Омонимдер
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін № 6 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ихуанова Гулзада Зинеденқызы
Сыныбы:5 «в» сынып
Күні, айы, жылы: 16 10.
Сабақтың тақырыбы:Омонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды сөз мағынасын мән беруге,
сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;
Дамытушылық: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой – өрістерін
кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Туған тіл әрбір елдің мақтанышы екенін ұғындырып,
келтірілген мысалдар арқылы елін,жерін,туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу;
Cабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, венн диаграммасы, интерактивті тақта.
Cабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап,топпен жұмыс,тілдік талдау,
топтастыру,ізденушілік,зерттеушілік іс -әрекеттері,ой қозғау
стратегиясы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
а )Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
ә)Сынып оқушыларын түгендеу.
б)Сынып оқушыларын топқа бөлу.( үш түрлі конферт тарту арқылы
көп мағыналы сөздер туралы білгендерін жаздырамын,анықтамасын
айтқызамын,бағалау критерийлерін оқушыларға тарату.)
II Үй тапсырмасын тексеру
Сабағымызды көп мағыналы сөздермен бірге Фариза Оңғарсынова апамыздың өмірі мен шығармашылығымен байланыстырып өткіземіз.Үш топқа постер тарату арқылы көп мағыналы сөздер туралы білгендерін жаздырамын, анықтамасын айқызамын. Көп мағыналы сөздерін
65- жаттығу Мәтінді оқып,оған ат қойыңдар.
- Қол,сабақ,сіңір,қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрап жазу.
III.Сұрактар: «Кім көп біледі?
1 .Көп мағыналы дегенге қалай түсінесің?
2.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
3.Көп мағыналы сөздер қалай жасалады?
Ой шақыру.
Құрманғазы бір күйден соң бір күйді төгілтіп отыр.
Күйдің құдіретіне сиқырланған ел- жұрт жым-жырт болып,тамаша күйге бөленеді.
Қол берші қолымды,қоя бер,қолымды күйді.
Құрманғазы жас қыздан мұны күтпеген еді.
IV.Жаңа сабақ
Сабақтың эпиграф:
Құдіретті жасай бер,анам тілі,
Өзің барда ғажап ақ ғалам күллі.
Шабыт құйып,сән беріп сәндік қуат
Жол көрсетіп,әрлейді әрбір күнді.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығыолардың білдіретін мағынасынан көрінеді. Көп мағыналы бір негізден тарағандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын, ұқсас болып,олар бір ғана сөз табына жатады.ал омонимдер мағыналары жағынан бір – бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына, әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады. Мысалы:1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз; 2) тақтаға қара – қимыл – әрекетті білдіретін етістік.
Топтастыру стратегиясы
V.Деңгейлік тапсырмалар
I-Деңгей
1-Өнер топ «айт» сөзіне
2-Ақыл топ «ақ» сөзіне
3-Білім топ «бөле» сөзіне омоним болатын бірнеше сөйлем құраңдар.
II-Деңгей
1-Өнер топ «оң»
2-Ақыл топ «қара»
3-Білім топ «тас» сөздеріне сурет бойынша омонимдерін табу
III-Деңгей
1 Өнер топ-Мынадай үлгіде әзіл өлең құрастырып,өлең шумақтарында міндетті түрде омоним сөздер болу керек.
2.Мысалы: Бүгін кеште ауылда
Қызықты бір кеш болды.
Алғымен су кешіп,
Айбынымды кеш деді.
2-Ақыл топ-Дос туралы шағын мәтін жазу
3-Білім топ- Салмақты мінездеме жазу омоним сөздерді қатыстырып жазу.
Сергіту сәті: би жорға
«Кім тапқыр» ойыны.Жасырылған сөздерді табу.
Оқушылар суретте бірілген көп нүктеге сөйлем құрап жазу.
1.Шашы ұзын,ақылы қысқа
2.Арман құстарға жем берді
3.Арсен сабаққа тыңғылықты дайындалды.
4.Айгүл тәтті ұйқыда жатып,түс көрді.
5.Өз үйім өлең төсегім
6.Шешеннің сөзі артық,
7.Шебердің қолы ортақ.
8.Шешен жігіт сөз бастар,
9.Батыр жігіт қол бастар.
10.Көбелек гүле қонды
VI.Қорытындылау: «Бақшаға саяхат»
Өнер топ.1-тапсырма
1.Бөлменің ішінен хош иісі шығып тұр.
Көп нүктенің орнына тиісті омоним болатын сөзді қой.
2.«Бөлменің» сөзіне фонетикалық талдау.
Ақыл топ.2-тапсырма
1.Жүрегі ауырған адам жастықты биік қойып жату керек.
Бұл шақта,білім өнерге ұмтылған жан.
2.Көп нүктенің орнына тиісті омоним болатын сөзді қой.
Екінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
Білім топ.3-тапсырма
1.Қалың шашы үйдің қараңғылын қоюлап тұрғандай.
Алыста бір қара көрінді.
Екінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
Венн диограммасы:
1.Көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері.
2.Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.
3.Омоним сөздердің өзіне тән белгілері.
| Көп мағыналы сөздердің өзіне Омоним өзіне тән белгілері
тән белгілері. |
Ортақ қасиеттері | Омоним өзіне тән белгілері |
| 1.Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие
болуы. 2.Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да,бір сөз табына қатысты болады. |
1.Сөз байлығын көрсетеді.
2.Біркелкі дыбысталады |
1.Айтылуы бірдей мағыналары бөлек.
2.Әр сөз табынан болады, соған орай атқаратын қызметтері де бөлек болады. |
Ал,балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейік.Бәріміз тақтаға назар аударайық.(электрондық оқулықтар тапсырмалар орындау)
VII. INSERT картасы
| Не үйрендім? | Не білдім? | Нені білгім келеді? |
VIII.Үйге тапсырма: «Менің жанұям» тақырыпқа шығарма жазу.
IX. Бағалау: формативті бағалау.
Оқушыларға стипер таратылу арқылы сабақтан алған әсері туралы
жазылған пікір.
