«Озық – ойлы оқушы»

Аширова Күлғанша Абдихамаловна

Астана қаласы

63 орта мектебі

Тақырыбы:«Озық – ойлы оқушы»

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, математикадан алған білімдерін жинақтау, ой өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін, тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Білімді азамат ел – ертеңі», «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі – білім»

Мұғалім: Армысыңдар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі оқушылар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді оқушыларды анықтайтын «Озық – ойлы оқушы» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайыскерлердің сайысына әділ баға беретін әділ қазылар алқасы таныстырылады;

1.

2.

3.

І. Бәйге немесе таңдау туры:

1. Дұрыс бөлшекті көрсет:

2. Ондық бөлшек түрінде жаз;

3. Ондық бөлшектерді азайтыңдар: 22,5 – 9,234 (13.266)

4. ,,, екі санды өзара кері сандар деп атаймыз. (көбейтіндісі бірге тең)

5.21 санының бөлгіштерін жаз. (1.3.7.21)

6.Есепте ()

7. Есепте ()

8. 18 – дің табыңдар. (12)

9. ең кіші жай сан (екі)

10. Бөлуді орында: ()

ІІ. Тіл өнер:

Бұл бөлімде жұмбақ айтылады неменсе мақалдың жалғасын табу керек. Жұмбақтың шешімі немесе мақалдың жалғасын үш тілде айтылады қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. әр жауапқа 30 ұпай

1.Қабат қабат қаптама ,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга. bооk)

2.Оңға оқы сол санмын, солға оқы сол санмын.

Бес әріптен тұрамын, айтшы мен қай санмын? (қырық, сорок,lovty)

3.Қандай саның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар

(он, десятьten Жүз,стоhundred)

4. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш, линейка linev)

5. Білекті ….. жығады,

Білімді мыңды жығады, (бірді, один, оnе)

6. …. жылда ел жаңа ( елу, пятьдесят fifty)

ІІІ. «Дода»

Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді- дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Дода бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода бөлімінде білімдеріңді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлары бойынша тақырып таңдайды.Дұрыс жауап берсе сол тақырыптың таңдаған ұпайы қосылады.

1 Санамақ 10 20 30 40
2 Логикалық есептер 10 20 30 40
3 Әр түрлі сұрақтар 10 20 30 40

1.Санамақ

10. Дүкеннен сабын алдым,

Оның қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш, төрт кітап

Тіс ысқышты қоса алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары (10)

20. Баяғыда бір кемпір және оның екі баласы болыпты. Кемпір күнде екі баласына сүт пісіріп береді екен. Бір күні сүтті пісіріп, суытуға үй іргесіндегі көлеңкеге қойса, біраздан кейін келіп қараса, қазанда сүт қалмапты. Кемпір былай дейді:

– Бір қазан сүтті пісіріп, суытуға қойып едім, енді қарасам сүттің қаспағыда қалмапты.

Екі баласы таңыпқап:

– Төгіліп қалып па?

– Біреу ішіп кеттіп пе? – дейді

Апасы:

– Құстар ішіп кетіп

Ал, бір қазан сүтті қанша құс пен көбелек ішкенін санайық:

Көбелек келіп күмп етті,

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етті,

Жартысын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қарық етті,

Қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етті,

Сарқып ішіп ол кетті.

Қырғауыл келіп қиқу сап,

Қазан түбі қаспағын,

Қырнап ішіп ол кетті.(5)

30. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой. (15)

40.Бақшаға, жақсы аға

Көп-көп ойыншық келді алып:

Бір балық,

Екі есек,

Үш үйрек,

Төрт бүркіт,

Алты арғымақ,

Жеті жарғанат,

Сегіз саулық,

Тоғыз тауық,

Он торпақ.

Болма есепке сен шорқақ!

Ауызша, жазбаша қосыпшық.

Бақшаға Жақсы аға

Қаншама әкелді ойыншық? (50)

2.Логикалық есептер:

10. Ең үлкен үш таңбалы сан. (999)

20. Пар ат 5 километр жүгіріп өтті. Аттың әрбіреуі неше километр жол жүгіріп өтті? (5 километр)

30. Үш санның қосындысы да, көбейтіндісін де 6-ға тең. Осы сандарды атаңыз. (1,2,3)

40.Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін құрайды. Пілдің баласы неше килограмм? (125 килограмм)

3.Әр түрлі сұрақтар

10. Қазақтың үш биін атаңыз (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)

20. Қазақша күресте екі балуанның бірін-бірі жеңе алмай қатар жығылуы не деп аталады? (итжығыс)

30. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең үлкен номиналы? ( он мың теңге)

40. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина)

ІV. «Тапқыр болсаң талас жоқ»

  1. Екі бұтақта 16 торғай отыр еді. Бір уақытта екінші бұтақтан 2 торғай ұшып кетті де, бірінші бұтақтан екінші бұтаққа 5 торғай келіп қонды. Осыдан кейін екі бұтақтағы торғайлар саны теңесті. Бастапқыда әр бұтақта неше торғай болған? (12 торғай және 4 торғай)
  2. xxxx – ***=1 жұлдызшаны орында қандай сан тұр? (1000-999)

Жүргізуші:

Білім аққан селдей-ді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсен білім көп,

Ақыл ойға кендейді.

Рухани нәріміз,

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй»-деп ұлы Абай атамыз айтқандай, кезекті әсем әнге береміз.

Сөз әділ қазыларға беріледі.

Қорытынды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше