Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:білімділік: жаңа сабақты меңгерту,салалас құрмалас пен сабақтас сөйлем құрмалас сөйлемнің айырмашылығын таныту.
Дамытушылық: дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұқыптылыққа , елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, кестелер, жаттығу жұмыстары, түсіндіру.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу ә) түгелдеу б) назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру : Семантикалық картаны толтыру
| Жалғаулық шылаулар | Ыңғайлас | Қарсылықты | Түсіндірмелі | Себеп-
салдар |
Талғаулы | Кезектес |
Жаңа сабақ.Сабақтас құрмалас сөйлем
| Бағыныңқының
баяндауышы |
Тұлғалық белгісі | Мысалдары |
| Шартты рай | -са,-се | Жақсы туса , ел ырысы. |
| Көсемше | -а,-е,-й,-ып,-іп,-п,
-қалы,-келі,-ғалы,-гелі |
Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды. |
| Есімше | -ған,(-ша,-дай)
-ген(-ше,-дей) -ған(-да) -ген(-де) -ған(-дықтан) -ген(-діктен) сайын, соң,үшін,кезде,шақта -ған+ға,-ген+ге шейін, -ған+нан бері, -ген+ нен кейін бұрын |
Қатарында көлденең кісі болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген сөзін бастаған жоқ. |
| Етістік негізді | –ысымен (-ісімен) | Ол үйге келісімен, мен шығып кеттім. |
Жаңа сабақты бекіту. 1.Жаттығу жұмыстары.
Берілген сөйлемдерден салалас сөйлем мен сабақтас сөйлемді ажырату.
2.Тапсырма: Берілген сөйлемдердің басыңқы және бағыныңқы сыңарын тауып, қарамен жазылған сөздерге талдау жаса.
- Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы. (фонетикалық)
- Үшеуі үйге кірген соң , шам жағылды. (фонетикалық)
- Құр әдеппен жымиғаны болмаса, Абай оның сөзін аңғарған жоқ. (мофологиялық)
- Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды. (мофологиялық)
- Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді. (Сөйлем мүшелеріне талдау)
- Елбасы жолдауының негізгі бағыттары әлеуметтік саланы қамтып отыр. (Сөйлем мүшелеріне талдау)
3.Эссе жазу. «Егер де мен…» Сабақтас сөйлемдерді қатыстыра отырып жазу.
4.Венн диаграммасы
Салалас сөйлем Сабақтас сөйлем
Сабақты қорытындылау.
| Не білемін? | Не білдім? | Не білгім келеді? |
Бағалау . Жауап беру ерекшелігіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Көркем әдебиеттен сабақтас құрмалас сөйлемге 5 сөйлем жазыпкелу.
