Мен таңдаған мамандық
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Мөңке би ауылы
М.Тәжин атындағы орта мектебінің салауаттану пәнінің мұғалімі
Дания Салкимбаева Кайнитдиновна
Тақырыбы:Мен таңдаған мамандық
Мақсаты:Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазаргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау.Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлай білуге баулу.Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Барысы:
Қайырлы күн,құрметті қонақтар және оқушылар.Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы-мен таңдаған мамандық.Ел президенті Н.Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді.» Жақын арада әрқайсыныз мамандық тандау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта біздер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.
Сабағымыз V-кезеңнен тұрады:
1 Менен сұрақ сенен жауап
2 «Тізбекті үзбе» ойыны
3 Мен мамандық әлеміндемін
4 Мамандыққа сипаттама
5 Ең жақсы ойыны
6 Психологиялық сәт
1 Менен сұрақ, сенен жауап.
Өзіннің болашақ мамандығыңды таңдадын ба?
Сен ол мамандық туралы не білесің?
Мамандық таңдауының себебі неде?
Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
Қай жақта оқығанды ұнатасың?
Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?
2 «Тізбекті үзбе» ойыны.
Қатысушының бірі мамандықты атайды,келесі оқушы аталған сөздің соңғы әріпінен басталатын мамандықты атайды. Мысалы:мұғалім, механик,клоун,наубайшы. Эколог, географ, фотогроф, финансист, технолог,аспаз,заңгер,режиссер,зоотехник,кинолог,географ,
3 Мен мамандық әлеміндемін.
Слайд көрсету
4 Мамандыққа сипаттама
Слайд көрсету
Адам –табиғат:тұқым өсіруші,зоотехник,агроном,кинолог,химиялық –бактериологиялық зертханашы,мал өсіруші шебер.Бұл ауыл шаруашылығымен,тамақ өнер кәсібімен,медицинамен зерттеулермен байланысты мамандықтар.
Адам –өнер:Бұл жерде негізгі жетекші еңбек құралы шығармашылық бейне,оны құру әдістері.Әртіс,суретші,музыкант,дизайнер,әдеби қызметкер.
Адам –техника: ағаш шебері,инженер –механик,сәулетші,құрлысшы,компьютер құраушы.
Адам-белгілік жүйелер:аудармашы,сызушы,инженер,фотогроф.
Адам-адам :Мұғалім,психолог,шаштаразшы,менеджер,экскурсия жетекшісі.
5 Ең жақсы ойыны
Ең ақшасы көп…….(банк қызметкері)
Ең тәтті ……………….(аспаз,кондитер)
Ең күлкілі…………….(клоун,карикатурашы)
Ең жауапты…………..(сот,бухгалтер)
Ең салмақты………….(мұғалім,заңгер)
Ең қарым -қатынасы күшті……………(бизнесмен)
Ең жасыл…………(эколог,географ,мақташы,гүл өсіруші).
6 Психологиялық сәт
«Психогеометрия» – өзін –өзі тану: қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам қасиетті білдіреді.
Квадрат.Сенде шыдамдылық, төзімділік, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру реттеу және жүйелеу қабілетің бар.
Зигзак. Сенде әсемдікті көре алатын қабілетің жоғары. Сенде табиғи өткір ойлық бар. Сені шаблондар ережелер қызықтырмайды.
Шеңбер: Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың. Саған жеке адамдар арасында кекілжін тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсын.
Қортынды:
Әбунасыр әл Фараби «… адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді жұмысты неғұрлым жетік және жаксы атқарса білгір және шебер болып шығады.Қандай әрекет,қандай іс істесекте,содан рахмет табу,соның рахатың көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.
Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін
Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін,
Абыройлы ,ақ ниет адамдыққа сенемін! – дегендей, ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеніздер бүгінгі сабағымызда алған ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап, ілім білім алуға барлық күш куатты жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі –болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімдібілдіремін!
