Сәуірбек Бақбергенов.

Ақтөбе қаласы №46 орта мектеп

Бастауыш класс мұғалімі Халел Ләйлә.

Тақырыбы: Құрманғазы. Сәуірбек Бақбергенов.

Мақсаты: Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; Отан сүйгіш, елін қорғайтын, өнерін сыйлайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте,үн таспа.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

– Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

– Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Үйге берілген тапсырма?

2.Үзіндідегі картадан елдерді көрсетші? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ).

3.Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе?

4.«Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?

5.Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?

6.Әңгіме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Осы әңгімені оқығанда өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. “ Ой қозғау” әдісі;

Күйші кім?

Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы не білесің? Ол кім?

Ү. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе. Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) – қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтанибатага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Берішруы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.

Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма,Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.

Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген уақыты мейлінше қиын кезең еді. Оған «патшаға қарсы халықты үгіттеді» деген кінә тағылып, екі рет тұтқындап, түрмеге жапқан. Күйшінің қатал тағдырдың талқысына түскен бір сәті жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» деп аталатын әңгімесінде баяндалады.

2. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Түсінгенін әңгімелеу.

3. Сөздік жұмыс.

Суыт – асығыс.

Кілтипандарын – құпиясын.

Жігері құм болды – дәрменсіз күйге түсті.

Құқайбұл жерде: қиындық.

Шылау – жүгеннің шаужайы, шылбыры.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

  1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты? Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?
  2. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?
  3. Бұл күйді қай кезде шығарған?
  4. Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?

Оқу мәнерлерін зерттеу; Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?

ҮІІ. Қорыту.

.1. Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптеріңежазып ал.

( – Түрмеде жатып домбыра тартқан не сәнім, оның үстіне ең болмаса домбырама арам қолдары тимесін, алып қал, Кенже, домбыраны! – деді Құрманғазы, – Динаға бер, Динаға! Дина тартсын мен келгенше …)

2.Үнтаспадан Құрманғазының «Адай» күйін тыңдау.Алған әсерлерімен бөлісу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. түсініп оқу

2. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жаз.

3. Бағалау.

Ақтөбе қаласы №46 орта мектеп

Бастауыш класс мұғалімі Халел Ләйлә.

Тақырыбы: Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы.

Мақсаты: Оқушыны Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстыра отырып, «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқуға, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Пәнаралық байланыс; тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Сұрақтарға жауап алу.

1.Шығарма аты мен авторы?.

2.Ертіс бойында не болады?

3.Шоқанның тәтті сезімі қандай еді?

4, Шоқан нені аңсады?

5,Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады?

6.«Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Анатолийдің қылығы дұрыс па? Сен осындай балалар көрдің бе?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе.Ақын суретін көрсете отырып бұл тұлға туралы кім не білетіндерін сұрау.

Мұғалімнің түсіндірме жұмысы.

Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, ағартушы, ғалым. (1873-1938). А.Байтұрсыновтың ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екендігін танытады. Оның өлеңдері “Маса”, “Қырық мысал” деген аттармен Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор қалаларында 1912 жылдан 1922 жылдарға дейін бірнеше рет жарияланған.

“Маса” деген атының өзі символ: надандық, өнер-білімнен кенже қалушылық, шаруаға енжарлық – осылар, автордың бейнелеуінде, қазақты шағуға дайын тұрған жылан, ал өлең иесі “аяқтары ұзын, сары маса” болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятып, жыланнан сақтандырмақшы болады.

“Қырық мысал” орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдер. Ақынның әдеби шығарманың дәл осы жанрын таңдауының үлкен мәні бар. Мысал жанры – қазақ халқына да жақын, таныс дүние, ғибрат айтып, жақсылыққа шақырудың ең бір ұтымды амалы.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мысал өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Автордың негізгі ойы жазылған өлең жолдарын тап. Мысалды сахналап көру.

Сөздік жұмыс.Шылауында – біреудің ырқында, жетегінде.

Дәптермен жұмыс.

-Сызбаларды толтыру.

Ақын туралы айшықты ойды жаздырып,түсіндіру: «Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.» Мұхтар Әуезов

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1.Өгіз қайдан келе жатты, арбада не бар?

2.Шыбынға кім кездесті?

3.Танысы оған не деді?

4.Бұл шығарманың қай түріне жатады?

5.Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?

6.Оның қандай мысалын оқығаныңды есіңе түсір.

ҮІІ. Қорыту.

Екі шыбынның сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне қарап, оларды мына үлгілік сызба бойынша жаз.

1-ші шыбын қандай? 2-ші шыбын қандай?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, мысал мазмұнына сурет салу.

Жаңашышылдық-уақыт талабы.

Ақтөбе қаласы №46 орта мектеп

Бастауыш класс мұғалімі Халел Ләйлә.

«Инновация »деген сөз- латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан , ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.

Инновациялық іс-әрекет – дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады.

Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Бастауыш сыныптарының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады. Мысалы, математика пәнінен өзім өткізген «Дамытпалы саяхат сабақ» , «Математика әлемінде» сабағын алайын. Мұнда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту барысында ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын меңгерту көзделеді. Сабақ қосу, азайту, көбейту, бөлу тәсіліне арналады.

Математикалық фокус, викториналар,ребустар, логикалық есептер, қызықты шаршы құрастыру, сөзжұмбақтар шешу баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеудің нәтижесін, оның қызық та қиын екендігін, көп іздену керектігін дәлелдейді. Оңайдан қиынға, ауырдан жеңілге ұстанымын сақтап, алдымен жеңіл ребус, сөзжұмбақтар, т.б. құрастырып, бірітіндеп күрделендіре түсемін.

Қай сабақта болсын тест әдісін өте жиі қолданамын. Оған оқушылардың жасаған 1-ден 10-ға дейінгі сандарын пайдаланамын. Мысалы: 1) Кім? Кімдер? 2) Қанша? Неше? 3) Не істеді? Неғылды? 4) Қандай? Қай?

Қазақ тілі пәні сабақтарын ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой белсенділігін арттыруға бағыттаймын. Мәселен, қазақ халқының киелі сандарымен таныстыру: 3, 5, 7, 9, 12, 30, 40. Бұл сабақта 7 санының қасиетті екенін түсіндіріп , ұқыптылыққа, сыпайлыққа, ұжымдықпен жұмыс істеуге тәрбие беру көзделеді. Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылрдың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды женуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).

2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).

3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру).

.Мектептерде жүргізіліпжатқан қазіргі тәжірибелік – сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндетіжан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады Сондықтан б.гінгі уақыт талабына сай білім де жаңаша белсендірілуі қажет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше