Оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялард ы пайдалана отырып шығармашыл тұлғаны қалыптаст ыру

Оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру

Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын

орталығы мен гимназия сыныптары бар

№ 8 жалпы білім беру орта мектебінің

ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Тасуова Жанар Тереновна

Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.

Оқытудың жаңа технологиясы – оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – студенттердің кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.

Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде жаңа технологияны қолданудың рөлі зор. Сонымен қатар технологияны тиімді пайдалана білу оқытушының шеберлігі мен іскерлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда әрбір оқытушының алдына қойылып отырған басты міндеттердің

бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері төмендегідей жаңаша сипат алады:

  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
  • оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;
  • оқу моделін құрастыру;
  • оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
  • оқушының жаңа материалды меңгеруінде деңгейленген жаттығулар жасау;
  • оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткішін анықтау, жетіспейтін дидактикалық құралдар жүйесін қалыптастыру.

Жаңа технологиялар сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді. Пәнді оқытудың тиімділігін арттыру ең алдымен, күнделікті оқу үрдісін жақсартудан, сабақтың сапасын арттырудан туындайды.

Мысалы: модульдік оқыту технологиясында оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру алдыңғы орынға қойылады. Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап даралау, мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өздеріне таңдату арқылы оқушының өз деңгейін өзі анықтауға – жұмыстың түрін қызықтыра түсуіне әсер ететіні анық. Модульдік жүйеде материалдарды оқып үйрету ”жалпыдан жекеге” қағидасы негізінде жүргізіледі. Бұл технология:

  • оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
  • танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытуға;
  • оқуға жағымды қызығушылығын қалыптастыруға;
  • терминдік сөздік қорындамытуға,
  • ауызша, жазбаша тілін дамытудың негізі;

Бұл технологияның тиімділігі тұлғаның қиындықтарға даяр болуы, оны жеке білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Қазіргі таңдаоқу процесінде жиі қолданылып жүрген СТО технологиясына мынадай мақсаттар қойылады:

  • Оқушыларды ойландыруға
  • Өз ойларын ашық айтуға.
  • Пікір таластыруға (дебат)
  • Дұрыс сөйлей білуге.

СТО – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама бірнеше стратегиялармен жұмыс жүргізуде жүзеге асырылады. Олар:

«Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы – сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары, т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.

«Топтастыру» стратегиясы, мұны «кластер», «жинақтау әдісі», т.б. атаулармен де атайды. Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қасиеттерін анықтауда және де оқытушының әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады.

«Нартәуекел» стратегиясы, бұл стратегия оқушыларға күрделі сұрақтар қою арқылы немесе терең мазмұнды мәселелерді шешуде оқушылардың бойында жігер, қайрат, белсенділік қабілеттерін дамыту үшін пайдалы.

«Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды. Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып өткізу.

«Кубизм» стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына «Түсіндіріңіз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талдаңыз», «Қолданыңыз», «Салыстырыңыз» деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал оқытушы осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.

«Мағынаны тану» стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.

«Көрнекілік» стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері.

«Бағытталған оқу» стратегиясы, бұл стратегия арқылы студенттердің ортасында шығармашылық, ынтымақтастық аурасын туғызу мақсатында студенттердің өздеріне ереже жасату, әрі ол ережені оқыту барысында ұстану, т.б.

Жалпы қазіргі жаңа технология әдістері – сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, «Дебат» технологиялары, тіл дамыту технологиялары түрлі әдіс-тәсілдермен қатар қолданылып, сабақтарды қызықты етіп өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Қорыта келгенде, жаңа технологияларды қолдану барысында мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады:

  • Пәнге деген қызығушылықтары артады.
  • Өзара пікір алмасу қатынасы жүзеге асады.
  • Сөйлеу қоры көбейеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы
  2. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2002 жыл
  3. Педагогика журналы №2-2009ж. Жаңаша оқыту – жетістік көзі
  4. Н.А.Оразахынова «Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері», Алматы, 2007ж.
  5. Қазақстан мектебі. №6. 2008 ж.
  6. Білім. Образавание. №2. (26).2006ж.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше