«Қыз қылығымен…»

ШҚО, Жарма ауданы,

Қалбатау ауылы,

Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия

Мектеп психологы және өзін-өзі тану пән мұғалімі

Рахимбаева Кенжеш Мұқанқызы

Сонымен, солай дейік…

Тақырыбы: «Қыз қылығымен…»

Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

Өту орны: Акт залы

Ұйымдастырушы: Рахимбаева Кенжеш Мұқанқызы

Қатысушылар:

  • 8-11 сынып қыздары

Жүргізуші: Рахимбаева Кенжеш Мұқанқызы

  • Эксперт қонақтары (мектеп медбикесі, СӨС дәрігері, гинеколог- акушер, Жастар үйінің басшысы)
  • Тәрбие ісінің меңгерушісі, сынып жетекшілер

Көрнекіліктер: «Әдемі қыз», «Түсік жасау», «Шылым шегушілік», «Тазалық» видеороликтер, слайдтар

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және сынып қыздары! Сіздері көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер! Сонымен, тақырып: «Қыз қылығымен…» Қыз қылығымен сымбатты.

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Жастықтың өз жастығымен, пәктігімен әдемі дегендей жас қыздардың өздері-ақ қыздың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат сыйлаған осы нәзік кезең өзінің әдемілігімен, жастығымен, албырт сезімімен ерекше.

Намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы. Барлығымыз бейне фильмге қарайық «Қазақ қызы қайдасың?» бейнефильмі көрсетіледі.

Оқушыларға сұрақ қойылады.

  1. Қазақ қызы қандай болу керек?
  2. Қыз өссе, елдің көркі… деген қалай түсінесіңдер?
  3. «Отан отбасынан басталады» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
  4. Қазіргі тәрбиемен бұрынғы тәрбиені салыстырғанда айырмашылық бар ма?
  5. Үйде ата-аналар балаларын қалай тәрбиелейді?

Сұлу болу, сау болу- өз қолыңда! Адамның, соның ішінде қыз- келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі, сұлулықтың негізі- денсаулық. Бұл денсаулыққа жеке басты тазалық, гигиена және зиянды әрекеттердің аулақ болуы жатады. Қазіргі кезде қыздар зиянды заттарға елігіп, әуес болады. Ол болашақ ана. Темекі тарту, ішімдік ішу денсаулыққа үлкен қатер төндіреді. Құрметті қатысушылар жеке бас тазалық- гигиена және зияндыц әдеттер жайында толығырақ мәлімет алу үшін, ортаға СӨС дәрігері Ибраимова Нұргүл Баденқызы қонағымызды ортаға шақырамыз.

Ал, енді бейнефильмге назар аударыңыздар.

/Темекі бейнефильмі көрсетіледі./

Құрметті Нұргүл Баденқызы бүгінгі ток шоуымызға келгеніңізге рахмет. Енді жеке бас гигиена жайында толық айтып берсеңіз.

  1. Темекі шегетін адамның өмірі қысқа болады ма?
  2. Тәуелділік дегеніміз не?
  3. Шылым шегетін жастар қазіргі кезде қанша пайыз?
  4. Қалай ойлайсыз, жастар неліктен шылым шегеді?
  5. Шылым шегетін адамның ағзасы қандай болады және тағы қандай зияндары бар?

Тазалық туралы слайд көрсету.

Жасөспірім қыз баланың табиғаты, ерекше күтімді қажет етеді. Жасөспірім қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы дәрігерлік кеңесіне назар аударайық. Ортаға Қалбатау ауылының акушер- гинекологын шақырамыз. Қалыңыз қалай? Өте қуаныштымыз уақыт бөліп келгеніңізге.

  1. Жалпы қыз баланың табиғаты туралы айтып берсеңіз?
  2. Ағзадағы өзгерістер туралы айтсаңыз?
  3. Сырт келбеттегі өзгерістер
  4. Жыныс ағзаларындағы өзгерістер
  5. Алғашқы етеккір
  6. Жыныстық қатынас туралы айтсаңыз?
  7. Жыныстық жолмен жұқпалы қандай аурулар бар?
  8. Қалай аурулар жұғады?
  9. Сақтанатын әдістер қандай?

Бейнефильмге назар аударыңыздар!

«Қызым үйде- қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс- тұрысы мен киім-киісі тәрбиенің негізі болып саналады.

Келесі қонағымыз жастар үйінің директоры Бақыт Маржанқызы ортаға шақырамыз. Бақыт Маржанқызы қош келдіңіздер!

  1. Қазақ қыздарының киімі тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
  2. Дөрекі сөйлейтін қыздар туралы ой-пікіріңіз?
  3. Сән мен сымбат туралы айтып берсеңіз?

«Әдемі қыз» слайд көрсетіледі.

Қорытынды сөзді: директордың орынбасары Журсунбаева Г.Т. беріледі. Бүгінгі ток шоу бойынша сендер көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын. Сонымен, солай дейік, солай болатынына сенейік!

ШҚО, Жарма ауданы,

Қалбатау ауылы,

Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия

Мектеп психологы және өзін-өзі тану пән мұғалімі

Рахимбаева Кенжеш Мұқанқызы

Тренинг «Өзін-өзі тану»

Мақсаты: Оқушылардың өздерін қаншалықты білетінін анықтау.

Жоспар:

  1. Сәлемдесу
  2. Менің ойымша
  3. Релаксация
  4. Сенің достарың бар ма?
  5. Мына сыйлық саған
  6. Өзін-өзі жарнамалау
  7. Қорытынды

Керекті құралдар:

Қалам, А4, доп, бейджик

1 жаттығу.

Әр қатысушы бүгінгі өздерінің көңіл-күйлерін ым-ишара арқылы көрсетіп, өздерін неліктен жақсы көрсететін айту керек. Уақыт 5 мин.беріледі.

2 жаттығу.

Менің ойымша…

Өзгелер мені…

Мен келешекте…деген сөйлемдерді аяқтау керек.

3 жаттығу.

Релаксация. Қатысушылар ыңғайлы отырып, көздерін жұмады. Жүргізушінің айтқанын көз алдарына елестету керек.

… Көзді жұмамыз. Терең үш рет демімді сыртқа шығарамыз. Көз алдарына дүкенді елестетіп, сол дүкендегі сатылатын затқа теңейміз. Елестеткен зат қандай? Түсі қандай? Неге сен өзіңді сол затқа теңедің? Жаттығу соңында өз ойларын айту керек.

4 жаттығу.

Әр қатысушы өз достары жайында айту керек. Сол досқа сенуге болады ма? Нағыз дос қандай болу керек?

5 жаттығу.

Қатысушылар бір-бірінің көңілін көтеру үшін, шын жүректен сыйлықтар сыйлау керек.

6 жаттығу.

Қатысушылар өздері туралы айтып, қандай қасиеттері бар, жарнамалап айту керек.

7 жаттығу.

Тренингтің соңында әр қатысушы өздерінің ойларын айтып, қандай күйде отырғанын, не ұнады, не ұнаған жоқ, жүргізушіге ескертулері мен қатысшыларға тілектерін айтады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше