Өрмекшітәрізділердің сипаттамасы және олардың көптүрлілігі.

Бисембаева Тоты Тажибаевна

”ҚР білім беру ісінің үздігі”, ”Аға мұғалім”

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы

биология пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Биология

7 – класс

Тақырыбы: Өрмекшітәрізділердің сипаттамасы және

олардың көптүрлілігі.

Мақсаты : 1.Білімділік: Оқушылардың буынаяқтылар типі туралы білімін кеңейту.

2.Дамытушылық: Өрмекшітәрізділердің көптүрлілігін, маңызын игеру, оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Табиғат сырларын, тірі табиғаттың маңызын тереңірек біліп білгендерін көңілге тоқып, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, таблица, кестелер, түсті суреттер, ылғал препарат.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: экология, география, медицина.

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды игеру

IV. Бекіту

V. Қорытынды

VI. Үйге тапсырма беру

VII. Оқушы білімін бағалау

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1.«Ойға шақыру» кезеңі: Буынаяқтылар туралы ойларын дәптерге жазып, ортаға салу.

2.Венн диаграммасы. Үш топ та өрмекшілер мен шаяндардың ұқсастықтарын, айырмашылықтарын және ортақ белгілерін толтырып оқиды.

3. Үш топқа жеке тапсырма беріледі. (слайдтан өрмекшінің ішкі құрылысын көрсетеді)

І-топ: Қоректену, зәр шығару мүшелерінің ерекшеліктерін айту.

ІІ-топ: Тынысалу, қанайналым мүшелерінің ерекшеліктерін айту.

ІІІ-топ: Жүйке жүйесі, көбею мүшелерінің ерекшеліктерін айту.

4. Биологиялық тренажер

1.Буынаяқтылар өкілі:

А. Өзен шаяны;

Б. Шаршылы өрмекші.

2.Денесінің бөлімдерге бөлінуі:

А. Денесі – бас,көкірек,құрсаққа бөлінген;

Б. Денесі – баскөкірек және құрсақтан тұрады.

3. Ас қорыту ерекшелігі:

А. Астың алдын ала қорытылуы ағзадан тыс жерде жүреді;

Б. Қорек екі бөліктен тұратын қарында қорытылады. Үлкенірек қарында қорек езіледі де, кішісінде сүзіледі.

4. Қанайналым мүшелері:

А. Қанайналым жүйесі ашық, қан тамырлары дене қуысына ашылады. Жүрегі бір бөлікті, бесбұрыш тәрізді;

Б. Қанайналым жүйесі ашық, қан дене қуысына құйылады. Жүрегі түтікшелі, бір бөлікті ромб пішінді.

5. Тәуліктегі белсенділік сипаты:

А. Тәуліктің жарық кезінде белсенді;

Б. Негізінен түнде белсенді.

6. Жұмыртқа салуы:

А. Аналығы салған жұмыртқаларын құрсақ аяқтарына бекітіп, одан жас буынаяқты шыққанша өзімен бірге алып жүреді;

Б. Жапырақ арасы немесе ағаш қабығының астына ұрғашылары жұмыртқа салады.

7. Табиғаттағы рөлі:

А. Шыбын, маса және т.б. бунақденелілердің санын азайтады;

Б. Өлекселерді құртып, табиғат санитарлары болып табылады… т.б.

Сұрақтар коды 1 2 3 4 5 6 7
Өзен шаяны А Б Б А Б А Б
Шаршылы өрмекші Б Б А Б А Б А

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру. (слайдтан өрмекшілердің көптүрлілігі көрсетіледі )

Түрлері Дүние жүзі бойынша түр саны Қазақстандағы түр саны Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелгендердің түр саны
Шаянтәрізділер 40 000 740 1
Өрмекшітәрізділер 75 000 400 2

Ой дамыту : (Мәтінмен жұмыс)

Оқушылардың ізденіс жұмыстарын тыңдау.

Жаңа материалды бекіту ( 3 топқа беріледі)

1. Семантикалық карта толтыру (+, -) түрінде белгілеу

Буынаяқтылар түрі Тіршілік ортасы Денесінде Құрсағы бунаққа Улы безі Уының күші
құрлық,

шөл

ылғалды түк бар түк жоқ бөлін-ген бөлінбеген күйіс-аяқ құрсақтағы шаншар шілде қыр-күйек
Құршаян

Қарақұрт

2. Биологиялық диктант:

  • Шаянтәрізділер бунақталған құрсағын лезде бүгіп, ……………….. …………… қатты серпу арқылы жүзеді.
  • Шаян су түбінде қозғалғанда -…………… қарай, суда жүзген кезде …………….. қарай қозғалады.
  • Ғалымдар өрмекшінің ………….. мүшесін әзір анықтай алған жоқ.
  • Өрмекші өрмекауға түскен қорегін ……………. ……………. тербелуі арқылы сезеді.
  • Өрмекшінің уы қорегін …………………………… және …………..………………..

. Сәйкестендіру кестесі; (1-Б; 2-Г; 3-Ә; 4-А; 5-В)

1.Демтүтік. А.Құрсақ жүйке түйіндерінің іріленуінен түзілген бөлігі.
2.Күйісаяқ. Ә. Өрмекшітәріздестердің 2-ші жұп аяғының атауы
3.Тұтқыаяқ. Б.Құрлық өрмекшілерінің тынысалу мүшесі.
4.Ганглий. В.Өкпе қапшықтарының ішіндегі түссіз (газ алмасуға қатысатын) сұйық зат.
5.Гемолимфа. Г.Өрмекшітәріздестердің 1-ші жұп аяғының атауы.

4.Лездік сұрақтар (барлығына ортақ)

1. Өзен шаянының дене сыртындағы әктелген, тұз сіңген, жасуныққа ұқсас ағзалық зат.

2. Өрмекшітәріздестердің қажетсіз заттарды бөліп шығару мүшесі.

3. Су бетінде қалқып жүретін ұсақ шаянтәрізділер.

4. Өрмекшінің иісті сезу мүшесі.

5. Өрмекшінің дәм сезу мүшесі.

6. Ең алғаш өзен шаянның түлеу үдерісін сипаттап жазған ғалым.

7. Улы шаяндардың тіршілігін зерттеген ғалым.

8. Денесі қара, құрсақ бөлігінің үстіңгі жағында 13ке дейін қызыл ноқаты болатын жәндік.

9. Денесі қызылсары, кейде қошқыл ,бауыр жағы ақшылдау болып келетін жәндік.

10. Құрсақ бөлігінң үстіңгі жағы ақ шаршы таңбасы анық көрінетін жәндік.

11. Құрсағы бунақтарға бөлінетін жәндік.

5. «Кеңес беру» кезеңі. Сақтану шаралары туралы оқушылар ойларын ортаға салып, бір-бірлеріне кеңестерін айтады.

6. Рефлексия.

Бұрыннан білемін Мен үшін жаңалық Білгім келеді
  • Қорытынды
  • Үйге тапсырма § 46(Б), § 27(Ж) және қосымша мәліметтер әкелу.
  • Оқушы білімін бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше