Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі технология са бағының алатын орны

  • Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

  • «мектепке дейінгі шағын

орталығы мен гимназия

сыныптары бар № 9 жалпы

білім беру орта мектебі» ММ

  • технология пәнінің мұғалімі
  • Бегалиева Назира Пазыловна

Мақала

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі

технология сабағының алатын орны

Балаларды еңбекке тәрбиелеу – қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Сана-сезімі жүре толысып, еңбекке талпыну қарекеті басталады. Бірақ, өсе келе өмірде соның бәрі бірдей дәрежеде болып шықпайды. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Кейбір оқушылар өз жұмысын ұқыпты, тиянақты орындаса енді біреулері сапасыз орындайды. Оқушылардың еңбекке әр түрлі болып келуінің негізгі бір себебін, олардың жас шағындағы еңбек тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауынан, әр отбасының баланы еңбекке әр түрлі етіп тәрбиелеуінен деп түсіну қажет. Мысалы: дұрыс тәрбиелі отбасында бұл онша ескерілмейді. Баланың жас шағында еңбекке тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен ісер етеді. Атақты педогог А.С. Макаренко «Еңбек тәрбиесі-баланың болашағының тәрбиесі» деп орынды айтқан.

Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекті сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүреді. Қолына алған жұмысын тындырғанша асығады, оны тиянақты орындауға тырысады.

Отбасында еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн. Әрине, балалар түрлі мамандыққа негізінен мектепте даярланады. Демек, отбасындағы еңбек тәрбиесі де осыған қарай қалыптасып отыруы керек.

Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепте іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.

Адам өмірі үшін қажетті білім беретін пәндердің бірі-еңбекке баулу, бүгінгі технология оқу пәнінің сонау қауымдық қоғамнан басталғаны мәлім. Олай болса, технология пәні бойынша оқушылардың еңбек ету арқылы өз қабілетін дамытуын ата-бабамыздың ұлттық дәстүрі мен өнерін одан әрі дамытуға бағыттауымыз қажет. Елінің ертеңіне ие азаматтар-бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан, жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен ізденіп, жұмыстар жүргізуіне шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын, қоршаған ортаға қызығушылығын оятуға жетелейтін ұстаздар қауымы. Өзім сабақ беретін сыныптарды еңбек ету-әрбір адамның міндеті екенін, еңбектің адамға абырой, даңқ алып беретінін үнемі айтып отырамын. Адамның өмір сүруіне қажетті игіліктің бәрі де еңбектен табылатынын, еліміздегі, үйіміздегі адамдардың барлығы еңбектің нәтижесінде жақсы жетістіктерге жетіп жүргендіктерін өмірімен байланыстырып түсіндіремін. Жалпы мектепте оқушылар технология пәні арқылы көптеген тәрбиеге үйрену барысында белгілі бір мамандыққа икемделеді.

Оқу бағдарламасына сай тақырыптар төңірегіндегі жоспарға сәйкес сабақ өткен кезде оқушы, мысалы, «Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінде «Ас-адамның арқауы», «Тәтті тағамдар», «Салат түрлері», «Салқын тағамдар» т.б. тақырыптар төңірегінде рефераттар дайындайды, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жұмыстар оқушылардың ізденімпаздыққа үйретеді. Материалды жан-жақты зерттеп, талдауға, қорытынды жасауға үйренеді. Әдебиеттермен жұмыс жасауға төселеді.

«Сәндік-қолданбалы өнері» технологиясы бөлімінде қолөнер бұйымдарын жасауы, ою-өрнектің бірнеше түрлерін ойып білуі, тігуі, қазақтың ұлттық төсеніштері-алаша мен киіз басуға да, баспалдақ деп ойлаймын. «Киімдерді модельдеу» бөлімінде мата түрлеріне сәйкес сән үлгілерін таңдаудағы бірнеше ерекшеліктерді түсіндіре отырып, өлшем алу жолдарын біліп үйренеді, эстетикалық талғамы қалыптасады. Олай болса, желкілдеген құрақтай бой түзеп келе жатқан бүгінгі жастарымызға сән үлгілері мен жарасымды талғам туралы түсіндеріп отыру технология пәнінің мұғалімдерінің міндеті.

Технология пәні-жеке адамның дамып жетілуіне еңбектің негізгі құралы екенін түсіндіріп, еңбек ету арқылы өз қабілеттерін дамытуға бейімдейді. Сондықтан, технология сабағы оқушының болашақта еңбексүйгіш болып қалыптасуына ықпал жасайды. Сабақты тартымды өткізу оқушыларды өз қабілетімен жұмыс істеуге баулиды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше