Параллель түзулер (есептер шығару )

Жансугирова Гулшат Майлыбаевна

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,

Сарысай негізгі мектебінің

математика және информатика пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы : Параллель түзулер (есептер шығару )

Сабақтың мақсаты:

а)білімдік.Параллель түзулер анықтамасын тұжырымдау және осы білімдерін қолданып есептер шығару,түзулердің орналасуын ажырата білу,мысалдар келтіру;

ә)тәрбиелік.Ұқыптылыққа , шапшаңдыққа , ұлттық мұраларды қадірлеуге ,

өзара және өзін-өзі бақылауға ,бағалауға тәрбиелеу,

б)дамытушылық.Ойлау ,есептеу қабілеттерін дамыту, табу ,салу және өлшеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі: бекіту

Түрі: сайыс

Әдісі:көрнекілік арқылы,сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау.

Пәнаралық байланысы: технология,тарих,бейнелеу

Көрнекілігі: кеспе қағаздар,сызбалар,ою-өрнектер,кубик,кереге түрлері,Венн диаграммасы,плакаттар

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.Оқушылар 2 топқа бөлінеді: «Перпендикуляр», «Параллель».

ІІ.Үй жұмысын тексеру

№837

а в с а||в,в||с

а І k, b I k , c I k

k А В С АВ=1 см,ВС=1,5 см

№838

минут есебімен 1 5 10 15 20 30 45 50
сағат есебімен 1/60 1/12 1/6 1/4 1/3 1/2 3/4 5/6

33

ІІІ.Қайталау сұрақтары(кубизм әдісімен):

«Перпендикуляр» тобына:

1.Түзулер қалай орналасады?(перпендикуляр, параллель,қиылысушы)

2. Қиылысушы түзулер деген не? (ортақ бір нүктесі бар түзулер қиылысушы түзулер)

3. «Перпендикуляр» сөзінің мағынасы(латынның «тік бағыт» сөзінен алынған)

4. Перпендикулярдың табаны деп нені айтады?(Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың түскен нүктесі)

5.Бір түзуге перпендикуляр екі түзу қалай орналасады? (параллель)

6.Сан аралықтары қалай орналасады ?(қиылысады,бірігеді)

«Параллель» тобына:

1.Параллель түзулер деген не?(бір жазықтықта жататын бір,бірімен қиылыспайтын түзулер)

2.«Параллель» сөзінің мағынасы(гректің «қатар жүруші» сөзінен алынған)

3. Қиылысушы түзулер жазықтықты нешеге бөледі? (4-ке)

4. Қиылысушы түзулер жасайтын бұрыштың біреуі 300-қа тең. Қалған бұрыштары неге тең? (1500,300,1500)

5. Перпендикуляр түзулер жазықтықты неше бұрыштарға бөледі?(тік бұрыштарға)

6.Санды теңсіздіктерге қолданылатын амалдар? (4 амал)

Деңгейлік тапсырмалар:

№1

Түзу сал.Оған құралдардың көмегімен перпендикуляр түзу жүргіз.Түзулерді белгілеп, перпендикулярлығын жазып көрсет.

№2

Түзу және онда жатпайтын бір нүкте берілген. Құралдарды пайдаланып,ол түзуге перпендикуляр болатын және берілген нүктеден өтетін түзу жүргіз.

№3

Түзу сызып,оның бойынан бір нүкте белгіле . Құралдарды пайдаланып, нүктеден өтетін ол түзуге жүргіз.

№4

Өзара перпендикуляр екі түзу сыз.Түзулерде жатпайтын бір нүкте арқылы оларға перпендикуляр түзулер жүргіз,онда қандай фигура шығады?

IV.Бекіту бөлімі

1)Оқулықпен жұмыс

№840-ауызша

№841

Мына геометриялық фигуралардан параллель және перпендикуляр қабырғаларын атап шығу.(Ітопқа-перпендикуляр,ІІ топқа -параллель).

2)Тапсырмалармен жұмыс:

а)«Шапшаңдар» сайысы:

«Перпендикуляр»тобына: «Параллель» тобына:

в)«Кім шебер» сайысы-жұптық жұмыс

Қазақтың ою-өрнегін торкөзге шеберлікпен,ұқыптылықпен сызып шығу тапсырмасы беріледі .Оюдағы түзулердің орналасу түрлерін табу қажет.

г)Салу есептері-топтық жұмыс

1

Түзу сал және оған перпендикуляр етіп төрт түзу жүргіз.Бұл түзулер қалай орналасқан?

2

Түзу сал .Оған параллель етіп екі түзу жүргіз.

3

Түзу сал және одан тыс бір нүкте ал.осы нүктеден өтетін және берілген түзуге параллель болатын түзу жүргіз . Түзулерді белгілеп,параллельдігін жазып көрсет.

4

Түзудің бойынан екі нүкте ал . Ол нүктелерден түзуге перпендикуляр түзулер жүргіз.Олар өзара қиылыса ма?

V.Қорытынды бөлім

1)Киіз үй қабырғасы-керегенің тор көз және жел көз түрлеріндегі түзулердің орналасуы туралы түсінік беру.

2) «Қолыңды алмай сызып шық» жаттығуы

3)Венн диаграммасы

«Перпендикуляр» тобына: «Параллель» тобына

VІ.Үйге тапсырма беру. №846

VІІ.Бағалаулғыр топ жеңімпаз атанады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше