«Тіл – өркениеттер тұғырының үндестігі»

Ламғалиева Бибінур Утепбергеновна

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия

Атырау қаласы

Сыныбы: 10 сынып

Сабақ тақырыбы: «Тіл – өркениеттер тұғырының үндестігі»

Сабақ мақсаты: Мемлекеттік тіл мәртебесі туралы, Үштілдік тақырыпиар бойынша ой қозғау. Пікірталастыруға, ойларын ашық айтуға дағдыландыру. Ана тілін сүюге, өзге тілді үйренуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, әңгіме

Сабақ түрі: Дөңгелек үстел

Сабақ көрнекілігі: Плакаттар, буклеттер, слайдтар

Сабақ байланысы: Тарих, әдебиет, құқық

Сабақтың жүру барысы:

  1. Кешті ашу
  2. Қонақтарды таныстыру

  3. Сұрақтар қою

  4. Слайдтармен жұмыс

1- жүргізуші: 22- қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні болып жариялануы маңызды оқиға. Сондықтан да бұл мереке ана тілін ардақ тұтып, өз Отанын жанындай сүйетін әр адамның жүрегіне шуақ құятын мерейлі мереке.

2- жүргізуші: Екіншіден, тіл түсінесетін құрал болғандықтан, бұл мереке татулықтың, береке- бірліктің бастауы

1- жүргізуші: Үшіншіден, тіл- тарих тереңіне бойылатып, өнер бұлағынан сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы

2-жүргізуші: Ана тілі- әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінің ғасырлыр бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры

Қымбат маған ана тілім, бл тілім

Қымбат маған дана тілім, ер тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма

Ана тілім ардақ тұтар алтыным- деп жырлағандай ана тілінің құдыреті мен Елбасы алға қойған «Үштұғырлы ел саясатын» жүзеге асыру мақсатындағы толғаныстарды ортаға салар «Мемлекеттік тіл- менің тілім», « Үштілдік- заман талабы» атты тақырыптар негізінде жүргізілетін «Тіл- өркениеттер тұғырының үндестігі» атты дөңгелек үстелді ашық деп жариялаймыз.

Қош келдіңіздер!

Кеш қонықтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Сабирова Гүлжан Ұзаққалиқызы

Атырау облыстық тіл басқармасының бастығы

  1. Елеуова Айгул Сергейқызы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің философия ғылымының кандидаты

  1. Алиев Ширази Вагди- оғлы

Әзірбайжан ұлттық қауымдастық өкілі

  1. Айтжанова Гүлнара Бекеновна

«Теңізшевройл» компаниясынан

  1. Турушева Баутәте Нургалиевна

«Теңізшевройл» компаниясы жетекші маманы

1- жүрзізуші: Қандай ұлт болмасын оның ең басты байлығы- Ана тілі. Асыл Ойдың бұлағы, ұлтының қуаты қазақ тілінде екендігі туралы ой толғайтын 10- сынып оқушысы Қайшашова Жангүл (қазақ тілі туралы)

2- жүргізуші:

Тіл дегенім- түсіністік құралы

Тіл арқылы адам бәрін ұғады

Татулық та, бірлік, достық, береке,

Бәрі, бәрі осы ұғымға сияды.

Мемлекетаралық қарым- қатынас құралы саналатын орыс тілінің шежіресі мен өскелең дамуы туралы 10- сынып оқушысы Әубәкірова Айнаш баяндайды. (орыс тілі туралы)

1-жүргізуші:

Ана тілің- арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!- деп өзге тілді өз тілің арқылы үйренуді өсиет қылған Қадір атамыздың сөзін әрбір саналы ұрпақ есінде мықтап сақтағаны жөн. Осы ұлы мұратты Елбасы тілдің үштұғырлығы арқылы жүзегеп асыруды мақсат қылып қойды.

Осындай заман талабын ағылшын тілі пәні арқылы жас ұрпақ бойына сіңіріп, өмірге қажеттілікті пайдаланудың жолдары туралы баяндамасында «Ағылшын тілінің қоғамдағы орны» деген тақырыпта Сақтанов Ануар баяндайды. (ағылшын тілі туралы)

Сұрақтар

Құрметті кеш қонақтары дөңгелек үстелді әрімен қарай сіздердің пікірлеріңізден бастасақ деп отырмыз.

Заман талабына сай әр адам өз тілін терең меңгерумен қатар өзге елдің тілін жақсы меңгерсе, өзгелерден дүниені көш ілгері түсінеді деп ойлаймыз.

Еліміздегі ақпараттар әлемі жайлаған тұста ғаламтор желісімен тікелей жұмыс атқаратын адамның барлық тілді меңгеріп, өмір қажеттілігіне жаратуға толықтай мүмкіндігі бар деп айта аламын.

Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра

Туған тілім- тірегім,

Соғып тұрған жүрегім.

Туған тілім- бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім- анам тілі- өз тілім!

Туған тілім- далам тілі- өз тілім!

Туған тілім- адам тілі- өз тілім!

Ана тілім- қазақ тілім, туған тіл,

Қасиетті тіліміздің мәнін біл,

Ана тілді құрметтеңдер адамдар

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

«Жеті жұрттың тілін біл»

  1. Егер тілім… болса құрымақ,

Мен дайынмын өлуге бүгін- ақ (Расул Ғамзатов)

Ертең , завтра, tomorrow

  1. Ақылдың көркі- тіл, тілдің көркі… (Ж.Баласұғұн)

Сөз, слова, word

  1. Асыл сөзді іздесең,

Абайды… ерінбе (С.Торайғыров)

Оқы, читай, read

  1. Тәрбие басы- … (Қ.Мырзағалиев)

Бет, лицо, face

  1. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ бардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың.

Алтын … бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз – бабам тілі сен қалдың. (М.Жұмабаев)

Күн, день, day

  1. Туған тіліне жаны ашымаған…- жәндік. (Паустовский)

Адам, человек, human

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше