«Ғылым таппай мақтанба»

Мамашева Айша

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарақөл орта мектебі

Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл селосы

Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»

Мақсаты: Оқушыларды жақсы қасиеттерге баулу, жаман қылықтан аулақ

болуға үйрету.Ақын Абай өмірін таныстыру.

Дамытушылығы: Іскерлік, дағды қалыптастыра отырып, сөздік қорын дамыту.

Мәнерлеп шапшаң оқуға үйрету.

Тәрбиелігі: Жақсыға жақын, жаманнан аулақ болуға тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,аралас сабақ.

Қөрнекілігі: Абайдың суреті, өнеге сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру бөлімі.

2) Үй тапсырмасын тексеру.

3) Өткен сабақты пысықтау.

1. Өмірде болған адамдар төңірегіне құрылған мәтін аңыз ба? Ертегі ме?

2. Қедейлік үш ағайынды. Кежірлік, еріншектік, ұйқы.

-шешендік сөз бе?

-мақал ма?

3. Асыл тасты жүзік, сәнді киім қымбат тастар мен әшекейленген белдік деген жолдарды қандай шығармадан оқыдық?

4. Алтын ұя-Отан қымбат,

Құт береке – атаң қымбат деген жолдар кімнің сөзі, жалғастыр.

5. Мәтін дегеніміз не? Ол- негізгі ойға құрылды.

Негізгі ой басталып, жалғасады, аяқталады.

III.Жаңа сабақ.

  • Мынау кім?

-Абай Құнанбаев.

Абай туралы не білеміз?

-Абай Құнанбаев 1845 ж. Семей облысында дүниеге келген.Әкесі Құнанбай бай адам болған. Шын аты Ибрагим. Оны әкесі еркелетіп Абай деп атаған.

Абай 12 ж. бастап өлең жазған.Жыл мезгіліне арналған бірнеше өлеңдері бар.

Абайдың Адам болам десеңіз, Ғылым таппай мақтанба өлеңдерін оқимыз.

1.Оқулықпен жұмыс.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Өлеңді түсіндіру.

1.Өсек – біреудің сыртынан әңгімелесу, сөз тасу.

Өтірік – өтірік айту,

Мақтаншақ – бос сөйлеу, мақтау.

Еріншек- жалқау.

Мал шашпақ-өз мүлкін дұрыс пайдалана білмеу

2. Бес асыл іс.

Талап- өнерге талпыну, білуге ұмтылу.

Еңбек-еңбексіз тіршілік жоқ.

Қанағат- тойымсыз болмау, барға қанағат ету.

Терең ой –ақылды

Рақым-мейірімді,қайырымды.

4. Тізбектей оқу.

5. Дәптермен жұмыс.

6.Топпен жұмыс.

  1. Оқу- білім туралы.
  2. Еңбек туралы.
  3. Жақсылық, жамандық туралы мақалдар айту.

7. Шығармашылық жұмыс.

  1. Ұрлық , қорлық түбі
  2. Өрге баспас сөз өтірік .
  3. Ертеңі таусылмас еріншектің
  4. Жалқау бастады, белшеден қарызға жатады.

8. «Сөзжұмбақ » шешу.

А қ ы н
Қ ұ н а н б а й
Ұ л ж а н
Ы б ы р а й

1.Абай кім?

2.Абайдың әкесі?

3.Абайдын анасы?

4.Кел,балалар оқылық…өлеңінің авторы?

9.Қорытындылау.

Ибрагим Ұлжан

Құнанбай Ақын

Ғылым таппай мақтанба Қыс Әсемпаз болма әрнеге

Жаз

1.Абайдың өлеңдерін жатқа айту.

2.Адам болуға кері әсер ететін қасиеттер?

3. Адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек?

10.Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу. Өлеңді жаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше