Оқушының шеберлігін шыңдауда үйірменің алатын о рны

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар

9 жалпы білім беру орта мектебі»

Мемлекеттік мекемесі

Мақала

Оқушының шеберлігін шыңдауда үйірменің алатын орны

Технология пәні мұғалімі: Н.П.Бегалиева

Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. Дамыған елдердегі сияқты біздің елімізде де ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде түбегейлі өзгерістер жасалуда. Ондағы мақсат – алған білім мен тәрбие негізінде өз ойын еркін бағамдай алатын, өзін дамыта білетін, қазіргі тез өзгеріп отыратын өмірде өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі оқушылар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», – деген болатын. Олай болса, бүгінгі мұғалім тек пән мұғалімі ғана емес, ол – оқытушы, ол – технолог, ол – жаңалықты дәріптеуші. Демек, білім сапасын көтеруде үздіксіз білім беруші ғана емес соның ішінде кәсіби білім беруде білік, дағдыны жетілдіруші, шеберлікті шыңдаушы.

Оқу мен күш жұмсалатын еңбек оқушылардың қоғам алдындағы ең бірінші елеулі де үлкен міндеті. Оқушының оқу еңбегі оқулықтармен, түрлі әдебиеттермен жұмыс атқаруға негізделетіні анық. Алайда баланы ой еңбегімен қатар қол еңбегіне тәрбиелеудің маңызы зор

Ұлы Абай өнерді тән азығы және жан азығы деп екіге бөлген. Жан азығы – жанға, көңіл-күйге, сезімге қатты әсерін тигізеді. Тән азығы – тіршілікке қажет бұйымдар, материалдық мәдениет. Қазақтың аса көрнекті педагогі және ағартушысы Ыбырай Алтынсарин халыққа білім беру саласында тұңғыш қолөнер мектептерін ашқан. Ол оқушылардың еңбек тәрбиесіне көп көңіл бөлген.

Өнерге қанат қаққан оқушыларды шеберлік шыңына жетелеудің бір жолы – оларды қолөнер үйірмелеріне тарту. Оқушының білімін тереңдетуде, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлату барысында қолөнер үйірмесінің орны ерекше.

Үйірмелер жұмысының іс-тәжірибесіне көңіл аударар болсақ, оқушының шығармашылық кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің дамуы бейнелеу өнері, математика, химия, биология, тарих, физика, сызу, география, тіл пәндеріне тікелей байланысты болатындығы аңғарылады. Оқушы оқу үрдісінде алған білімін үйірмеде іс жүзінде қолданып, қолөнер бұйымдарын дайындау кезінде пайдаланады. Сыныптан тыс үйірмелер оқушының сабақта алған білімін әрі қарай жалғастырып дамытудың негізгі жолы болып есептеледі. Мұның өзі түптеп келгенде оқушыдан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Үйірме жұмысының нәтижесінде үйірмеге қатысатын оқушылар үйірмеге қатыспайтын құрбыларына қарағанда анағұрлым толық мағлұматтар алып, шеберлігі шыңдалып, ой-өрісі кеңи түседі. Қазіргі оқыту технологиясы барысында оқушы тек үйренуші ғана емес, үйренуші оқушыдан белсенді үйретуші, өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға шығады. Үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады, баға береді. Осылайша оқушылар өз бойларында эстетикалық, этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады. Үйірмеге қатысатын оқушыларды оқытудағы мақсат – өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, үйрету. Оқушының шығармашылық деңгейін көтеруде өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен. Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып оқушы өз бойындағы дарындылығын ашып, шеберлігін шыңдайды.

Аталған ойды жүзеге асыру мақсатында педагогикалық тәжірибемнің бір сара жолын үйірме жұмысна арнап келемін. Үйірмеде оқушыны қандай да бір нәтижеге жеткізу үшін оған ең алдымен теориялық, танымдық білім беріледі. Оқушыны өз бетінше ізденуге, дүниетанымын кеңейтуге жетелейтін, басқа пәндерден алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік беріп, нәтижесінде керемет дүние жасап шығаруға болатынын көрсетемін. Осы іс-әрекетті меңгерген оқушыға өз бетінше жұмыс істеу, өзінше дүние жасап шығару әрі оңай, әрі қызықты болары сөзсіз.

Қолөнер – рухани байлық, мәдениет, салт-дәстүр, бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер.

Қолөнер – қол еңбек. Ал қол еңбек әрқашан жоғары бағаланады.

Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Қай халық болсын қолөнерге, еңбек тәрбиесіне аса үлкен мән берген. Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу қазіргі кезде ауадай қажет. Өйткені ендігі уақытта қолынан іс келмейтін адам өмірден өз орнын таба қоюы екіталай.

Еңбек – өмірдің, барлық тіршілік атаулының қажеттілігі, адамзат өркениетінің, қоғамның дамуы, жасампаз еңбектің нәтижесі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше