Мен соғысты жек көрем!
Меңдығалиева Айгүл
Бастауыш сынып мұғалімі
Атырау облысы
Кұрманғазы ауданы
Ақкөл орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:Мен соғысты жек көрем!
Мақсаты: білімділігі: Өлең мазмұнын меңгере отырып, бейбітшілік пен зұлымдықтың арасындағы байланысты түсіндіру. Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру,өз сөздерімен әңгімелеп,ауыз екі сөйлеуге машықтандыру.
Тәрбиелілігі: Өз халқын, өз Отанын, туған жерін сүоуге үлкенді құрметтеуге, адамгершілікке баулу.
Дамытушылығы: Ойлау қаблетін арттыру, ой-өрісін, қиялын арттыру, шығармашылыққа баулу.
Көрнекілігі: мультимедия, сызба деректер, Қазақстандық батырлар суреттері, ауыл ардагерлерінің суреттері, соғыс болған жерлердің картасы, соғыс кезіндегі суреттер.
Түрі:
Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, ұжымдық іс-әрекет, жұптық жұмыс, өзін-өзі бақылау, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, математика,қазақ тілі
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау техналогиялық элементтері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылар назарын өзіне аудару.
Б) Психологиялық дайындық.
Оқушылар қазір ана тілі сабағы болғандықтан өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілі болғандықтан қазақ тілі туралы өлең жолдары арқылы сабаққа жиналайық.
2. Психалогиялық дайындық.
Қазақ тілім-өзтілім. Ана тілім
Абай, Мұхтар, сөйлеген дара тілім
Қастерлейді, ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бағытым, дана тілім.
Мұғалім сөзі:
Жақсы балалар, бүгін біздерге көп апайлар қонаққа келіп отыр. Сол апайларға өз білімімізді көрсетейік. Мен алдымен сіздерге бүгінгі сабағымыз бірнеше кезеңнен тұратынын естеріңе сала кетейін.
Қане, балалар келесі кезеңде…
II- Кезең. «Келді кезең үй жұмысын сұралық,…
Қане, оқушым, біліміңді сыналық ».
Үйге қандай тапсырма берілді?
Н.Ақышевтің «Компьютер жанындагы жанжал» әңгімесін оқып сұраққа жауап беру.
1Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
2.Әңгімеге кімдер қатысты?
3.Әңгіме неге «Компьютер жанындағы жанжал» деп аталады?
4.Мәтінен «Интернет»туралы не ұқтың?
5.Айдынның бұл істеген қылығы дұрыс болдыма?
Ахуалды жағдаят.
Сен Айдынның орнында болсаң не істер едің?
Жұптық жұмыс.
Венн диограммасы.(парталас екі оқушы толтырады.)
Пайдасы зияны
III Кезең «Көрейікші ой толғап,…
Жауап берші есіңе ап… »
«Жанжал» сөзіне мағыналас сөздер табу.
Жанжал – ұрыс, керіс, дау,соғыс-туралы естігендерің барма?
Алда келе жатқан мереке туралы не айтар едің?
1,2оқушы жауап береді.
9 – мамыр жеңіс күні
-1945жылы 9- мамырда Кенес Одағы жеңіске жетті.
Осы күнді «Жеңіс күні» деп атап өтті.
Олай болса балалар мына ребусты шешіп көрейік.
Ребус.
Автортану
IV-кезең «Оқулықты аш та …
Деміңді ал, сал тыныштал »
Оқулықпен жұмыс.
(Үнтаспадан тыңдау. Оқушылар оқулықтан көзбен жүгіртіп , түсініксіз сөздерді түртіп
отырады. )
Түртіп алу стратегиясы.
Сөздік. Дәптермен жұмыс
Қасірет –басқа түскен уайым қайғы.
Жырақ –шалғай алыс қашық.
Ғұмыр бойы -өмір бойы.
Мұратқа жету –арманына жету.
V-кезең. Мәнерлеп оқы жасқанба !
Қадамыңды баста «Алға! »
Оқушылар мәнерлеп оқиды.
IV-кезең. Сергіту сәті.
Назар аударындар. «Деректер сыр шертеді.»
Ұлы Отан соғысына қатысқан адам саны 35000000
Кеңес Одағы 19000000 халқынан айырылды.
Басқа ұлттардан көз жұмғаны 8668400.
Оның ішінде қазақтар 1870000.
Көз жүмғандары 601000.
Кеңес Одағы барлығы 27000000-ға жуық адамнан айырылды.
1 мин. Еске алу.
VII- кезең. Талдау. «Ұжымдасып бәріміз,
өлеңді талдап көрейік!…»
1.Соғысты неге жек көресің?
2. Жер шары балаларының тілегі не?
3.Балалардың арман-қиялы не?
4.Осы өлең «Туған өлкем-тұнған шежіре» бөлімімен қандай байланысы бар деп ойлайсындар?
Мұғалім сөзі.
Ия, бұл соғыстың бәрі қазақ халықтарының басынан өткен.
Халық басынан кешірген қандай кезеңде болсын ел бастаған шешендер , қол бастаған көсемдер,мақтан тұтар ерлер болған ғой. «Жүк ауырын нар көтереді, Ел ауырын ер көтереді» дегендей халық қамын жеген абзал жандар жөнінде жазылған шығармалар көп міне өлеңнің бұл бөлімімен байланысы осында.
VIII-кезең. Деңгейлдік тапсырма. «Еркін ойлап еркін жаз,сурет салып,
Біліміңді бекітші жас талант. »
I. Міндетті деңгей.
1.қиып, ел, жанын,қуған үшін, жауды-сөздерін орнына қойып сөйлем құрап жаз.
«Ел үшін жанын қиып жауды қуған».
(ауылымыздың ұлы отан соғысы батырларының суреттерімен таныстырып, олардың ерлігі жайлы айтып өту)
2.Cөз құрамына талда.
Ел-түбір сөз
Үшін –шылау
Жан-түбір сөз, ы-тәуелділік жалғау, -н-жалғау.
Жау –түбір сөз, – ды-табыс септік жалғауы.
Қу- түбір сөз, – ған жұрнақ.
II- деңгей мүмкіндік деңгейі
Мақал ішіндегі арнайы тастап кеткен сөзді тап.
1.Ерлікте қорлық………….(бар, жоқ)
2.Батыл болсаң…………….да боласың (батыр, қорқақ)
3.Еліңді сүйсең……………..істейсің (қулық, ерлік)
Шығармашылық деңгей
1 «Менің атам майдангер», «Біз бейбітшілікті сүйеміз», «Соғыс туралы білетінім ».
2.Өлең құрау.
3.Сурет салып оны қорғау.
ІХ. Қорытынды.
| Білемін. | Не білдім ? | Не білгім келеді? |
Х. Бүгінгі сабақтан алған әсерім!
ХІ. Бағалау.
ХІІ. Үйге тапсырма.
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ақкөл орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мендығалиева Айгүл
