Нәрсенің төбелерінің, қырлары мен жақтарының про екциялары
Ақмола облысы Целиноград ауданы
№39 негізгі мектеп
Сакенова Алия Какимтаевна – технология мен сызу мұғалімі
Сызу 9 сынып 07.12.2013ж
Тақырыбы: Нәрсенің төбелерінің, қырлары мен жақтарының проекциялары
- Нәрсенің төбелерінің, қырлары мен жақтарының проекцияларын салуды үйреніп, кеңістіктегі ойлау қабілеттерін дамыту.
- Міндеттері
- Геометриялық денелердің проекциялары бойынша білімдерін дамыту
- Әлемнің кереметтері туралы көзқарастарын кеңейту
- Елестету, қиял- ғажайып мақсаттарына жете білулерін тәрбиелеу
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық В.Г. Чукалин Сызу 9 сынып, геометриялық денелердің модельдері, көрнекі түрлері, модель-2 дана, А4 қағазы, дәптер,қарындаштар, шеңберсызар,бор.
Сабақ әдісі: аралас сабақ
Сабақ әдісі:түсіндірмелі- (әңгіме, дидактикалық материалдармен жұмыс, үлгілерді көрсету)
Репродуктивті- (өз бетінше жұмыс)
Ізденіс жұмыстар- тапсырма бойынша сурет, ақпарат ізденіп табу
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру (амандасу,үш топқа бөлу, сабақ барысын түсіндіру) 1,2,3- слайд
- Бонустық жүйе;
- Бағалау- қатысу коэффициенті бойынша;
- Топтық жұмыс;
- Қиял.Елестету. Болжам. Мақсат.-біздің ұранымыз
- Психологиялық дайындық 4-слайд
( қимылмен, денелерімен геометриялық фигуралар көрсету)
- Ұй жұмысын тексеру
- 2- жаттығу
- 5,6-слайд – тапсырма- көрнекі кескіні бойынша геометриялық денелерді тану;
- 7,8- слайд- тапсырма- сызба бойынша геометриялық денелерді танып, ата.
- Қайталау- 9-слайд
Әлемдегі геометриялық денелердің пішінімен сәйкес келетін мысалдар. Слайдта суреттер, оқушылар қысқаша мәліметтер айтып кетеді, әркім өз тапсырмалары бойынша
10,11-слайд–шар- Жер туралы
12- слайд–куб
13- слайд- ғажайып пирамидалар
14- слайд- Вавилондағы аспалы бақ
15-слайд-Эфестегі Артемидасының ғибадатханасы
16-слайд— Родос алыбы.
17-слайд– Александрия маягі
18- слайд– Олимпиадағы Зевс мүсіні
19-слайд– Галикарнасс мавзолейі.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кез келген графикалық кескін жекеленген нүктелерден, түзулерден және қисық сызықтардан тұрады. Сызбадағы әрбір нүкте немесе сызық нәрсенің қандай да бір бөлігін (төбелерінің, қырларының, қисық бетінің және т.б.) проекциялары болып табылады.Сондықтан нәрсенің проекциясын салу оның төбелерін, қырларын, жақтарын және қисық бетін сызбада кескеіндеуге келіп тіреледі. 20- слайд
Тетіктің сызбасын салу барысын қарастырайық.21-слайд. Тетіктің кеңістікте өзара параллель әрбір екі жағы жазықтықтарының біріне параллель болатындай етіп орналастырамыз. Сонда бұл жақтар проекциялары өзгеріссіз кескінделеді. Тетіктің төбелері арқылы проекция жазықтықтарына перпендикуляр болып проекциялаушы түзулер жүргіземіз де, оларды V,H және W жазықтықтарымен қиылысу нүктелерін белгілейміз. Нүктелердің фронталь жазықтықтағы проекцияларын штрихы жоқ кіші әріптермен (мысалы а ), профиль жазықтықтағы проекцияларын екі штрихы бар кіші әріптермен (мысалы а ) белгілейміз. Осылайша алынған нүктелер нәрсенің төбелерінің проекциялары болып табылады. Осы төбелерді өзара түзу кесінділермен қосамыз. А мен В төбелері горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр болатын бір сәуленің бойында жатыр. Олардың а және в горизонталь проекциялары бір- біріне дәл келеді және бір нүктеге бейнеленеді. А мен С нүктелері олард ың фронталь жазықтыққа проекциялайтын бір түзудің бойында жатыр.Олардың а және с фронталь проекциялары да бір нүктеге бейнеленеді. Профиль проекция жазықтығына В және D нүктелері бір в және d нүктелеріне проекцияланады.
Сызбадағы сәйкес келетін нүктенің біреуі- көрінетін төбенің, ал екіншісі- жабық (көрінбейтін) төбенің кескіні. Көрінбейтін нүктелерінің проекцияларын сызбада жақшаға алады. Фронталь проекцияда төбенің а проекциясы көрінеді, ал оның с проекциясы көрінбейді. Сол сияқты горизонталь проекцияда төбенің а проекциясы көрінеді, ал в проекциясы көрінбейді. Профиль проекциядав көрінеді, ал d көрінбейді.
Фронталь, горизонталь және профиль проекциялардағы нүктелерді қос-қостан кесінді арқылы қоса отырып, тетіктің қырларының кескінін аламыз. Сызбада тетіктің қырлары түзу кескіндеріне бейнеленеді. Мысалы ас- АС қырының горизонталь проекциясы, а в—АВ қырының фронталь проекциясы, с а—СА қырының профиль проекциясы жазықтығындағы проекциясы. Сызбадан егер тетіктің қыры проекция жазықтығына параллель болса, онда оның осы жазықтықта өзгеріссіз немесе өзінің шын шамасына кескінделетінін көруге болады. Егер тетіктің қыры проекция жазықтығына перпедикуляр болса, онда ол нүктеге проекцияланады. Мысалы, АС қыры фронталь проекциялар жазықтығына, АВ қыры горизонталь проекция жазықтығына, ал ВD қыры профиль проекция жазықтығына нүкте болып проекцияланады.
Қырлардың проекцияларын сала отырып, олардың тетіктің жақтарының проекцияларын шектейтіндігін байқау қиын емес. Қырлары сияқты, проекция жазықтығына параллель жақ та оған өзгеріссіз проекцияланады. Егер жақ проекция жазықтығына перпендикуляр болса, онда ол түзу кесінді түрінде проекцияланады.
Сонымен, кесіндіге әрбір түзу кесінді дегеніміз- проекция жазықтығына перпендикуляр қырының немесе жақтың проекциясы. Нәрсенің проекция жазықтығына көлбеу орналасатын қырлары мен жақтары оған өзгеріп проекцияланады. Суреттен проекция жазықтықтарының ешқайсысына параллель болмайтын жақты табыңдар.
Әрбір көрініс- бір ғана қабырғаның емес, бүкіл нәрсенің кескіні. Олардың арасындағы айырмашылық мынады болады: бір жақтары нақты шамаға, ал екіншісі бір жақтары түзу кесіндіге проекцияланады.
- Бекіту
- Фронтальді жұмыс -21- слайд (125-ә- суретті, сызбасын сызу дәптерге)
- 22-слайд- 3-топқа тапсырма (талдау,бір сызба сызу )
- 23-слайд- ауызша, геометриялық денелердің тобының проекциялары бойынша әр денені ажырату)
- Рефлексия
1.Геометриялық денелердің проекциялары;
2.Төбелердің проекциялары,
3.Қырларының проекциялары
4.Жақтарының проекциялары
- Бағалау,
- Ұй жұмысы, 24-параграф оқу, сұрақтарға жауап беру
