оқушыларға көркем шығарманың құндылығын таныту;
«Ембі қалалық №4 орта мектеп» ММ
«Үйренуді үйрету» атты мектепішілік семинарда өткізілген ашық сабақ
Ә. Нұрпейісов«Балықшылар» әңгімесі
Өткізген: Кенжебаева М.Ж.
Пәні: қазақ әдебиеті
Класы: 6
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға көркем шығарманың құндылығын таныту; кейіпкер характерін жан-жақты суреттеу арқылы бейнесін ашып талдау.
ә) оқушыларды өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойлауын дамыту; дәлелді пікір айтуға, кейіпкерге баға беруге жетелеу.
Б) оқушыларды өжеттікке, әділдікке баули отырып, имандылыққа, туған жер табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: СТО элементтері
Жұмыс түрлері: жұптық, топтық жұмыстар
Ресурсы: презентация, кеспе парақшалары
Сабақ барысы.
І. Сергіту тренингі «Сәлемдесу». Тренингке оқушылар жұп болып қатысады.
ІІ. Сабақтың эпиграфымен таныстыру.
«Келешек үшін қиғылық ұрған қаншама асыл азаматтарымыз, аяулы боздақтарымыз қанын, терін, төкті… Иә, қанын, терін төкті…Қан мен тер…»
«Шығарма отырар алдында тәуекелге бел байлаған әрбір кісіге таланттан басқа тағы да екі нәрсе керек еді: бірі – білім, екіншісі – тәжірибе».
«Арал суы асыл ғой. Теңіз түбінде табаныңа бататын не тас, не ұйық жоқ, күмістей ақ қайыр, бассаң сықыр-сықыр етеді.»
(Ә. Нұрпейісов)
ІІІ. А бөлімі. Ой шақыру.
(оқушылардың не білетіндіктері сұралады)
– басқа қандай экологиялық аймақтарды білесіңдер? Олар несімен қауіпті?
А бөлімін қорытындылау. Дарынды оқушының «Арал теңізінің тарихы» туралы презентациясы.
IV. В бөлімі.
- «Идеялар тақтасы». Әр топтан бір оқушы шығармадан өзіне әсер еткен тұсты айтып береді. Ол үзінді несімен әсер еткендігін және қандай сезімде болғанымен де бөліседі.
- Топтастыру. Шығармадағы жағымды жағымсыз кейіпкерлерді атау. Шеңбердің ақ жағына жағымды, қара жағына жағымсыз кейіпкерлерді топтастырады.
- Екі кейіпкерге салыстырмалы түрде мінездеме беру. Сол арқылы кейіпкерлерге баға беру.
Федоров Еламан
- Еламанның бойынан қазаққа тән қандай қасиеттерді байқауға болады? Қандай мақал-мәтелдермен астасады?
(оқушылардың жеке пікірлері таңдалады)
- Шағын пікірталас. Зерттеушілік әңгіме.
І топ. Еламанның Федоровты өлтіргені дұрыс. (кітаптан дәлелдер келтіру)
ІІ топ. Дұрыс емес. (ҚР-ның Конституциясынан, Құраннан мысалдар келтіру)
ІІІ топ. Түйінді ой, ортақ шешім айтады.
- Болжам кестесі. Әр оқушы жеке жазады, топта талқылайды. Әр топтан бір оқушының болжамы айтылады.
| Әрі қарай не болады деп ойлайсың? | Дәлелің |
V. С бөлімі. Математикалық ойын. Ойын арқылы мақалды шығарып алу.
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 2 | ||||||||
| 3 | к | ж | ||||||
| 4 | м | г | б | |||||
| 5 | д | р | ||||||
| 6 | е | ы | ||||||
| 7 | ң | |||||||
| 8 | н | |||||||
| 9 | а |
6. 18. 12. 18. 30 .18 .20 .8 .24 .8 .42 21. 72. 24. 48. 32. 8. 45
К е м е д е г і н і ң ж а н ы б і р
- Қалай ойлайсыздар, бұл кімдерге арналған мәтел?
- Ендеше «балықшылар» деген тірек сөзді негіз ете отырып, «Кейіпкерді септеу» арқылы сабақты қорытындыласақ…
Топпен орындайды.
А. Балықшылар – өте еңбеккерқор, момын.
І. Балықшылардың өмірі мені қатты алаңдатады.
Б. Федоровтың балықшыларға көрсеткен қорлығын нағыз аудандық деп білеміз.
Т. Теңіз үстіндегі оқиға балықшыларды ширата түсті.
Ж. Балықшыларды ерекше бір өжеттік пайда болды.
Ш. Еңбекқорлық пен төзімділікті балықшылардан үйренуге болады.
К. Балықшылармен бірге бүкіл табиғат егіледі.
VI. Қорытындылау. Ақтөбедегі «Қан мен тер» романындағы кейіпкерлерге қойылған ескерткіш көрсетіледі.
VIІ. Бағалау. Топ басшысының әр бөлім бойынша бағалаған жетондарын есеаке ала отырып, мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады.
