Қасым Аманжолов «Көктем» .
Оңғарбаева Гүлнұр Маратқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Мұқыр орта мектебі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы
Сабақ тақырыбы: Қасым Аманжолов «Көктем» .
Сабақ мақсаты:
1. Көктем табиғаты туралы, көктемгі табиғат пен адамзат, жан – жануар дүниесіндегі мен құбылыстар туралы тереңірек тоқталу;
2. Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту, таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту;
3. Оқушыларды ұйымшылдыққ, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру. Сұрақ – жауап.т.б.
Сабақ көрнекілігі: Ғарыш суреттері, кодоскоп. т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де “Сіз”,
Кішігеде “Сіз”.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
-Балалар қазір қай сабақ?
Шығарма жазып үйреткен,
Пәнге қарап құрметпен
Тілімізді дамытқан,
Ана тілі болатын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қортындылау.
- Балалар, біз қазір аспан әлеміне саяхаттаймыз. Қазір біз аспан әлеміндегі жеті планетаны шарлап, планеталардың бізге дайындаған тапсырмаларын орындауымыз керек.
- Қане кім маған аспан әлеміндегі жеті планетаны атайды?
- (Сатурн, Марс, Шолпан, Юпейтер, Нептун, Меркурий Уран.)
- Балалар үйге не берілді?
- Ендеше аспан әлеміне саяхатын бастаймыз.
- («Тұнғыш ғарышкер» өлеңін мәнерлеп оқу. (Юрий Гагарин, Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабаев) туралы деректер жазып келу.)
- Бірінші Сатурн планетасының тапсыпмасы:
- Ендеше кім маған «Тұнғыш ғарышкер» өлеңін оқырп береді.
(1 – 2 оқушыға оқыту).
- Марс планетасының тапсырмасы:
Тұнғыш ғарышкер өлеңінің авторы кім?
(Олжас Сүлейменов.)
- Шолпан планетасының тапсырмасы:
- Тұнғыш ғарышкер кім?
- (Юрий Гагарин).
- Юпитер планетасының тапсырмасы:
- Егеменді еліміздің тұнғыш ғарышкері кім?
- (Тоқтар Әубакіров.)
- Нептун планетасының тапсырмасы:
- Ғарыш кеңесінде болған екінші Қазақстандық?
- (Талғат Мұсабаев.)
- Меркурий планетасының тапсырмасы:
- Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
- (1961 жылы 12 сәуірде.)
- Уран планетасының тапсырмасы:
- Тоқтар Әубакіров ғарышқа қашан ұшты?
- (1991 жылы 2 қазанда).
Өте жақсы балалар біз 7 планетаның тапсырмасын жақсы жауап бердік. Үй тапсырмасын осылай қортындылаймыз.
ІІІ. Сергіту сәті.
Жаттығу – ойыны: «Жаңбыр».
ІV.Мақсат қою.
V. Жаңа материлды меңгерту.
Ал енді жаңа сабақты бастаймыз.
- Жылда неше мезгіл бар?
- (4 мезгіл. (қыс, көктем, жаз, күз.))
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- (Көктем)
- Көктемде табиғатты қандай құбылыстар болады?
- (Күн жылынады. Күн ұзарып, түн қысқарады. Қар еріп сай – сала суға толады. Өзендер мен көлдерде бұлақтардың мұзы еріп сарқырап аға бастайды. Жыл құстары келеді. Төрт түлік мал, жабайы аңдар төлдейді.
- Көктем сурет бойынша әңгіме айту.
- Бүгінгі тақырып Қ. Аманжоловтың «Көктем» деген өлеңі.
- Қ. Аманжолов туралы мәлімет.
- Енді балалар Көктем өлеңін мәнерлеп оқу.(3 – 4 балаға мәнерлеп оқыту.)
VІ. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәнерлеп оқыту.
VІІ. Білімді бекіту.
- Енді балалар көктем өлеңінде ақын көктем келбетін қалай суреттеген?
- А) Бұлақ туралы не делінген?
- Ә) Өзен туралы ше?
- Б) Көктемгі жаңбырды сипатта?
- В) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады?
- Г)Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
- Осы өлең бойынша қандай сурет салар едің?
VІІІ. Суретпен жұмыс.
ІХ. Тірек сызба мен жұмыс.
- Көктем айларын атау.
- Көктемде табиғат құбылыстарын айту.
- Жан жануалар туралы айту.
- Көктемде қандай мерекелер туралы айту.
Х. Сабақты қортындылау.
– Автор көктем мезгілін қалай суреттеген?
– Көктемде табиғатта қандай құбылыстар болады?
– “Көктем” туралы айтып бер.
ХІ. Үйге тапсырма беру.
- Өлеңді жаттап алу.
- Көктем туралы сурет салу.
ХІІ. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды марапаттау.
