“Тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті” атты лездем е жоспары

Ламғалиева Бибінур Утепбергеновна

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия

Атырау қаласы

Тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті” атты лездеме жоспары

Мақсаты: Оқушыларға Елбасының ерекше қасиетін, тұлғалық тұғырын түсіндіру

Елбасының ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру

Елбасы саясатының көрегенділігін таныту

Көрнекілігі: Елбасы өмірінен дайындалған слайд, қабырға газеттері

Түрі: Лездеме, жиын
Жүру барысы:

1 жүргізуші. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлем мойындаған жаһанға атағы жеткен бүгінгі заманның Ұлы саясаткері, лидері, туған халқының бәйтерегі

2 жүргізуші. 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне арналған “Тәуелсіз елдің Тұңғыш президенті” тақырыбында өткізгелі отырған лездемені ашық деп жариялаймын.

Гимн орындалады

1 оқушы.

Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

2 оқушы.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

3 оқушы.

Әнге толсын барлық қала ауыл бар

Қағылсын бір барабандар, дабылдар

Елбасының туған күнін ардақтау

Бәріміздің борышымыз, бауырлар!

Жүргізуші: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен 1991 жылы 1-желтоқсанда алғаш жалпы халықтық Президент сайлауы өтті. Онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың 98,7 пайыз дауысын жинап , Қазақстанның тұңғыш жалпы халықтық сайлаған Президенті болды.1991 жылы 10-желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заң арқылы Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. Жоғары Кеңестік қаулысына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 10-желтоқсаннан бастап Қазақстан Президенті қызметіне кірісті деп есептелді. Енді Президенттің қол жеткен табыстарын баяндайық:

4 оқушы. Менің президентім – тәуелсіз қазақ елін, тарих сахнасына шығарып , дүниежүзінетаныстырған да, табыстырған тұлға.

5 оқушы. Менің президентім – тәуелсіз қазақ еленің тілі басқа, тілігі бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған бірлік пен татулықтың тірегі.

6 оқушы. Менің президентім – тәуелсіз қазақ еленің абырой-беделін асқақтатып, әлемге әйгіліеген саңлақ саясаткер.

7 оқушы. Менің президентім – тәуелсіз қазақ еленің экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жетекші елдермен терезесін тең ұстаған көрген көшбасшы.

8 оқушы. Менің президентім-тәуелсіз қазақ еленің ғылымы мен техникасын, білімі мен мәдениетін, өнері мен спортын шарқау биікке көтерген ұлт қайраткері.

9 оқушы. Менің президентім – ұлттық тіліміз бен дәстүрлі дініміздің берік қорғаны.

10 оқушы. Менің президентім – тәуелсіз қазақ елінің жарқын болашағы жастарымыздың білім алып, еңбек етуіне бағыт-бағдар беріп отырған жанашыр қамқоршысы.

Дауешова Назеркенің орындауында Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған ән “Елім менің”.

Мерекелік құттықтау айту үшін сөз гимназия директоры София Гинаятқызына беріледі.

Жүргізуші: Елбасы күні-елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп мерекелік лездемені жабық деп жариалаймыз.

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше