Педагогикалық мененджмент: жоспарлау, ұйымдасты ру
ШҚО. Өскемен қаласы
«№45 бейімделген орта мектебі» КММ
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Серикбаева Алия Елгазыновна
Педагогикалық мененджмент: жоспарлау, ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларынсыз біз инновациялық экономика құра алаймыз» – деп Қазақстан халқына арналған жолдауындағы бағдарламалық шаралар мемлекеттің сапалы жаңаруды жария етілген ұзақ мерзімді және тиімді стратегияның іргетасы ретінде ұсынылып отыр. (№1 слайд)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Білім жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, тұжырымдамалық негіздері білім берудегі жаңа парадигмаға айқындық береді. Ал, жаңа білім парадигмалары жалпы білім беретін мектептерде орта білімнің жаңа мақсатын, міндеттерін, басымдылықтарын, құндылықтарын анықтайды.
Парадигма – ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми қауымдастық тарапынан қабылданған болжамдардың мәнін түсіндіру және ғылыми тану үрдісінде пайда болатын мәселелерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт (қалып) ретінде пайдаланылатын теориялық және әдіснамалық ережелердің жиынтығы.
Яғни, бүгінгі қоғамның талабы – жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін менеджмент негізінде басқару.
Менеджмент ұғымы – бұл адамдардың ынтамақтастығы, бұл адамдардың қарым – қатынас әдісі. Осы жерде өзін – өзі ұйымдастыру, өзін – өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалық менеджменттің ықпалын көрсету болады. Ол үшін педагогикалық менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол үшін педагогикалық менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын алуға болады.
- Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
- Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
- Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым -қатынасқа көшу.
- Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау қағидасы.
- Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы.
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.
Олар мына төмендегілер.
- Адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;
- Адамға сену, оның өзін – өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
- Өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;
- Бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымдаөз орнын таба білуді қалыптастыру;
- Жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.
Адамға құрмет және сенім – басқарудағы ізгіліктің ең жоғарғы көрінісі.
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі қажеттіліктермен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжулармен бірге тұлға деп қарастырған жөн. (Слайд №3)
Басқарудың жалпы функциялары – басқару әрекеттеріне жоспарлау. ұйымдастыру, басшылық, бақылау, талдау және т.б. жатса, басқару әрекеттері мен олардың өздері бағытталған нысандарымен қатар қарастыратын нақты функцияларға педагог кадрлармен жұмыс, білім сапасын бақылау, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру және т.б. жатады.
Енді осы аталған функциялардың ішінен жоғары сапалыбілімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін функциялардың бірі – Жоспарлау.
Жоспар– практикада қате жібермеу үшін жазбаша дайындалған, мамандардың пікірімен келісілген, жан-жақты талқыланған жоба. Жоспарлауға болжамдау, бағдарламалау, жұмысшы жоспарларды дайындау енеді. Соңғы кездерде басқарудын талдау функциясында дәстүрлі мектептін оқу-тәрбие жұмысының жоспарының орнына нақты білім сапасына жетуге мүмкіндік беретін мектептің даму бағдарламалары қарастырылады.
Білім сапасын арттыруға бағыттылған жұмыстарды жоспарлау барысында білім беру нәтижесін көрсететін педагогикалық (баланы дамытуға бағытталады), білім беру процесінің сапасын дамыту, мұғалімнін (кәсіби және жеке тұлға ретінде) өзін-өзі дамытуға бағытталған мақсаттар анықталады.
Сонымен қатар, жоспарлау барысында білім нәтижелерін бағалау көрсеткіштерін (критерий), осы көрсеткіштер арқылы сипатталған мектеп бітіруші жобасын, осы көрсеткіштердін ең төменгі деңгейін, әр баланың потенциалына қарай мүмкіндіктерін аныктау, білімділікті жобалау аса маңызды мәселе болып табылады.
Жоспарлау мақсатқа жету жолдары мен құралдарының сипаттамалары болып табылады.Бұл жерде сөз осы жолдар мен құралдардың құрамы мен құрылымы, әрекеттер реттілігі, ресурстардын барлык түрлері (кадрлық, ғылыми-техникалық, уақытша, нормативтік-кұкықтық. мотивациялык және т.б.). белгіленгендердің жүзеге асыру субъектілері, жоспарланған іс-шараларды бастау және аяктау уакыты туралы болып отыр.
Білімнін жоғарғы сапасына қол жеткізу мақсатында жаңа әрі күрделі педагогикалық әрекеттің субъектілері ретінде педагог кадрлармен, оқушылармен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар жобаланады.
Сонымен қатар, жоспарлау барысында жоғарғы сапаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторларға таңдау жасалады. Егер таңдалған факторлар өзара байланыспаған немесе мектеп олардың өзінің практикасына алғаш рет енгізгелі отырса, онда әрбір жеке фокторлар бойынша локальді тәжірибелік-сынақ алаңдарын ұйымдастыруды көздейтін арнайы бағдарлама дайындалады. (слайд №4)
¥йымдастыру. Жоспар жүзеге асу үшін білім сапасын басқару субъектілерін, олардың әр кайсысының лауазымдык міндеттерімен қатар баскарудың баска субъектілеріне карағандағы құұыктарын. әрекет нәтижесіндегі өнімінін сапасына жауапкершіліктерін анықтау керек.
Басқару әрекеттерін ұйымдастыруға келесі матрица көмек береді.
| Міндеттері | Құкыктары | Жауапкершіліктері |
| 1…. өңдеу
2….сұрақтардышешу 3…. бакылау 4…. зерттеу 5…. өткізу 6….барысынбакылау 7.… дайындау 8……камтамасызету 9….. талдау 10… талап ету |
1….ұсыныс жасауға
2…. аныктауға 3…. бағалауға 4….түзетуенгізуге 5…. талап етуге 6…туралымәселе коюға 7….. сынақтан өткізуге 8…. өткізуге 9… бакылауға |
1…бағдарламаны дайындағаны үшін
2…. бакылау жүйелігі үшін 3….өз уақыттында бергені үшін 4…. жұмысқа тартқаны үшін 5…. критерийлерді дайындағаны үшін 6…. қамтамасыз еткені үшін 7…. диагностикасы үшін 8…. апталық ақпараты үшін 9…. мониторингі үшін 10. … дайындағаны үшін |
Жоғарыдағы аталған педагогикалық мененджменттің жоспарлау мен ұйымдастыру қағидасы №45 бейімделген орта мектебінде қалай жүзеге асырылып жатқандығынан тәжірибе бөлісе кетейін.
Стратегиясыз менеджерде әрекет ету жоспары да, өркениетке шығу кеңістігі де, табысқа жету бағдарламасы да жоқ деп есептеледі.
Басқарудағы жаңашылдық
№45 бейімделген орта мектеп білім сапасын басқару жүйесін құрудың төмендегі ұстанымдарын басшылыққа алады.
«Әр адамның ұжымдағы орны оның еңбек нәтижесі мен ұжымдық қоғамдық өміріне қосқан үлесіне байланысты»
Оқу – тәрбие жұмысын басқару моделі
Жаңа формация мұғалімі төмендегідей гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдалануы тиіс:
- Бақылаудың орнына ынталандыру;
Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру; Ауыстырудың орнына сенім білдіру; Үгіттеудің орнына түсіндіру; Жоюдың орнына тегістеу; Басқарудың орнына тегістеу; Айғайлаудың орнына әзілдеу; Кінәлаудың орнына қорғау; Бұйрық беріп, тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу. Көптеген жағдайларда жоспарлау мен ұйымдастыру дұрыс ұйымдастырылғанымен мектеп ұжымының педагогикалык әрекетінің жоғарғы сапасына қол жеткізу қиынға соғады. Себебі адамдардың барлық уақытта орындауға қажетті міндеттері (жоспар негізіндегі лауазымдық міндеттері және т.с.с.) олардын өз қалауларына сәйкес келмейді. В.С.Лазаревтын пайымдауынша «әлеуметтік ұйымдардың ерекшелігі ондағы адамдардын көбі белгілі бер мақсатпен келеді. Адамдар ұйымға келгенде сол мақсаттарын жүзеге асыруга мүмкіндік алғысы келеді. Егер оларға осы мүмкіндік берілсе, онда олар әрі қарай өз жұмыстарын жалғастырады». Сондықтан әкімшілік педагогикалық процеске қатысушылардың барлығының қызығушылығын ескеруі, олардың өз еңбегімен қанағаттануларына жағдай жасауы керек. Олай болса, негізгі мазмұны білім сапасын басқару процесінде әрекеттердің мотивациясы болып табылатын тиімді басшылықты жүзеге асыруда адамдардың ұжымдағы өзін-өзі ұстауын, мотивацияның мазмұндык және процессуалдық теорияларын (А.Маслоу, Ф.Херцберг. В.Врум), мектепте мотивациялык орта кұру тәсілдерін ескеру керек. Барлык уақытта «мектептің өнімі» мектептің ұстанған нәтижесін үнемі маңызды деп есептемейтін адамдар (окушылар) екенін естен шығармау керек.
Барлық қағидалардың мәні – мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу – байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Жоғарғы сапаға тек мектептің даму жағдайында немесе біркалыпты жұмыс істегенде ғана кол жеткізуге болатындығы баршаға аян. Дегенмен күнделікті өзгермелі уакытта мектептің, оқушылардың, педагогтардың өмірінде сырткы және ішкі өзгерістер жиі болады. Осыған байланысты жоспарланган мәселелерді жүзеге асыруга қиындықтар туындауы немесе керісінше білім сапасын арттыруға жаңа жағдайлардың пайда болауы мүмкін. Сондықтан басшылық дұрыс, сауатты ұйымдастырылған жағдайда ғана өзгерістерге байланысты жоспарларға, жүзеге асырылатын іс-шараларға уакытылы түзетулер енгізу мүмкін болады.
Осындай жаңашылдық ықпал үздіксіз өзін – өзі дамыту, өзін – өзі жетілдіру қажеттілігін талап етеді.
Д. Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік – психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда ұстау қажет.
- Сұхбаттасқан адамдардың ерекшелігін ықыласпен мойыңдаңыз және мақтаудан бастаңыз.
- Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.
- Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, содан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.
- Әңгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ қойыңыз.
- Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз.
- Мақтауға сараң болмаңыз.
- Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.
- Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетіге болатындай, ол қиындық келтірмейтіндей үміт туғызыңыз.
- Өз қалауынша, адам қызығушылықпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.
- Адамның өз бейнесін сақтауға мүмкіндік беріңіз.
