Отбасы жарастығы

Астана қаласы

Қ.Р спорт және денешынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы ОР РММИК» РММ .

Өзін-өзітану пәнінің мұғалімі Зікірияева Гүлнар Жарболқызы

Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы

Сабақтың мақсаты: Оқушының «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру.

Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. (Әдемі әуен үні арқылы өткізу)

Махаббат ол- үлкен құдіретті күш. Махаббат ол- сезім, сенім. Махаббат ол- гүл, махаббат ол- туған-туысыңы, отбасыңа деген сағыныш, мейірім, жүрегіңнің төрінен орын алған, адам жанына өзгеріс енгізетін , сөзбен жеткізе алмайтын – Ұлы сезім. Барлығыымыз көз алдымызда өзімізге жақын адамдарға деген сағынышымыз бен ізгі ниет, жақсы тілектерімізді, сезімдерімізді қалай арнайтынымызды елестетіп көрейік.

Үй тапсырмасын қайталау.

Әңгімелесу кезеңі:

Отбасы жарастығы дегенді қалай түсіндіресіңдер?

Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

Мәтінмен жұмыс: «Отбасы жарастығы» ( Аңыз әңгіме)

Аңыз әңгімені оқу, талдау барысында мұғалім балаларға отбасының сыйластығы, жарастығы және татулығы болу үшін ненің қажет екеніне назар аудару керек.

-Өсиет әңгімелерінің мәні неде?

-Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қаситтер екенін білдіңдер?

Түйіндеме жасау:

Отбасындағы жарасымның негізі: Сүйіспеншілік

Кешірім

Бірлік

Шыдамдылық

Дәйексөзді оқу, мағынасымен танысу.

«Уәде не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» халық мақалы

4. Шығармашылық жұмыс.

Сахналау әдісі арқылы отбасындағы үлкен – кішінің бір-біріне деген

ізет-құрметін, қарым-қатынасын бейнелеу.

5. Дәптермен жұмыс.

6. Топпен ән айту.

7. Үйге тапсырма беру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше