Электр құбылыстары, электр заряды тарауын қайтал ау сабағы (8сынып)

Сабақтың тақырыбы: Электр құбылыстары, электр заряды тарауын қайталау сабағы (8сынып)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Электр құбылыстары, электр заряды, электр өрісі тақырыптарын ойын түрінде қайталату, тарау бойынша білімдерін бекіту, пысықтау.

2.Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттыру, алған теориялық білімдерін практикада ұштастыра білу.

3.Тәрбиелік. Оқушыларға ұжыммен жұмыс жасауды үйрету, достық қатынастарын қалыптастыру, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Оқыта үйрету ойындары сабағы, бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: эбонит, шыны таяқшалар, электроскоп, жібек, тері материалдар, слайдтар, султандар, электростатикалық машина, шарлар салынған қоржын, фишкалар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру, оқушыларды 3 топқа бөлу, өз капитаны мен атауы болады.

«Бақытты сәт» оқыта үйрету ойыны түрінде сабақты жүргізу.

I гейм. «Бой сергіту».

Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Сұрақтар қоржыннан таңдап

алынады.

  1. Неліктен эбонит теріс, ал шыны оң зарядталады?
  2. Аттас және әр аттас зарядтардың әрекеттесуі.
  3. Электроскоп деген не?
  4. Электроскоппен қалай жұмыс істеуге болады?
  5. Өткізгіштер мен өткізбейтіндерге не жатады?
  6. Атом моделін ұсынған кім?
  7. Атом неден тұрады?
  8. Оң және теріс заряд қалай пайда болады?
  9. Неліктен атом заряды жағынан бейтарап?
  10. Кулон заңы.
  11. Электр өрісінің кернеулігі деген не?
  12. Оң және теріс зарядтардың күш сызықтары қалай бағытталады?
  13. Потенциал деген не?
  14. Кернеу қандай шамаларға тәуелді?
  15. Конденсатор деген не

II гейм. «Формулалар сыр шертеді».

Электр өрісі тарауында өткен барлық формулаларды талдап, түсіндіріп беру керек.

F = k*q1*q2/ r2; E = k*q0/ r2; U = A / q = φ1- φ2;

C = q / U; C = ε* ε0*S / d; A = q*E*d

E = F / q; U = E*d; φ = Ep / q;

III гейм. «Жұмбақтас».

Тарауды өтуде пайдаланылған тірек-сызбаларды түсіндіріп беру. Алдын-ала дайындалған слайдтар, анимациялар экраннан көрсетіледі.

I топ «Электростатика», «Атом құрылысы».

IIтоп «Кулон заңы», «Электр өрісі».

III топ «Электр өрісі кернеулігі», «Потенциал».

IV гейм. «Сен – маған, мен – саған».

Әр команда физикалық эксперимент жасап көрсетеді және неліктен бұл құбылыс болатынын түсіндіреді.

Эксперимент жасауда пайдаланылатын құралдар: электростатикалық машина, эбонит , шыны таяқшалар, жібек, тері материалдар, султандар, электроскоп, гильзалар.

V гейм. «Көмекке ұмтылу».

Командаларға түрлі есептер беріледі. Есептерді топтасып бір-біріне көмектесіп шығарады.

№1. 10нКл және 16нКл зарядтар бір-бірінен 7мм қашықтықта орналасқан. Кіші зарядтан 3мм және үлкен зарядтан 4мм қашықтықтағы нүктеге орналасқан 2нКл зарядқа қандай күш әсер етеді?

№2. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі. Әр шардағы «артық» электрондардың санын табыңдар.

№3. Екі бұлттың арақашықтығы 10 км. Электр зарядтары сәйкесінше 10 және 20 Кл. Олар қандай күшпен өзара әрекеттеседі?

№4. Сутегі атомының электроны 0,5*10 -10м радиуспен айналып жүр. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар.

№5. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын 2 есе азайтса, ал олардың арақашықтықтарын 3 есе кемітсе, конденсатор сыйымдылығы неше есе өзгереді?

№6. Жазық конденсатор пластиналарының әрқайсысының ауданы 200см2, ал олардың арақашықтығы 1 см. Егер өріс кернеулігі 500 кВ/м болса, өріс энергиясы қандай болады?

Бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа 1 фишкадан беріліп отырады. Фишкалар бір түсті. 1 фишка-1балл болып есептеледі.

Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Үй тапсырмасы: Тарау бойынша тест жұмысына дайындалып келу.

«Жылу құбылыстары» тарауын қорытындылау

8-сынып

Әр сабағын өткізгенде мұғалім оқыту әдістері мен сабақ түрін дұрыс таңдай білуі керек. Сондай-ақ салт-дәстүрімізде де ғылым негізі жатқандығын жеткізе білуіміз қажет. Физика кабинетінің құрал-жабдықтарының жетімсіздігі кезінде халықтық педагогикаға жетімсіздігі кезінде халықтық педагогикаға және өлкеміздің мүмкіндіктеріне сүйенгеніміз дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан да осы сабақ жоспарымды толық та, тиянақты етіп ұсынып отырмын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше