“Жылу құбылысы” тарауын қайталау

Сабақтың тақырыбы: “Жылу құбылысы” тарауын қайталау

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік. Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың алған білімін қорытындылау мақсатында ертегі желісі мен мақал-мәтел негізінде түсініктерін пысықтау.

2. Тәрбиелік: Теория мен күнделікті өмірдің, салт-дәстүрдің, халықтық педагогиканың байланыс бірлігін көрсету.

3. Дамытушылық: а) Халық ауыз әдебиеті элементтерін пайдалану арқылы жалпы қабілеттілігін дамыту;

ә) Демонстрациялық жұмыстар негізінде танымдық қызығушылығын дамыту.

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес, ертегі қорытындылау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: асық, қоржын, «Шық бермес Шығайбай» ертегісінен иллюстрациялар, видеороликтер, анимациялар.

2. Демонстрациялық жұмыс құралдары.

3. Графикалық тест

4. Тірек – схема

5. Лото ойыны (формула)

6. Мақал – мәтелдер.

Сабақ жоспары: 1. Жылу құбылысы Шық бермес Шығайбай үйінде.

2. Әріптер саны (лото ойыны)

3. Демонстрациялау.

4. Мұны да біле жүр!

5. Жылу құбылысы мақал-мәтелде.

6. Тест тапсырмалары

7. Қорытынды

8. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылар түгендеп, сабаққа дайындығы қадағаланады. Оқушылар «Алау» және «Сәуле» тобына бөлініп, сайыс түрінде жүргізіледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1асықтан беріледі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы тірек-схемаға талдау жасау арқылы қайталау жүргізіп аламын.

1. Бүгінгі сабағымызды «Шық бермес Шығайбай» ертегісіндегі Шығайбайдың үйіне саяхаттан бастағалы отырмыз. Жылу құбылыстарын ол үйден табуға болады.

Ертегіні мультфильм түрінде бастап көрсетемін.

-Есіктен Алдаркөсемен бірге сығалаған оқушы киіз үйдің есігін ашып, ішіндегі қалтадан сұрақ алып жауап береді. Екі топтан 2 оқушы шығады. Оқушыларға ертегі желісімен салынған суреттер көрсетіледі.Оқушылар ертегі желісін өздері жалғастырады.

Жекелеме жұмыс.

Сұрақ: а) қазақ үйдің сүйектерін неге киізбен жапқан?

ә) жаздың ыстық айларында неліктен керегенің киізін ортан беліне дейін керіп қойған?

Жауабы: Конвенция

-Үй ішіндегі адамдар не істеп отырады? (Сурет көрсетіледі). (Ортақ сұрақ).

Жауабы: Адамдар жұмыс істейді. Ішкі энергиялары артып, терлейді.

-Әр топтан бір-бір оқушы ауызша сұраққа жауап береді (сурет көрсетіледі).

Сұрақ: а) От басында отырған Шығайбай мен Алдаркөсеге шым тезектің қызуы қандай тәсілмен беріліп отыр?

Жауабы: Сәуле шығару

ә) Ет қазанның қақпағын ашып қойса тез пісе ме, әлде жауып қойса тез пісеме? Неге?

Жауабы: Кебу. Конвенция.

Есеп шығару.а) «Алау» тобына:

Темір қазанның массасы 8 кг, оған 10 л су құйылған. Температурасы 100 С-тан 400 С-қа дейін қыздыру үшін суға қандай жылу мөлшері берілу керек?

ә) «Сәуле» тобына:

Шым тезек толық жанған кезде 1,4 * 107 Дж жылу мөлшері бөлініп шыққан. Массасы қанша шым тезек жанған еді?

-«Алау» тобына: Қарма нан жайлы көрініс қандай физикалық құбылысқа негізделген? (Сурет көрсетіледі).

Жауабы: Жылу өткізгіштік.

-«Сәуле» тобына: Адамдардың байдың тонын алдап киюі. Тон неге жылы болады?

Жауабы: Түлкі ішік, тымақ жүн арасында ауа болды, ал ол жылуды нашар өткізеді.

2. Әріптер сыры. Жылу құбылысындағы барлық формулалардан дұрыс тепе-теңдіктерді құрау арқылы лото ойынын екі ойыншы ойнайды.

3. Демонстрациялық тапсырма.

а) «Алау» тобына демонстрациялық тапсырма:

Темір білеушеге ермексазбен шегелер жапсырылған. Білеушенің ұшынан бастап спирт шамына қыздырады. Не байқалады? Жауап түсіндіріледі.

ә) «Сәуле» тобына тапсырма: Ағаш білікке шеге қағылады да, ол ақ қағазбен қапталады. Спирт шамы жалынына шеге қағылған ағаш білеуше ұсталады. Не байқалады? Жауап түсіндіріледі.

4. «Мұны да біле жүр!» айдарымен мұғалім «Суыту арқылы қайнату» тәжірибесін сынып оқушыларына көрсетеді. Жауабы оқушылардан сұралады. Дұрыс жауап айтылмаса, жауабы айтылады: қолбаны суыту арқылы ішіндегі буды конденсациялайды. Бұл будың қысымын және судың қайнату нүктесін төмендетуіне әкеледі. Булану жылуы нүктесін төмендетуіне әкеледі. Булану жылуы сұйықтың ішкі энергиясынан алынады.

5. «Жылу құбылысы-мақал мәтелдерде.

Әр топқа үш мақал – мәтелден беріледі. Қандай физикалық құбылыс шамаға қатысты айтылғаны түсіндіріледі.

І – топқа:

1. «Қазан отпен, адам әрекетпен қызады»

2. «Көсеу ұзын болса, қол күймейді».

3. «Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен»

ІІ – топқа:

1. «Нан піскенше, күлше күйеді».

2. «Қол жұмылмай, жылынбайды».

3. «Аузы күйген үрлеп ішеді».

6. Графикалық тест.

Оқушыларға алдын – ала дайындалған тест тапсырмалары интерактивті тақта арқылы беріледі. Ол 10 сұрақтан тұрады. «Кілті» бойынша тексеріліп, қорытындыланады.

7. Бағалау. Алған асықтарының саны бойынша оқушылар бағаланып, топтардың ұпайлары есептеліп , марапатталады.

8. Үйге тапсырма. Екі топқа жылудың пайдасы мен зияны туралы әңгіме жазу тапсырылады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше