«Менің жылдарым-менің байлығым» — тренингі
«Менің жылдарым-менің байлығым» — тренингі
( Ардагер-ұстаздармен сырласу сағаты)
Өткізген: Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мырзахметова Балгын Сигуатовна
Мақсаты: -Ұстаздар ұжымының бірлігі мен достығын нығайту, ардагерлерге құрмет көрсету;
-Мұғалімдердің шығармашылығын арттыру, шабытын ояту, үлкендердің ісінен
тәжірибе алмасу, мейрамалды демалыс кешін ұйымдастыру.
Жүрісі: Туған жерде нық тұрып,
Елдік мәнін ұқтырып,
Бар ғұмырын сарп еткен
Бұл деген мықтылық.
Қол соғайық ендеше
Ардагерге тік тұрып.
Ұжым екіге бөлінеді: Аквариумдағылар және көрермендер.Ал аквариумдағылар Жастар, мұғалімдер және ардагерлер болып үш топқа бөлінеді.Аталған орынға отыруларыңыз сұралады.
«Жастар» тобына – Әнуар,Жасұлан, Ибатолла,Эльвира,Жайнагүл және Света
«Мұғалімдер» тобына – Сандуғаш,Тахара, Шаттық, Жанат ағай,Рая,Жанерке
«Ардагерлер» тобына- Сәлима апай,Насиха апай,Нұрбетай апай,Майра апай, Тамара апай,Роза апай.
Жүргізуші: -Қадірлі кеш қонақтары, мұғалімдер!Жылдағыдай қазан айының алғашқы мерекесі – ұстаздардың кәсіби мерекесі де келіп жетіпті.Бұл дәстүрлі мереке көңілге жылы шуақ орнатып, тоқтаусыз жылдар тізбегіндегі ерекше сәттерді, қызу еңбекті еске түсіретін шырайлы күн. Бұл мереке- әрбір ұстаз өзінің осы мамандықты таңдағанына ерекше риза болатын күн.Өзінің бар ғұмырын мектепке арнап, әр минутын кестеге салып ,есептеп жүрген аяулы үстаздар үшін мектепте өткен әрбір күн ерекше қымбат екені даусыз.Аяулы ұстаздар, ардақты ардагер ұстаздар, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз және зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Сіздердің бүгінгі біз үшін, келер ұрпақ үшін жасаған шараларыңызға көп-көп рахмет айтамыз.Соның соңында осындай бір кешке жиналып отырмыз. Бұл – Сіздерден тәжіңрибе алу кеші; бұл- Сіздерді құрмет ету кеші; бұл- Сіздерді демалдыру кеші болады деп ойлаймыз. Сондықтан да хош келдіңіздер.Алдымен бүгінгі күні өздеріңіздің қатысуымен болған шаралар жөнінде ой қозғасақ. Несі ұнады, қай жерін қалай түзесе болады? Үш топтан үш ауыз сөз.
