Атомдар және молекулалар, атом молекулалық ілім және оның маңызы.
Нысанова Гүлназ Әскерқызы
химия-биология пәні мұғалімі
Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп
Атырау қаласы, Бірлік селосы
Сабақтың тақырыбы: Атомдар және молекулалар, атом молекулалық ілім және оның маңызы.
Сабақтың мақсаты: Химиялық элемент,жай және күрделі зат ұғымдары негізінде атом туралы түсінікті қалыптастыру таза зат, атом, қоспаларды бөлу әдістерін білу. Оқушылардың атом және молекула жайлы білімін бір жүйеге келтіру.
Құрал – жабдықтар: электрондық оқулық, H2 , O2 және су молекулаларының үлгілері, жай және күрделі заттардың үлгілері, суды электролиздеуге арналған құрал , металдар және бейметалдар.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сто
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ітоп ІІ топ
Таза заттар Қоспалар
Әртекті Біртекті
ІІІ. Жаңа материалды оқыту:
Оқушыларға сұрақ қоя отырып, физика курсынан атом және малекула туралы алған білімін жаңғыртамыз.
Ой шақыру
1. Температура өзгерген кезде дененің көлемі неліктен ұлғайяды немесе кішірейеді?
2.Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?
Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, заттардың белгілі бір ара қашықтықта болатын бөлшектерден тұратындығын,сол ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты дене көлемінің өзгеретінін еске алады. Бөлшектердің ара қашықтығы өскен сайын дененің көлемі ұлғаяды, бөлшек- тердің ара қашықтығы жақындаған сайын дененің көлемі кішірейеді.
Екінші сұраққа жауап бере отырып, оқушылар заттарды құрайтын бөлшектердің молекула екенін және молекулалар атомдарға ыдырайтындығын анықтайды.
Оқушыларға оқулықтан атомның анықтамасын табуды және сөздікке жазуды ұсынамыз. Мұғалім атомдардың белгілі бір саны бар екендігін түсіндіреді. Айналамыздағы өлі және тірі табиғат атомның азғана санды түрлерінен тұратындығын түсіндіреді. Атомдар бір-бірімен әр түрлі болып қосыласады..
Алфавиттегі әріптердің жүз мындаған сөздерді құрайтындығы сияқты атомдардан әр түрлі малекулалар немесе күрделі заттардыңкристалдары құралады. Химиялық реакция атомдардың нақты бар екенінің дәлелдемесі болады. Онда бастапқы заттар құрамына кіретін атомдардан жаңа заттарды дәл сондай атомдары түзіледі.
Мұғалім атомдардың бір ғана түрінен жай, ал әр түрлі атомдардан күрделі заттар түзілетіндігін түсіндіреді (H2, O2, және су молекулаларының үлгілері мысалында) және суды электр тоғымен айыру тәжірибесін көрсетеді. Содан соң оқушыларға тапсырма беріледі. Оқулықтағы тексті пайдалана отырып, жай және күрделі заттың анықтамасын табу және қайталап оқу.
Оқулықтың 10 суретінде темір сульфидінің түзілу сызбанұсқасына мұқият қараңдар. Күкірт пен темірдің қосылу реакциясына атом және молекулалардың өзгеруін ескере отырып, түсініктеме беріңдер. Күкірт пен темір қоспасын темір сульфидінен қалай ажыратуға болады? Күкірттің темірмен қосылуын көрнекі көрсеткен соң, мұғалім күрделі зат пен қоспаның өзіне тән белгілерін айтып, оқушылармен бірге оны төмендегі кестеге түсіреді.
ІV. Бекіту
1)
| Өзіне тән белгілері | Күрделі зат немесе қоспа |
| 1.Физикалық әдістермен айыруға болады.
2.Физикалық әдістермен айыруға болмайды 3.Бастапқы заттардың қасиеттері сақтал майды 4. Сандық құрамы барлық уақытта тұрақты. 5. Сандық құрам өзгермелі болуы да мүмкін. |
2) Топтық жұмыс
І топ ІІ топ
«Атом» «Молекула»
«Бөлінбейтін» «Өте кішкене»
Оқушылардың жай және күрделі заттардың құрамына қарай ажырата білуін нығайту мақсатымен тапысырма береміз. (Бір топқа екі оқушыдан). Тапсырманы кодоскоп арқылы көрсетуге немесе алдын ала тақтаға жазып қоюға болады. Төмендегі көрсетілген заттардан бірінші оқушы жай заттардың, екінші оқушы күрделі заттарың аттарын жазады: алюминий, мыс оксиді, су , көмір қышқыл газы, оттегі, темір, темір сульфиді, азот, темір оксиді, күміс. Бір-бірінің жұмыстарын тексереді, жіберілген қателерін бір біріне түсіндіреді.
3)Кеспе қағаздармен жұмыс
V. Қорытындылау
Атом молекулалық ілімнің негізгі қағидалары
VI. Үйге тапсырма беру: § 6»
VII. Бағалау
Жаңа материалды оқыту. Жаңа материалды оқыту мынадай жоспармен жүргізіледі:
- Мұғалімнің ежелгі грек ғалымдарының атом туралы көз қарастары және атом деген атау қалай берілгендігі туралы хабары.
- М.В.Ломоносов атом – молекулалық ілімінің негізгі бағыттары, оны ағылшын ғалымы Джон Дальтон дамытуы және сол кездегі белгілі болған элементтердің атомдық массасын табуға арналған жұмыстар.
- Карлсруэ (1860) қаласында өткен халықаралық химиктер съезінде атом молекулалық ілімді түпкілікті бекіту және атомның бөлінбейтіндігі туралы көз қарасты өзгерту, молекула және атом ұғымдарының анықтамаларын қабылдау;
- Атом – молекулалық теория негіздерінің жаңа көзқарастарынан алған қағидалары.
- Физикалық және химиялық құбылыстарды атом – молекулалық көзқарас тұрғысынан түсіндіру (диффузия,физикалық және химиялық құбылыстар).
Мұғалім қазіргі күнге дейін маңызы зор атом – молекулалық ілімнің химиядағы негізгі теория екенін түсіндіре бастайды. Атом – молекулалық ілімді алғаш химияға пайдаланып, оны әр қарай дамытқан ғалым М.В.Ломоносов еді. Ілімнің негізгі қағидалары төмендегідей:
1.Барлық заттар «корпускуладан» тұрады.(молекулшаны Ломоносов солай деп атаған)
2.Молекулалар элементтен тұрады. (атомды Ломоносов солай деп атаған)
3. Бөлшектер – молекула және атом үнемі қозғалыста болады.
4.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады. Одан ары қарай заңды оқып үйрену жоғарыда берілген жоспармен жүргізіледі.
Жаңа материалды бекіту. Жаңадан оқып үйренген тақырыпты есте сақтау үшін оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді:
а) атом – молекулалық ілімнің негізгі мәнін түсіндір;
ә) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтық молекуласындағы қозғалысты түсіндір.
б) атом – молекулалық теория тұрғысынан физикалық және химиялық құбылыстардың мәнін түсіндір;
в) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтың молекуласындағы қозғалысты түсіндір;
Егер уақыт жетсе сабақ соңында заттың құрамын анықтауға және валенттілікті біле отырып, заттың формуласын құруға төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуге болады.
1.Берілген жалпы оттегі қосылыстарының ішінен сәйкес келетіндерін таңдап ал. Егер фосфор (V), хлор (VII) валентті болса: R2O, R2O5, R2O7, RO, R2O3;
2.Берілген формулалардың WO3; Cr2O3; N2O5; Ag2O; Fe2O3; ішінен оттегі қосылыстарын таңдап ал. а) элемент бір валентті болса; б) элемент үш валентті болса;
3.Формуласы берілген: NO; H2S; FeCI3; AICI3; AI2O3; Mn2O7; Fe2O3; NaCI; N2O5; заттардың сәйкес аттарын тап: азот (V) оксиді; алюминий оксиді, темір (III) хлориді; күкірт (VI) оксиді; темір (III) оксиді; алюминий хлориді;
Үйге тапсырма беру: §16. (1-9) Жұмыс дәптері.
