« Қазақ поэзиясының Хантәңірі »
№125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бөрібаева Бағила
Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті
« Қазақ поэзиясының Хантәңірі »
(Әдеби –сазды кеш)
Мақсаты: Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, поэзиясымен таныстыру, ақын өлеңдерін дәріптеу, поэзияны сүюге тәрбиелеу. Ақынның сөздеріне жазылған Отанды, туған жерді, өз ділін, тілін, сүю, ақын жырларынан үлгі алу, өлеңді бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слаид, кітптар көрмесі, ақынның суреті, нақыл сөздер.
1 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. Осыған орай бүкіл елемізде, сонымен қатар біздің мектебімізде де ақын шығармашылығының күндері өтуде. « Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын » – деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған « Қазақ поэзиясының Хантәңірі » атты әдеби – сазды кешімізге қош келдіңіздер.
Би «Еркеназ» тобы 6 сынып оқушылары
2 жүргізуші Кештің бөлімдері: 1. «Поэзия, менімен егіз бе едің?» (Өлеңдерін мәнерлеп оқу)
2. «Жазылар естеліктер мен туралы»
3. « Ән сал, жаным» (Әндерін орындау)
«Сырым да осы, жырым да осы, Алдыңда.
Байқашы сен, Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!» – деп жарық сәулесін шашқан қазақ поэзиясының шоқ жұлдызы – Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан – туған күні
Ақынның «Арыз жазып кетейін» өлеңі – Николай Аружан 6-сынып оқушысы
1.Жүргізуші: – Иә, ақын мұны бізге жетті. Оның тілегін орындау – біздің парызымыз. Поэзияның аламан бәйгесінен оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек. Біріміз білмейміз. Осы айтқанадарды ақынның «Менің анкетам» атты өлеңі нақтылай түседі деп ойлаймын.
Оқушылар: «Менің анкетам» Амангелді Ерасыл, Әбибулла Жансері
2.Жүргізуші: Мұқағали өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын «Өткенде ғажап түс көрдім. Шешем Нағиман Батанқызы басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасында қуана басып, маған қарай келе жатыр екен. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң « Шеше, сен бақыттысың » деген өлең жолдары дүниеге келді » деп айтқан екен.
Оқушы: Амангелді Ерасыл «Шеше, сен бақыттысың» өлеңі оқылады Анарбай Сымбат «Әйелдер- ай»
1. Жүргізуші:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен ,асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем – деген Мұқағали поэзиясы мәңгілік, халықтың байлығы, болашақ ұрпақтың еншісі. Халық көңілін сусындатқан ақын өлеңдерінің көпшілігі тіршілік, өмір жайында. Отан тақырыбында «Қайырлы түн», « Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген», «Ей, табиғат», « Қарасаз», « Таудағы көктем», достық тақырыбында « Қадірлі дос», « Көнеміз де», « Досым саған сенемін», махаббат тақырыбына «Махаббат диалогы», « Махаббатым», « Өзім де », «Ғашықпын, шын ғашықпын», « Сен әлі тірі ме едің?», тағы басқа өлеңдері бар.
Енді ақын өлеңдеріне кезек берейік
Оқушылар: Николай Аружан « Қайран Қарасазым ай»
Айдар Қазбек «Отан» өлеңі
Әкім Үлбосын « Елім барда» өлеңі
Бегахмет Нұрасхан « Үш бақытым» өлеңі
Тілес Сания « Қазақстан » өлеңі
2.Жүргізуші: – «Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе – күн қасымызда, әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп, жарық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр » – деген еді ақын Әбділда Тәжібаев Ақынның өлеңдеріне кезек берейік
Оқушылар : Қалила Нұрай, Иманбай Мейіржан «Махаббат диалогі»
Николай Аяжан «Ұлыма», « Майгүлге» өлені,
Әкім Марина « Мен таулықпын»
Қалила Әбубакір « Шын ғашықпын»
Әләудин Бақтыгүл « Түсінбеймін»
Бақытжанқызы Жания « Шыда»
Ержанова Гүлнұр «Тыныштық »
1.Жүргізуші: – Мұқағали- біздің заманымыздың ғажайып ақыны. Ақынның өзі «Кімде-кім шынымен менің өткен өмірімді білмек, зерттемек болса, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпасын. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін» деген екен. Ендеше ақынның өлеңдеріне кезек берейік
Оқушылар: Тасболат Жанерке « Қара өлең»,
Құлабай Нұрбол « Барлығы да сендердікі»
Сәтен Аяулым «Жырласам ба екен», « Тілектес»
Оразбек Аяулым «Көшеде»
Сәрсет Ұлжан «Бесік басында»
Абибулла Жансері « Нені аңсаймын»
Мейрам Ақбөпе « Бақыт деген»
Сүмбек Айгүл « Шын ғашықпын »
2.Жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. ….Жоқ жанды қиған емес жамандарға, Сол үшін мың рахмет адамдарға.! – Ақынның жүрегі сезімтал ғой. Көзі тірісінде « Жазылар естеліктер мен туралы» деп аз ғұмырының жалғасатынын дәл басып айтуы – көрегенділік. Иә, уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып, биіктеп бара жатқаны – ақиқат. Оның поэзиясы – халық байлығы.
« Жазылар естеліктер мен туралы» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөрібаева Бағила
1.Жүргізуші: Ия ақынның сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ұлы ақындарша дөп басып, тұздас болғандардың ішінде естелік жазбағандары кемде – кем. Ендеше ақын жайында жазылған естеліктерге құлақ түрелік.
Слаид арқылы көрсету:
А) Анасы Нағиманың айтуынша, Қарасаздың Шалкөде жағы саздау екен де , сазға қаз жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, почта машинасын айдайтын орыс қызға беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттерді алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен. Міне, ақын осылайша бір орысы жоқ қазақ ауылында білімін көтерген екен. 10 – сыныпты бітірген соң өте сауатты, өткір болғандықтан Мұқағалиды ауылкеңеске хатшы етіп алған. Аталмыш қызметін атқарып жүргенде орыс тілінен мектепке мұғалім таппай, ауыл басшылырының өтінішімен орыс тілі пәнінің мұғалімі болып мектепке орналасады.
Б) Ақиық ақынның ұстазы Әлнұр Мейірбековтың естелігіне үзінді келтіре кетейік. «Мұқағали адам ретінде жіберген кемшілігін де, азамат ретінде артықшылығын да ақын жүрек арқылы сана саңлауынан өткізді. Әркімнің жүрек тұсынан сөйлеп тұратын Мұқағалидың артықшылығы сол. Ол басынан өткерген барлық тауқымет пен азапты өзімнің ғана тағдырым деп ұққан еді. Ол үшін халқына өкпелеген жоқ. Керісінше бас иіп өтті. Ол туралы ақын былай дейді: Не сыйлайды, не береді келер күн, Не де болса тірі болсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, Көрегенді қозысымын мен елдің.»
ә) Нұрғиса Тілендиев өз естелігінде былай дейді: « Бірде Мұқағали, әйелім Дариха үшеуміз қыдырып келіп күрең шайды рахаттана ішіп отырғанда көңілді отырып әйеліме : – Дариға , домбырамды берші маған! – деппін. Қиядағыны көзі шалатын Мұқағалиға әлгі сөз әсер етіп, әсем жырды төге салды да – Енді, осыған ән жазыңыз, аға! – деді. Сөйтіп тамаша бір ән дүниеге келді ».
в) Мұқағалидың жары Лашынның естелігінен: – « Мұқағали өлеңді жеке бөлмеде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып ,үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болғасын жайраңдап келіп, анамызға оқып беретін де, Лашын, қалай болыпты? Деп күлетін. Кейде бізге сырын айтып, өлең құрудың өзі тұнып тұрған матаматика. Матаматика амалға бағынса, өлеңнің де бағынатын өз заңдылықтары бар дейтін ».
2. Жүргізуші: Ақындықпен айналысқан отыз жыл ішінде ол көзімен көргендерін, ақындық санамен түйіскендерін қазақтың қара өлең үлгісімен төгілте жазды. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, қиналғанда мұңын шағып, тілін ұғатын адам іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Фаризаны тапты. Ендеше келесі тыңдайтын өлеңдеріңіз « Фаризаға» – Тұрғанбай Альбина
1. Жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі – «Аққулар ұйықтағанда» деп аталады. Бұл поэма 1973 жылы « Жалын » жұрналына жариаланды. Поэманы алғаш Ғабит Мүсіреповке оқып бергенде Ғабең Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан болатын.
Оқушы: Тұрғанбай Альбина «Аққулар ұйықтағанда» поэмадан үзінді
2.Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев поэзиясы күншілдерге көктен түскен жасындай болып, көзі ашыққа мәңгі тозбас асылдай болып ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға еш бояуын жоғалтпай көшкені анық. Оның поэзиясы бүгін де әнге айналып көкте қалықтайды.
Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер халық жүрегінде берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
« Ән сал жаным, Әнмен тербеп мені, Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі. Дала ұйысын, дамылдап таулар жатсын, Таулар жатсын мәңгілік жер көктегі » -деп келесі кезекті ақын өлеңдеріне жазылған әндерге берейік.
1 Әбдіманап Нұрәділ « Қайран жеңгем»,
2 Балғабаев Бағдәулет «Сәби болғым келеді»,
3.Макеш Перизат «Өмір сүрейік алмасып»
4.Өмірбай Ақниет « Бақыт деген»,
5.Нартай Тоғжан « Мені ойла »
6. Музыка пәні мұғалімі Жұмабекова Ғалия мен Тоғжанның орындауында Мұқағалидың «Күрең күз» әні
1.Жүргізуші: -«Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі ай емханада жаттым. Екі айдан соң жұмысқа шықтым. Бешпентімнің қалтасынан хат шықты, Мұқағалидың жазуы: «Аға , мен ғой. Ішім күйіп барады. Не болғанын білмеймін. Мынаған көңіл бөліп көріңізші! » депті. Бұл « Есіңе мені алғайсың » өлеңі еді
Нұрғиса Тілендиев
2.Жүргізуші: – « Халыққа хат »
Туған халқым
Қатемді кешір менің,
Сенің арқаң – сескенбей есіргенім.
Егер де жырың болмай, ұрың болсам,
Алақанға саласың несін мені ?!
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі,
Ол бір от менің ұлы көшіңдегі.
Өзіңнің жандырғаның, өшіргенің,
Әзірге тастаған жоқ есім мені.
Уа, жұртым !
Кешір мені! Кешір мені! -деп жырлаған Мұқағали Мақатаев
1. Жүргізуші: Өмірінң соңғы күндері қайта – қайта ауруханаға түсе бергенін күнделігінен оқып білуге болады. Өмір бойы « Поэзия – мен үшін жанымның шырылы» деп шырылдап өткен ақынның өмірінің көп жылдары ел аман, жұрт тынышта әуре – сараңмен өткен. Соның нәтижесі жүрек ауруына әкеп соқты. Ақынның жан жары Лашын Мұқағалидың өмірінің соңғы минуттары туралы естелігінде былай деген екен: « Мұқағали кірпігі әрең қимылдап ауруханада ақырғы сәттерін күтіп жатты. Әбден арыған, сөйлеуге шамасы жоқ, сол қалпымен жатып, ақырғы күшін жинап ақырғы рет тілге келді: – Лашын, такси әкел. Одаққа барайық…. Балаларым жас еді. Бітпеген жұмыстарым бар еді…. деп сыбырлап әрең-әрең айтып шықты? Сөйтіп, Мұқаң өзінің сүйікті Жазушылар одағына әлдене айтқысы келіп жатып жан тәсілім етті»
Мұқағали аға – өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңі құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын. Ой орамдарын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағали ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда дүниеден өтті.
2.Жүргізуші
Үзбеймін күндерімді жарықтан мен,
Узбеймін күндерімді халықтан мен.
…Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!- деп ақын жырлағандай,- Ия, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса , Мұқағали Мақатаев – тірі, күнбе – күн қасымызда.
Жалғасы бар,
Жырымның жалғасы бар,
Жырларым жылдарменен жалғасыңдар, – деп ақын айтқандай жырлары ұрпағымен мәңгі жасайды. Мұқағали Абай жаққан бір сәулені алаулата түсті.
Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағали да жалғыз. Мұқағали ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз. Көзі тірісінде ақынға берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу. Бүгінгі кешімізді ақынның « Есіңе мені алғайсың » әнімен аяқтаймыз
