Ойлайық та,ойнайық!

Меңдығалиева Айгүл

Бастауыш сынып мұғалімі

Атырау облысы

Кұрманғазы ауданы

Ақкөл орта мектебі

Интеллектуалдық сайыс 2 сынып

Тақырыбы: Ойлайық та,ойнайық!

Мақсаты: 1.Оқушылардың алған білімдерін пысықтау және тереңдету.

2. Танымдық ақыл-ой, логикалық ойлауын,жылдам есептеу дағдыларын дамыту.

3.Ұйымшылдыққа, достыққа, тез есептеуге, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: дидактикалық материалдар

Технология: дамыта оқыту,табиғи байқағыштық арқылы сауттылыққа тәрбиелеу,

Ой өрісін дамыту технологиясы.

Әдісі: түсіндіру, сабақта қолдану,

Түрі: жарыс сабақ

Техникалық құрал, мультимедия.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Мұғалім сөзі. Құрметті ұстаздар! Бүгін сіздер апталықтың үш күнін өткізгелі отырмыз. Жоспарлаған жоспар бойынша 2сынып оқушыларының «Ойлайык та, ойнайық» сайысына қош келдіңіздер! Мен 4сыныптан 6 оқушыдан жарысқа қатыстырып отырмын.

Мұғалімнің алғы сөзі:

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар

Бәрінен де бастысы.

Барлығының да қатты істейтін миы бар.

Писихалогиялық дайындық..

Ойға толып санамыз,

Бестік болып бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз

Топтармен таныстырамын.

1.Алғырлар: Ұраны: Біз ақылды баламыз,

Есеп жұмбақ табамыз.

Жауабын тез табамыз,

Туын ұстап білімнің,

Жарысуға шығамыз.

2.Ойшылдар: Математик білім қуған жастармыз

Есептерді демде шешіп тастармыз!

3.Зерек: Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

4. Тапқырлар: Кім ойы озық, кім жүйрік,

Лезде алға шығайық!

Мұғалім сөзі:1. « Математика» сөзін естігенде сендердің көз алдарыңа не елестейді.

Математикалық ассоцация

2.Алғаш математика пәнімен танысқанда нені үйрендіңдер?

Санды таңбалауды, жазуды.

Олай болса қазір мен сіздерге

«Көңілді сандар» ойынына жұмбақтар айтайын

Міне балалар ойлап қарасақ ,сандарда неше түрлі болып суреттермен бейнеленеді екен?

Ары қарай ойынымызды жалғастырып білімімізді ортаға салайық .

Мұғалім:

Ең қиыны жарыстың міне келді.

Мықтылары келіпті жеңсін енді

Тез жауап бер, ойланып турып қалмай,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

1- кезең

10 10 10
20 20 20
30 30 30

Сол жақтағы

10- Ішінде 10саны кездесетін мақал

(он рет өлшеп, бір рет кес.

Батыр бір рет өледі қорқақ мың өледі.)

20 – амал таңбасын қой

30 – компаненттік атаулар

Ортадағы

10-ребус

20-жазуды жалғастыр

30-разрядттық қосылғыштарға жіктеу

Оң жақтағы

20- уақыт өлшем бірлігі

30-баға түрінде қосу

10-ұзындық өлшем бірлігі

2- кезең

Сергіту: Үшбұрыштарды сызып санау

3- кезең

Математикалық тізбек!

Ой ойласаң көп ойла

Алдын артын кең ойла

Шат толағай болмасын

Асықпастан кең ойла

Зерігіп кеткен жоқпызба балалар? Сергіту.

Музыка. Пауза ( ән орындалады)

Далаға шығамыз…………….. терең демаламыз

Көктемгі ауа кандай «тамаша» самал жел еседі

4- кезең

Қане біздер ойлайық

Ойымызды жинайық

Қандай есеп болсада

Шешпей оны ойнайық

«Қалт етпей қағып ал,

Жауабын тез тауып ал »

жауабы 20

2220

20см

18 см

18см

«11813

1»і3см

Шарты 2020 см
Ұзындығы 6см, ені 3см

Р-?

Шаршының қабырғасы-5см. Р-?
1 қабырғасы-6см

2 қабырғасы-3см

3 қабырғасы-4см

Р-?

5 – кезең

Логикалық есеп

  • Екі адам шахматты 2 сағат ойнайды. Бір адам неше сағат ойнайды?
  • 4 жұмыртқа 4 минут піссе, 1 жұмыртқа неше минут піседі?
  • 2 кг мақта ауыр ма, әлде 2 кг темір ауырма?
  • 3 қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ,Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
  • Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай ?
  • Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
  • 3 тауық 3күнде 3 жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
  • Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

Музыка. Пауза ( би орындалады)

6 – кезең

Жарайды балалар: Геометриялық фигуралар туралы не білеміз?

Нелері болады? Бұрыштары, төбесі, қабырғалары:

Ережені еске түсіру p-?

Зерігіп кеткен жоқпызба балалар? Сергіту.

Есте сақта!

«Көз зердесін дамытуға арналған жаттығулар »

Музыка. Пауза ( ән орындалады)

7- кезең

Хор: Бақытты балалық шақ.

Қорытындылау .

Ұнады Тағы да ізденемін Ұнаған жоқ

Міне оқушылар «Ұқыпты ұтар іздеген табар, оқыған озар, еріншек тозар». Сайыста тапсырмалар нәтижесін білу үшін аділқазыларға сөз кезегін береміз

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздерменен кездесеміз біздер алі

Ұстаздар, көрермендер сау тұрыңыз.

Күндер жарқын күндер әлі!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше