Дыбыстарды қайталауға арналған жаттығу жұмыста ры
№ Мектеп Жолдыбай негізгі мектебі
Пән мұғалім Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Аты-жөні Маженова Жамал Айдарбекқызы
Дыбыстарды қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: фонетика саласы бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық: сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын қалыптастыру.Сабаққа деген белсенділігін арттыру.
3.Тәрбиелік: берілген мысалдар, жаттығулар арқылы оқушы бойына адамгершілік, эстетикалық, имандылық қасиеттерін сіңіру.Спортты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдістері: Топтастыру, салыстыру, жұмбақ шешу, талдау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Тақта, бор, дәптер, оқулық, кеспе карточка,семантикалық карта, спорт тақырыбына арналған суреттер.
Пәнаралық байланыс:математика, дене шынықтыру, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2.Психологиялық сергіту. Музыка «Қаражорға» 2 минут
Балалар ортаға шығып, бір-бірінің қолынан ұстап бүгінгі сабақтың ұранын хормен айтады. «Мақсаты бірдің- рухы бір!»
І.Кіріспе бөлім:
Қызығушылықты ояту.
Міне, балалар бүгінгі сабағымызды қысқы спорттық ойындарына арнап жарыс -ойын түрінде өткіземіз. Жарыс болған жерде жеңімпаз болады.Жеңімпазды анықтайтын төреші болады. Бүгінгі сабағымыздың төрешісі өзім боламын.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатымен және барысымен таныстырамын.
Әр тапсырманы орындаған жеңімпаздың аты – жөнін 1,2,3 орындарға жазып отырамын
І
ІІ ІІІ
Сөздік жұмысы. Суреттерді пайдалану.
Биатлон-винтовкадан жатып және тұрып ататын шаңғы жарыстары.
Трамплиннен секіру-арнайы жабдықталған тұғырлардан шаңғымен секіру.
ІІ. Негізгі бөлім:
І.Міндетті деңгей. Оқушылық деңгей.
І. Шаңғы жарысы. Сұраққа жауап берген оқушы алға бір адым жылжып отырады. Ауызша орындалатын тапсырма. Сұрақ-жауап тапсырмалары беріледі. Кім көп, тез және дұрыс жауап берсе сол мәреге бұрын жетеді.
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.
4. Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
5. Лексика нені зерттейді?
6.Мақал-мәтел айт.
7.Буын дегеніміз не?
8.Буынның түрлерін атаңдар.
9.Дауысты дыбыстарды қалай жіктейміз?
10Дауыссыз дыбыстарды қалай жіктейміз?
11.Әліпби дегеніміз не?
12.Тұрақты тіркеске мысал айтыңдар.
ІІ. Міндетті деңгей. Алгоритмдік деңгей.
ІІ. Биатлон (шаңғымен жарысып нысананы ату).
Уақытқа талдау. а) Өте жылдам- 3минутта
ә) Жылдам – 5 минутта.
б) Орташа – 7 минутта.
Төмендегі берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау.Қай оқушы талдауды бұрын бітірсе биіктікке секіруден сол жеңеді.
Отан. Ұран. Жеті. Өлең. Ақыл. Егін.
ІІІ. Конькиден жарыс. Қай оқушы жаттығуды жылдам,дұрыс орындаса бұл спорт түрінің жеңімпазы атанады. Оқулықпен жұмыс. 313-жаттығу. Дәптерде орындайды.
Бояубаев жазған төмендегі сурет-жазуды қазіргі әріп жазуымен жазып шығыңдар. Өздерің жазған мәтіннің бірінші, екінші сөйлемдерін буынға бөліп, олар буынның қай түріне жататынын анықтаңдар.
ІҮ. Тұғырдан секіру (трамплин).
Семнтикалық картамен жұмыс. Жеке оқушыларға таратылады.
| Мысал | жуан | жіңішке | ашық | қысаң | еріндік | езулік | қатаң | ұяң | үнді |
ІІІ. Қорытынды бөлім.
ІІІ. Мүмкіндік деңгей. Шығармашылық жұмыс.
Ү. Мәнерлеп сырғанау. Сабақты бекіту:Ойтолғау жазу.
Тапсырма: «Салауатты өмір салты» атты тақырыбына бүгінгі сабақты байланыстырып ойтолғау жазып, жазғандарын тақтаға шығып оқу.
Үйде «Мен спортты сүйемін!» тақырыбында салып келген суреттерін тақтаға іліп, салу себептерін айтып береді.
Тапсырма: Жұмбақтарды шешу арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.
1.Бір-бірімен сыбайлас.
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді.
( Дыбыс, әріп)
2.Бір ағашта отыз жеті алма.
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
( Дауысты, дауыссыз дыбыстар)
Үйге тапсырма: 293-жаттығу. Құрамындағы барлық сөзі бірдей дыбыстан басталатын мақал-мәтелді тауып жазыңдар.
Оқушылардың еңбегін бағалау. Жеңімпаздарды марапаттау.
«Дәмді және тез» сыныптан тыс жұмыс
Ж.А.Маженова, Жолдыбай негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Жолдыбай ауылы
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойынға қызығушылын тудыру.
Тез ойлап табуға тәрбиелеу.Жағдайға қарай өз білімін қолдана білу.
Дәмді тағам жасай білуге үйрету.
Түрі: Ойын сабақ.
Көрнекілік: Жемістер- қызылша, сәбіз, тұздалған қырыққабат, кәртоп, сарымсақ, сұйық май, тұз.Үлестірмелі карточкалар, түрлі-түсті суреттер, шарлар.
Барысы: Ұйымдастыру.
Екі топ құру.
Ойынның шартымен таныстыру.
Ойынға қатысушылар, біз бүгін «Винегрет» салатын жасаймыз. «Винегрет» салаты салқын тағамдардың түріне жатады.Бұл салат қызылша, сәбіз, кәртоп, тұздалған қырыққабат, сұйық май және тұздан жасалады.Ал, сендердің қолдарыңда еш жеміс жоқ. Сондықтан сендер менің алдымдағы жемістерді алу үшін бірнеше тапсырмалар орындайсыңдар. Жеңген топ екі жемістен алады, жеңілген топ бір жемістен ғана алады. Барлық тапсырмалар орындалып болған соң, екі топ тез салат жасап көрермендерге татырады.
Бірінші байқауға / қызылшаны/ қоямыз.
Екі топқа тапсырма бірдей беріледі.1 минутта кестені толтыру керек.
Тапсырма: Төмендегі сөздердің қайсысы Қазақстан Республикасының қай рәмізіне сәйкес келеді ? Осы сөздерді қатыстырып бір сөйлем құру.
Көк, шаңырақ, алтын, дән, пырақ, ерлік, қыран, жұлдыз, күн, елім, төртбұрыш
| ҚР Мемлекеттік Гимні | ҚР Мемлекеттік Туы | ҚР Мемлекеттік Гербі |
Екінші байқауға /кәртопты/ қоямыз.
Екі топ кез келген дәруменді таңдайды. А, В, С қай тағамда қандай дәрумендер бар екенін айтады. Қазақ тілі бойынша берілген тест тапсырмаларын орындайды.Тақтаға А,В,С деп жазып іліп қоямын,артында тест тапсырмалары бар
Үшінші байқауға /сәбізді/ қоямыз.
Бақ пен бақша салынған үлкен суреттердегі бос тор көздерге жеміс-жидектерді дұрыс орналастыру керек. 1-топқа бақтың суреті салынған, 2-топқа бақшаның суреті салынған үлкен сурет беріледі.Суреттер астында бос тор көздер бар.Қобдишада үлестірмелі карточкалар жатады.Карточкадағы сұрақтарға жауап беріп,тор көздерге орналастырады.
Төртінші байқауға /сарымсақты/ қоямыз.
Тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын бір сөзбен атау. Қай топ көп атайды, сол жеңімпаз атанады.
1.Мінезі ауыр- салмақты.
2.Санын соғу – өкіну.
3.Тәуекелге бел байлау – көну
4.Шытынай қалды – ашуланды.
5.Маңдайы ашық – бақытты
6.Өрісі кең – білімді.
7.Сабақ алу – үйрену
8.Мүйіз шығу – қарық болу
9.Пейілі тар – сараң
10.Шаң жуытпау – қорғаштау.
Бесінші байқау /қырыққабатты/ қоямыз.
Мақал-мәтел айтудан жарыс.
Ал,енді қажетті тағамдар жиналған сияқты, өз атымнан сендерге сұйық май мен тұз беремін.Міне , мәреге де жеттік. Енді негізгісі салат жасау. Қай топ жылдам, тез жасап көрермендерге татырады ?
Жеңген топты марапаттау.
Эссе
Оқушы еңбегін ұйымдастыру
Маженова Жамал Айдарбековна Жолдыбай негізгі мектебі. Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Жолдыбай ауылы
Естігенді – мен ұмытамын,
Көргенімді – есте сақтаймын,
Өзім істегенді – түсінемін, деген Конфуцийдің басты қағидасын негізге ала отырып өтетін күнделікті сабақ жоспарын құруда ;
– сабақтың маңыздылығы неде?
– оқушылар бүгінгі сабақтан не алады ?
– бұрынғы бар білімін қалай пайдалана алады?
– өмірден алған тәжірбиесінің әсері?
– сабақтың болашақтағы оқушыға қандай пайдасы болуы мүмкін,-деген оймен тақырыпты толық меңгерту үшін ұйымдастырылған жұмыстың барысында әр баланы қамтуға тырысамын.Сабақ беруде өз тәжірибемде алдыма қойған мақсатым :
1) оқу жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгерілуі тиіс;
2) оқу материалдарын оқушы дайын күйінде емес,өз бетінше меңгеруі тиіс;
3) оқушыны іс-әрекетке күшпен емес өз еркімен араласуға жағдай жасау қажет.Осы қағидаларды орындау барысында оқушыларға толық еркіндік беріліп, оқу материалдарын еркін меңгеруге мүмкіндік алдым.Менің сабағымда бірде-бір бала жұмыссыз отырмайды . «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда алған білімін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша оқытуда оқушылардың өз қолдарында бар ақпаратты басшылыққа ала отырып,содан өзіне қажетті білімді таңдап алуында.Мұғалім тек қана бағыт бағдар бере отырып,қадағалайды.Бұдан шығатын нәтиже, оқушының ойлау қабілеті арта отырып, белсенділігі дамиды.7-сыныпта қазақ әдебиетінен Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінен өткізген сабағымның бір үлгісін ұсынғалы отырмын. Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу. Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу,әдеби теориялық ұғымдарын кеңейту.2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін байыту, ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізуге бағыттау,шығармашылыққа баулу. 3.Тәрбиелік: Топта,ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауда өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйрету, шығармашылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың әдісі: сергіту сәті,сұрақ-жауап, талдау, іздену,сурет салу, топтастыру .Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті, үлестірмелі қағаздар, маркер, плакат, толқынның шуылы музыкасы.
Пәнаралық байланыс: сурет, музыка,қазақ тілі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сабаққа қатысатын оқушылардың белсенділігін тудыру үшін,ынталандыру-сезімдерін ояту мақсатында барлығын ортаға шақырып, сергіту сәтін өткіземін. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып таныстырамын.Сыныпты екі топқа бөлемін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау : А) «Біз жинаған Мағжан Жұмабаев жайлыдеректер…»
Оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу мақсатында топтық шығармашылық жұмыс берілген.Осы шығармашылық жұмысқа байланысты жасап әкелген папкаларын қорғайды.
В) Оқулықта берілген Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянын қаншалықты оқып меңгергендерін тексеру мақсатында екі топқа мәтінді бөліктерге бөліп, қиып ,таратамын Құрастырып болған соң,тексеру үшін параққа жазылған тұтас мәтінді екі топқа беремін.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
- қадам. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
1)Толқын шуын үнтаспа арқылы естірту.
2)Дәптерлеріңе «Толқын» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер бір сөзбен
жазып шығыңдар.
3)Топтастыру әдісі.Плакатқа маркермен жазады.Екі топ өз ұжымдарымен жұмыс жасайды.Ой тудыруды күшейту мақсатында мынадай сұрақ қоямын.
– Толқын қандай болады? Көз алдарыңа елестетіңдер. Бірлесіп жазып шығыңдар.
Ортақ жұмыстарын ортаға шығып жария етеді
Қара, көк
2- қадам. Мағынаны тану.Өзара бірін-бірі оқыту.
А) Оқулықпен жұмыс «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлең мазмұнымен танысады.
Оқушылар бірлесіп жұмыс жасап,қарым-қатынас шеберлігін осы бөлімде ұтымды көрсетеді.Оқығандарын баяндайды, екі топ ой шақыру кезінде жазған ойлары мен оқығандары сәйкес келеме,соны анықтап плактқа жазғандарын тірек сөзбен толықтырады.Бір-біріне сұрақ дайындайды.
Жеке
