Абай шығармаларындағы өнер, білім, еңбек, адамге ршілік, сыйластық

Cабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы өнер, білім, еңбек, адамгершілік,

сыйластық

Сабақтың мақсаты:а) Білімділік- Абайдың өнер, білім, еңбек, адамгершілік, сыйластық тақырыбындағы шығармаларының мазмұнын игерту шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан- жақты таныту;

ә)дамытушылық – оқушыларды мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;

б) тәрбиелік – оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа,өнер-білімді қастерлей білуге,туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін сақтай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі:

Сабақтың түрі:

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге Абай Құнанбаевтың өскен ортасы мен шығармашылық жолы берілген болатын.

Қосымша сұрақтар:

Жаңа сабақ. Абай шығармаларындағы өнер, білім, еңбек, адамгершілік, сыйластық

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды

әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз,

Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

Н.Ә.Назарбаев

Абай поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы.

Абайдың өлеңдері

  • Абай және ғылым.
  • Абай және қазақ елі.
  • Достық – махаббат тақырыбы.
  • Абай және сөз өнері.
  • Табиғат лирикасы.

Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған.

Ақынның айтпақ өсиеті

Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер

Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді

Абайдыңәрөлеңібіздіжақсыболуға, жаманәдеттерденаулақ болуға, өнер-білімді бойымызға сіңіре білугетәрбиелейді.

Мысалы, «Білімдіден шыққан сөз», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,

Абайдың өнер-білімге арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер? («Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқытып талдатамын )

талап еңбек қанағат өсек өтірік мақтаншақ

терең ой рақым еріншек бекер мал шашпақ

Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.

Ғылым таппай мақтанба Қара сөздері

Абайдың әнге деген сүйіспеншілігі

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген

Абай әндері: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Көңіл құсы құйқылжыр», «Айттым сәлем Қаламқас».

Абай және сөз өнері

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы, бос қақпай елең-селең. («Біреудің кісісі өлсе қаралы ол» )

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тисін.

Іші – алтын, сырты-күміс сөз болсын.

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел. Өлең-сөздің патшасы» )

Қисық-қыңыр, тасыр болма.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Көңілінің көзі ашық,

Cөз ұғынатын талапты бол. («Мен жазбаймын өлеңді ермек»)

А. Пушкин М. Лермонтов И. Крылов

Аудармалары: Крыловтан «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер», «Ала қойлар», «Есек», «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден».М. Лермонтовтың «Шайтан», «Дұға», «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау», «Теректің сыйы», Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударады. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.

Абай – қазақ өлең құрылысына көп жаңалықтар қосқан ақын. Абайға дейінгі қазақ өлеңдері буын жағынан алғанда 11 буынды және 7-8 буынды өлшемдерден ғана тұратын. Олар, көбінесе, қара өлең, шұбыртпалы, ерікті, кезекті ұйқас түрлерімен жасалатын.

Абай буын, бунақ жағынан да, ұйқас жағынанда бұрынғы қазақ өлеңіне көп өзгерістер жасады. Ол таза 8 буынды, 6 буынды және аралас буынды өлеңдердің бірнеше түрін, ұйқас жүйесінде – шалыс, егіз, аралас ұйқас түрлерін кіргізді.

Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Әйелің, балаң, досың бар. (Шалыс ұйқас)

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл. (Егіз ұйқас)

Абайдың поэмалары

  • “Масғұт”
  • “Ескендір”
  • “Әзім әңгімесі”

Сабақты қорыту: Абай туралы ой-пікірлер.

1.«Әкемiздiң бiр шешесiнен туған Ибраһим мырза, қазақ iшiнде Абай деп атайды, сол кiсi мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрiк, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кiсi едi”.

Ш. Құдайбердіұлы

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.

Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда

қазақ баласында бiз бiлетiн ақын болған жоқ”.

А. Байтұрсынұлы

“Сөзің асыл-баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес”. М. Жұмабаев

Үйге тапсырма:

1. Ақынның бір өлеңін жаттап келу.

  1. Абай аңсаған «Толық адам» деген тақырыпта эссе жазу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше