер бедерінің ірі формаларын көрсету.

Уақыты- 2минут

ИНСЕРТ стратегиясы

Дәптерге мәтін бойынша кілт сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлемді жазып алу.

Мұғалім интербелсенді тақтаға оқушылардың кілт сөздерін жазып шығады.

Уақыт көлемі-5 минут

Оны топта талдаймыз.

Уақыт көлемі-2 минут

Топ пікірін ортаға салу Топтық жұмыс (берілген сурет үлгілері бойынша)

Уақыт көлемі- 4 минут

1-топ: Ішкі күштер әрекеті

2-топ: Сыртқы күштер әрекетіндегі жел, ағын су әрекеті

3-топ: Сыртқы күш әрекетіндегі мұздықтар әрекеті

4-топ: Жерасты суларының әрекеті

Жеке жұмыс: Семантикалық карта

Тапсырма түрі үңгірлер Тау түзілу мен тербелмелі қозғалыстар Физикалық және химиялық үгілу эолды карст Трогты аңғар
1 Ішкі күш

әрекеті

2 Сыртқы күш әрекеті
3 Жел әрекетінен қалыптасқан жер бедерінің пішіні
4 Карст пішіндерінің ішіндегі ең кең тарағаны
5 Таужыныстарының суда еру процесі
6 Тау мұздықтарының әрекетінен пайда болатын жер бедерінің пішіндері

Уақыты– 2 минут

Оқушылар жауаптарын тыңдау

Уақыты-2 минут

Сабақты бекіту: ВЕНН диаграммасы

Бағалау

Уақыты-1минут

Үйге тапсырма: 1.Маңғыстау өңірінің жер бедеріне тән сыртқы күш әсерінен түзілген жер бедерінің

формаларының сипатын жазу, ой-тұжырымдар дайындау. ,

2.Тақырыпты меңгеру.

Уақыты-1минут

Рефлексия

«Екі жұлдыз ,бір тілек»

Сабақтың соңы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше