Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының формуласы.

Саржанов Алпысбай Сабитович

Астана қаласы

№63 орта мектебі

Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының формуласы.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының формуласын түсіндіріп , білімдерін тереңдетіп, жүйелеу. Есептер шығарту арқылы білім, білік, дағды негіздерін қалыптастыру.

2. Ізденушілік, логикалық ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін, шығармашылық ойлау әрекеттерін, танымдылығын дамыту.

3. Ой еңбегіне баулу, өз бетімен жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Қайталау сұрақтары:
1.Сан тізбегі дегеніміз не?

2. Сан тізбегінің берілуінің қандай тәсілдерін білесіңдер?
3.Қандай сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды?

Оның айырмасы деген не?
4.Арифметикалық прогрессияның қасиеті, п – ші мүшесінің формуласы.
5.Геометриялық прогрессия деген қандай сандар тізбегі? Оның еселігі.
6. Геометриялық прогрессияның қасиеті, п – ші мүшесінің формуласы

7. Геометриялық прогрессиялар туралы аңыз ойын?
8. -18, -14, -10 арифметикалық прогрессия берілген. Бірініші оң таңбалы мүшесінің нөмірін айтыңыз
9.Прогрессия сөзі қай тілден енген, қандай мағынаны береді?
10.Геометриялық прогрессияға мысал бола алатын ойын, ол кай елде болған?
11.“Бала кезінде 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын бірден тапқан неміс математигі? Ол қосынды неге тең?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Арифметикалық прогрессияның қосындысының формуласын қорытып шығару.

IV. Оқулықпен жұмыс №251.259

V. Деңгейлік тапсырмалар:
1.Арифметикалық прогрессияның а1=-2, d=3 болса, а6 тап. Жауап:13

2. Арифметикалық прогрессияның а1=-3, а2=-6 болса, а25 тап. Жауап: -75

3. Геометриялық прогрессияның в1 =-12, в2=24 болса, q тап. Жауап :-2

4. Арифметикалық прогрессияның а1=5, а6 =15 болса, S6 тап. Жауап:60

5. Геометриялық прогрессияның в1=1, в2 =6 болса, S3 тап. Жауап: 43

6. Геометриялық прогрессияның в1=5, q=2 болса, b5 тап. Жауап: 80

7. Геометриялық прогрессияның в1 =9, в4=72 болса, S4 тап. Жауап: 135

8. Арифметикалық прогрессияның а6=23, а11=48 болса, а1 тап. Жауап: -2

9. Геометриялық прогрессияның b1=-17, b2=51 болса q тап.

10. Арифметикалық прогрессияның a1=-3, a2 =-5 болса a25 тап.
11. Арифметикалық прогрессияның a5=33, a7=49 болса a6 тап.

V.Сабақты бекіту тест тапсырмасы

жауап

есеп

1 2 3 4 5 6
Ариф.прог

а1 = 3 d = 5

a10 = ?

48 50 49 52 54 56
Ариф.прог

а1 = 5 a6 = 15

S6 = ?

54 56 60 62 64 66
Ариф.прог

а1 = 6 d = 2

S8 = ?

70 80 100 104 106 108
Ариф.прог

S3= 51

d = – 3

а1 = ?

30 28 22 21 20 18
Ариф.прог

d = -10 n =11

а1 = 110

Sn= ?

600 660 700 750 800 900

1.Үйге тапсырма:№253;№258
Бағалар:

Саржанов Алпысбай Сабитович

Астана қаласы

№63 орта мектебі

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығартып. Теңдеуді теңбе – тең түрлендіріп, ықшамдай білуге үйрету
Білімділігі: Оқушыларды есепті шапшаң шығаруға баулу. Тақырып бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру, математика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге үйрету.
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік бөлімнен тұрады
1. Оқушылық деңгей (Сұрақтар «Қыз қуу»)
2. Алгоритмдік деңгей (Есептер «Теңге ілу»)
3. Эвристикалық деңгей (Ойын Көкпар. Қол күрес.)
4. Шығармашылық деңгей ( Бәйге)
5. Сергіту сәті 6.Қорытынды, сабақты бекіту
7. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Негізгі бөлім

Сабақтың түрін таңдау үшін сөзжұмбақ шешіп «Қайталау» сөзін шығару.

1.Қ
2. А
3. Й
4.Т
5. А
6. Л
7. А
8. У

Сұрақтар:

  1. Бас бармақ пен ортаңғы саусақ арасындағы өлшем. (қарыс)
  2. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сан. (натурал)
  3. Қазіргі кезде жаңа сипат алып, теледидардан көріп жүрген ауыз әдебиетінің түрі. (айтыс)
  4. Оқушылардың білімін тексеру түрі. (тест)
  5. Ешкі төлі. (лақ)
  6. Бір жағы шектелген түзудің бөлігі. (сәуле)
  7. Ең сүйікті жан. (ана) 8. Арифметикалық амал. (қосу) Сонымен бүгінгі сабағымыздың түрі бекіту, қайталау сабағы.

І саты «Міндетті оқушылық» саты (Ауызша сұрақтар) «Қыз қуу»

1.Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп айтамыз?
2. Қандай теңдеулер міндес теңдеулер деп аталады?
3.Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
4.Егер а=0, бір айнымалыс бар теңдеудің түбірі қалай болады?
ІІ саты «Алгоритмдік саты» «Теңге ілу»
«А» -тобы 1. 3,4x – 4 = 4,8 – x

«В» -тобы 8у – 3(2у -3)=7у -2(5у =8)

«С» -тобы 123456789 =100 сандарының ортасына арифметикалық таңба қойып, жұз санын шығарыңдар (123-45 -67+89=100)

ІІІ саты Көкпар. Бұл сайыста әр топ сөзжұмбақ шешеді.

IV.Қол күрес.

V. Бәйге Топ басшыларына теңдеуді шешуге есептер беріледі

VI.Сергіту сәті

  1. Бір –бірімен жарысқан
    Төрт аю, бір арыстан
    Екі қой мен бір түлкі
    Бәрі нешеу кім біледі (8)
    2. Тоғызтораудағы кездесу. Талас өзенінің төменгі бойындағы көк майсалы жерге түс – түстан тоғыз жол келіп түйіседі. Сондықтан тоғыз жолдың торабы «Тоғызторау» деп аталады. Әйтеуіру бір жылдары сондағы құдық басына тоғыз аңшы келіпі бір – бірімен түгел қол берісіп амандасып шығады. «Бәріміз қанша рет қол алыстық?» – дейді сондағы жолаушылардың бірі. (36)

VIІ. Сабақты бекіту
Ойнайық та, ойлайық Қандай сұрақ болса да Болса да шешпей оны қоймайық деп: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қалай шешеміз ?

VIІ. Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланып, үйге тапсырма берілді

Үйге: №841, №853 есептерді шығару

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше