Әлеуметтік педагогикалық қызметтің негізгі мазм ұны мен міндеттері

Маңғыстау облысы,

Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесі

I – санатты мұғалімі Гүлназ Әжібаева

Мектептегі әлеуметтік педагогтар үшін жүргізген жұмыс жүйемнен

Әлеуметтік педагогикалық қызметтің негізгі мазмұны мен міндеттері

Міндеті:

  • балалардың толық тұлғалық жетілуіне әрбір жас ерекшелік кезеңінде ат салысу
  • оқу –тәрбиесінде ж/е қарым-қатынасқа қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету;
  • оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтау;
  • жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына патронаждық көмек көрсету;
  • баланың жеке дамуындағы ауытқуларын түзету және алдын алу;

Әлеуметтік –педагогтың мәртебесі ( статусы )

  1. Әлеуметтік педагогтың еңбекақысы , демалыс ұзақтығы ж/е разрядтық құқығы мектептің педагогикалық қызметкерлермен теңесетін арнайы білімді маман болып табылады.
  2. Мектептің әлеуметтік педагогикалық қызметіне арнайы курстық оқуда даярланған мамандар жұмыс жасай алады.
  3. Мектептің әлеуметтік-педагогтың жұмыс апталығы 36 сағат тұрады.

Әлеуметтік – педагогтың құқығы

  1. баланың медициналық және педагогикалық құжаттарын қарауға;
  2. сабаққа қатысуға;
  3. мектеп әкімшілігі, мед. жұмыстары, педагогтары мен басқа да әлеуметтік өкілдеріне бала денсаулығын сақтау және құқығын қорғау жөнінен мәселе ( сұрақ ) қоюға;
  4. білім беру мекмелерінің мед- әлеуметтік мәселелер жөнінен шешім қабылдаудағы экспертизасына қатысуға;
  5. шиеленісті жағдайдағы отбасы мен мектепті міндетті түрде отбасы мүшелігі құрамын куәландыратын мәселе ( сұрақ) қоюға;
  6. Қажетті ( ең соңғы жағдайларда) ата-ана құқығынан айыратын айыру туралы ұсынысы мен қажеттілік қорғауға құқы бар.

Мектептегі әлеуметтік – педагог маманының іс-әрекеті

Әлеуметтік- педагогтың негізгі функциялары ;

диагностика жүргізу, кеңес беру, қорғау, қамқорлық көрсету, ұйымдастыру;

Тәрбиелеу функциясы

әлеуметтік – құқықтық функциясы;

әлеуметтік – реаблитациялық;

әлеуметтік- педагогикалық;

консультация беру;

Бейнеу лицейінің әлеуметтік төл құжаты;

Жетім бала –

Анасы жоқ жанұялар-

Әкесі жоқ жанұялар-

Қауіп тобы (оқушылар) –

Мектепішілік есепте-

Мүгедек оқушылар-

Аз қамтылған отбасылар-

Әлеуметтік педагог мектепте негізгі бағыттарда жұмыс жасайды

  1. Диагностикалық қызмет;
  2. Өз қызметінде көмекті қажет ететін балаларды анықтау;
  3. Кәмелетке толғандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру;
  4. «Қиын» оқушылармен жұмыс
  5. Сынып жетекшілері, мед. қызметкерлері, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасты үйлестіру.

Әлеуметтік – педагогтың құжаттары;

Тәжірбиелік жұмыс жоспары;

Бір жылға құрастырылған жұмыс жоспары;

Диагностикалық жұмыстар

Құқықтық тәрбие

Сынып жетекшімен жұмыс

Ағарту іс шаралары

Ерекше назардағы баламен жұмыс

Оқушылардың тізімі

ЖӨИ есебінде тұратын

Мектепшілік бақылауда тұратын

Көп балалы және аз қамтылған балалар

Сәтсіз отбасылар

Мүгедек балалар

Оралман балалар тізімі

Патронаждық отбасы тәрбиесіндегі баланың іс-қағазы

Ақарылған жұмыстардың жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары;

  1. Қ.Р. конституциясы
  2. Білім туралы заң
  3. Бала құқығын қорғау заңы
  4. Бала құқығы туралы Конвенция
  5. Неке және отбасы туралы Заң
  6. Әдеп кодексі
  7. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік активтер

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше