«Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіре ді, керемет мұғалім-көрсетеді,ұлы мұғалім-шабытт андырады»
Нурумова Айша Жаксыгалиевна
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,
Жиренқопа орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
СЫНЫПТАҒЫ БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ОҚУ ҮДЕРІСІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ?
ойталқы
«Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді,
керемет мұғалім-көрсетеді,ұлы мұғалім-шабыттандырады»
Уильям Уарт
(ұлы ағылшын ағартушысы)
Түйінді мәселем: Ешқашан да бәрің білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма.(Н.Д.Ушинский)
Мақсаты: Білімге құштар ой өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматын тәрбиелеу кезінде оқушылардың оқуға деген ынтасын жақсартудағы тиімді әдістерді пайдалану, үйрену, тәжірбие алмасу.
І. Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі-бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді тәуелсіз Қазақстанда өркениетіне бастар жолдың бастауы-мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі ұстаз.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін-әрқашан ізденуі, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Білікті де білімді маман иесі болына мұғалімнің үш көмекшісі көмектеседі: БАС,ҚОЛ, ЖҮРЕК.
Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен қатар, жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үдеріс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялар жасалып, мектеп практикасына енгізілуде:
- Іскерлік ойын технологиясы;
- Проблемалық және интеграциялық оқыту;
- Шаталовтың интенсивті оқытуы;
- Дьяченконың ұжымдық оқыту технологиясы;
- Эрднистің блоктап оқыту технологиясы;
- Деңгейлеп оқыту технологиясы;
- Дамыта оқыту технологиясы,т.б
Жоғарыда айтылған оқытудың педагогикалық технологияларын оқу-тәрбие процесіне біртіңдеп енгізетін болсақ, онда білім сапасын арттыруға, оқушылардың дамуына бақылау жасауға, оған сәйкес бағалауға, басқару тиімділігін жетілдіруге, мүмкіндік болатыны дәлелденіп отыр. Сондықтан сабақ барысына мүмкіндігінше жаңа педагогикалық технологияларды енгізу сыныптағы барлық оқушылар үшін оқу үдерісін жақсартады деп ойлаймын. Оқу үдерісін жақсартуда ойын технологиясының да тиімділігі бар.
Ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай да түрі болмасынөзіне тартады, сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеттері бірдей болмайды. Сондықтан да сабақтарда әр оқушының жас ерекшеліктеріне сай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Мысалы, мен 4-5 кластарда ағылшын тілі сабағымда оқушыларды екі топқа бөліп, «Сыңарыңды тап!», «Керекті сөзді тап!», «Сөз құра», «Сөйлемді аяқта»,т.б ойын түрлерін қолданамын. Сабағымда көп қолданатын, оқушыларды қызықтыратын ойынның бірі – «Hot chair»-«Ыстық орындық». Бұл ойынның шарты тақтаға бір орындық қойылады. Сол орындық «Ыстық орындық» деп аталады. Тақтаға бір оқушы шығып, сол орындыққа отырады. Үй тапсырмасы немесе жаңа тақырыпты бекіту бойынша оқушыға сыныптастары сұрақтар қояды. Оқушы сол сұрақтарға барынша тез жауап беру керек.
Келесі бір сабақта тиімді қолданатын педагогикалық технологияларымның бірі Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясының элементтері.
Ж.Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4түрге бөліп отыр:
1. Репродуктивті деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерінеде және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушылар мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3.Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып,жауап береді. Бұл тапсырманы орындауға оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет.
Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы белсенділік дегеніміз- оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті, т.б) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
ІІ. Ой қозғау(әркім өз ойларын ортаға салады)
ІІІ. Анкеталық сұрақтар.
- «Инновация» деген ұғымды қалай түсінесіз?
- «Жаңа технологияны енгізу-жетістікке жетудің жолы» деген пікірмен келісесіз бе? Неліктен?
- Сабағыңызда оқушылардың оқу үдерісін жақсартуда қандай оқыту технологияларын қолданасыз?
- Сіз қолданатын технологияның тиімділігі мен ерекшелігі неде?
- Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалайсыз?
Қорытынды: Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншіктерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады, яғни сабаққа деген ынталары мен қызығушылықтары артады.
«Білімді адам» парадигмасын «өзін-өзі дамытатын және әрекетшіл адам» парадигмасына өзгеруге болады.
Ақтөбе облысы
Қобда ауданы
Жиренқопа орта мектебі
Нурумова Айша Жаксыгалиевна
ағылшын тілі пәнінің ІІ санатты мұғалімі
