Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Рибасомалард ағы биосинтез процестері, органикалық заттардың энергия бөле отырып биологиялық тотығу процест ерінің метохондрияларда аяқталуы.

Нысанова Гүлназ Әскерқызы

химия-биология пәні мұғалімі

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Атырау қаласы, Бірлік селосы

Сабақтың тақырыбы: Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Рибасомалардағы биосинтез процестері, органикалық заттардың энергия бөле отырып биологиялық тотығу процестерінің метохондрияларда аяқталуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жасуша мен оның органоидтерінің құрылысымен, атқаратын қызметімен таныстыру .

Дамытушылық: Оқушылардың жасуша құрылысын атқаратын қызметін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, сто.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, электрондық оқулық, интернет материалдары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. 3 минут

Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 12 минут

Ағзалық заттарға қандай заттар жатады?

І топ ІІ топ
Нәруыздар Майлар
Көмірсулар Нуклеин қышқылдары

ІІІ. Жаңа сабақ (Үй тапсырмасын қорытындылап,жаңа сабақты ашу ) 15 минут

Ой шақыру

Жасушаның құрылысын қандай? Жасуша органоидтарын кім атайды?

Жаңа сабақ түсіндіру

Митохондрия – май қышқылдарын синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасызететін энергия жинақтаушы құрылым. Ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

Адам, негізінен, дене пішіні, мүшелерінің орналасуы және олардың кызметі бойынша ұқсас болады.Адам денесі көп жасушалы организмдер сиякты жасушалық құрылысты болады. Оны құрылысы мен атқаратын қызметі әр түрлі миллиардтаған жасушалар құрайды. Біз әр түрлі әдемі кірпіштен —жасушалардан салынған ғимарат сияқтымыз. Жасушалар тітіркенуге белсенді жауап кайтарады, зат алмасуға катысады, өседі, көбейеді, регенерацияға (кайта калпына келуі) және тұқым қуалау ақпаратын келесі ұрпақтарына беруге кабілетті.Біздің организміміздегі жасушалар пішіні (форма) бойынша әр түрлі: жалпак, дөңгелек, ұршық тәрізді, кейбіреулерінің өсінділері бар. Жасушаның пішіні организмдегі орны мен атқаратын қызметіне байланысты. Олардын мөлшері де өр түрлі: бірнеше микрометрден (кішкентай лейкоцит) 200 микрометрге дейін (жұмыртқа жасушасы). Құрылысы мен аткаратын қызметтері әр түрлі болғанымен, жасушалардың жалпы құрлысы ұқсас, олар: жасуша мембранасы , цитоплазма және ядродан тұрады.

Жасуша органоидтеріне тұрақты жасуша құрылымдары жатады. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) цистерна-қалта-шық, көпіршік, қуыстар, өзектер, ұсак көпіршіктер торы. болып табылады. Эндоплазмальщ тордың тегіс және туйіршікті түрлері бар. Түйіршікті ЭПТ мембранасында рибосомалар орналаскдн. Тегіс ЭПТ мембранасында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалык тор жасушалар-дағы заттардың тасымалына қатысады. Түйіршікті ЭПТ-да нәруыздар, ал тегісінде — майлар мен көмірсулар (гликоген — жануар крахмалы) синтезделеді.

Лцзосомалар — ферменттері (биологиялык. белсенді заттар) бар, жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдырататын, бір мембраналы, шар төрізді құрылымдар. Лизосомалар, әсіресе фагоцитозға қатысатын жасушаларда көп болады.

Голъджи комплексі — ретті орналаскан қуыстардан, түтікшелер мен көпіршіктерден тұратын жүйе. Ол осы жүйені жасушаға күміс иондарын енгізіп ең алғаш ашқан италиялық ғалым К.Гольджидің күрметіне аталған. Гольджи 1898 жылы осы органоидті сипаттап, онын жасушадагы қызметін анықтаған. Гольджи комплексі

ІV. Бекіту 3 минут

Рибасоманың атқаратын қызметі? Метохондрияның қызметі қандай екен?

V Қорытындылау 7 минут

Кесте толтыру.

ОРГАНОИД құрылысы Атқаратын қызметі

VІ. Үйге тапсырма беру 3 минут

VІ. Бағалау 2минут

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше