Баяндама

Жансугирова Гулшат Майлыбаевна

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,

Сарысай негізгі мектебінің

математика және информатика пәндерінің мұғалімі

І жүргізуші: Ал,қанекей қаралық

Мына жақта жаңалық.

Бүгінгі кеш төрінде

Математика еліне

Математика тілінде

Есеп шешіп,жарысып.

ІІ жүргізуші: Жұмбақ шешіп,аңдасып,

Шабыт тасып,шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді кеш жасайық.

Құрметті ұстаздар,қонақтар және оқушылар ! Сіздерді «Кім математик болғысы келеді?» атты математикалық кешін тамашалауға шақырамыз.

Кештің әділ шешімін жасайтын әділқазы алқасы таныстырылады.

Кешке қатысушы топтарды жеребе тастау арқылы 2 топқа бөлеміз.Әр сыныптан екі оқушы қатысады .Әр дұрыс жауап жетонмен бағаланады.

І.Викториналық сұрақтар.

І топ:

1.1т мақта ауыр ма,әлде 1 т тас ауыр ма?(салмағы бірдей,көлемі (әр түрлі)

2.Мұрат пен Саяхаттың жастарының қосындысы 12-ге тең.Мұраттың жасы 5-те.Саяхат неше жаста .(7-де)

3.Ең кіші жай сан (2)

4.Досыңды … күн сынама,…жыл сына.(3)

5.Егер қызыл қарындаштың ұзындығы сары қарындашқа тең болса,онда…(қарындаштар бірдей болғаны)

ІІ топ:

1.Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?(ешқашан)

2.Қалай 2 л сүтті 1 литрлік ыдысқа сыйғызуға болады?(болмайды)

3. Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалдатындай етіп қалай бөліп алуға болады?(жауабыңды негізде)

4… жақсы қос болмас,…жаман дос болмас.(екі)

5.Егер Сәуле Айгүлдің артында отырса,онда Айгүл …(Сәуленің алдында отырғаны).

ІІ.Метеграмма шешу.

І топ

Жасыл желек алабым,

Жыл маусымы боламын.

Бірінші әріп ауысса,

Айдынға ұшып-қонамын. (жаз-қаз)

ІІ топ

Екі сөзден тұрады,

Құстың аты құрамы.

Сызсаң егер бір сөзін,

Ас пісірем,көр өзің. (бірқазан-қазан)

ІІІ.Жұмбақ шешу

Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар , құрбылар , бәріңнің де,

Енді бір сәт сол жайлы жұмбақ

Шешсін артық болмас басталық.

Бұл турда қазақ халқының асыл мұралары және қазақ ауыз әдебиетінен киіз уй және оның жабдықтары бойынша жұмбақ жасырылады.

І топ

Қабырғасы тор көз,

Төбесінде зор көз. (кереге,шаңырақ)

Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі. (киіз үй)

ІІ топ

Жетпісекі найзаны,

Біріктіріп ұстап тұр. (шаңырақ)

Ұқсайтын шеңберге,

Қабырғасы жиылыр,керіледі.

Жиһазы мол кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (киіз үй)

IV.Рефераттар оқу

«Өнер-білім бар жұрттар,тастан сарай салғызды…»,-деп ұлы ағартушы атамыз Ыбырай айтпақшы 5-сынып оқушылары Еңсепбаева Н., Құлмұрзина А. өздері дайындаған тақырыптық зерттеулерімен таныстырады.

V.Ән-шашу. (5-6-сынып оқушыларының орындауында)

VI.Ұйқасын тап.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін»,- деп Алаштың аяулы азаматтарының бірі, ардақты ақын М.Жұмабаев айтпақшы , білімділік пен тапқырлық танытатын кез де келді.

Бұл турда қазақ халқының ұзындық өлшемі қарыс ұғымы қолданылады.

І топ

Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты … (жолбарыс)

ІІ топ

Үкісі бір қарыс,

Бунағы көп … (қамыс)

VII. «Жаңылмаймын» ойыны

Ойында 3 және 4 сандарына еселік болатын,бөлінетін және осы цифрлар кездесетін сандарды айтпай , оның орнына «жаңылмаймын»деп айтуы тиіс.

Шапшаң және дұрыс айтқан топ жеңіске жетеді.

VII. «Кім жүйрік?» ойыны

  1. «Сағат»ойыны.Сағат тілінің бағытымен 12 әріптен 21 сөз құру керек.
  2. Кестедегі терминдер мен ұғымдарды шапшаң оқу

VІII. «Тізбекті аяқта» ойыны

Төмендегі алғашқы үш қатар белгілі заңдылықпен құрылған .Осы заңдылыққа сәйкес төртінші қатардағы сұрақ белгісінің орнына қандай сандар сәйкес келеді?

5,10,50,500

3,6,18,108

4,8,32,256

1,?,?,? (Жауабы: 1,2,2,4)

ІХ. Психологиялық жаттығу

Әр топтан бір-бір оқушы шығып,сызбаны қолын алмай және қайта жүргізбей орындауы тиіс.

І топ ІІ топ

Х. «Есеп-өмір таразысы» -есептер шығару

І топ ІІ топ
Кенгуру 3х2006=2005+2007+? (2006) Жүзден бірдің жартысы – бұл… (0,005)
Ақбота 3 бала 17 бауырсақ жеді.Ең көп жегені- Тимур . Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген .

(7)

Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді,сосын ол бүктеген қағазды тескен.қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? (6 тесік)
Байырғы есептер Екі қыстақтың арасы 10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға және

1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді? (10 күнде)

Түйеқұс 2 аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?

(1 пұт)

ХІ.Кеш қорытындысы.Жетон саны көп топ жеңіске жетеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше