Cәндік ашық хат. Декоративті.
Садуакасова Базаркул Ертасовна
Бастауыш класс мұғалімі
№39 қазақ орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Cәндік ашық хат. Декоративті.
Мақсаты:Оқушыларға ұлт өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайындағы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Сәнді ашық хат түрлерімен таныса отырып, қағаздан ашық хат дайындауға үйрену.
2.Эстетикалық талғамдарын, ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Еңбекке, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Түрі:Аралас сабақ
Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: сәнді ашық хаттар, слайдтар.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Сабаққа әзірлеу
Мақсатын хабарлау
II Үй тапсырмасын тексеру
Үй жануарларын мүсіндеу тақырыбына сурет салу. Оқушыларды жеке-жеке тексеру.
III Жаңа сабақ
Слайд арқылы сәндік ашық хат түрлерін көрсете отырып,бүгін сабақта ашық хат жасап үйренеміз.Біз ашық хатты түрлі мейрамдарда, аналар мейрамында бір-бірімізге сыйлаймыз. Ашық хат ішіне көңілден шыққан жақсы тілектер жазылады.
IV Практикалық жұмыс
Оқушылардың назарын экранға аударып,үлгіге қарап,бәріміз сәндік ашық хат жасаймыз.
- Балалардың алдарына екі бүктелген түсті қағаз таратылады.
- Үлгіге қарап балалар сәндік ашық хаттарын сәндейді. Сыртына гүл жасаймыз.
- Бәрін әсемдеп болған соң,ішіне жақсы тілектер жазамыз.
- Жұмысты толық аяқтаған оқушыларды бағалау.
V Сабақты бекіту.
Оқушылар, бәріміз сабақ барысында сәндік ашық хатты қалай жасау керектігін түсіндік. Енді бәріміз ашық хат жасап, бір-бірлеріңе мерекеде табыс етулеріңе болады.
1.Сәндік ашық хат дегенді кім қалай түсінді?
2. Сәндік ашық хатты біз қалай қолданамыз?
