Қысқы өзгеріс

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:Қысқы өзгеріс

Сабақтың мақсаты: 1. Қыс мезгілі, қыс мезгіліндегі өзгерістер, өсімдіктер

тіршілігіне пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.

  1. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
  2. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап , түсіндіру, топтастыру

Көрнекілігі: Қыс көрінісіне суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Адамның күзгі еңбегі туралы түсінгендерін сұрап, пысықтау.

  • Адамның күзгі еңбегі жайында айт.
  • А. Сәрсеновтың күз жайында жазылған өлеңін жатқа айту.

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық-алтын дән.

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Қыс көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, қыста өлі табиғатта болатын өзгерістерді айту.

ә) Сәкен Сейфуллиннің «Қыс» өлеңі, Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқып беру.

б) Қыста жапырақтары түспейтін, үнемі

көгеріп тұратын ағаштар туралы айту.

в) Қыстағы өсімдіктер тіршілігі туралы

әңгіме.

г) Суретпен жұмыс:

д) Оқулықпен жұмыс

ІV. Сергіту сәті:

Жел соғады гу-гу

Жаңбыр жауады тырыс-тырыс.

Жаңбыр басталады.

Күн ашылады.

ІV. Дәптермен жұмыс:

Қыс айларын ата. Оларды ретімен жаз.

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Қыз мезгілі туралы сурет сал

V. Бекіту.

Жұмбақ шешу.

Екі аяққа байлап,

Сырғанайық жайлап. (Шаңғы)

Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс. (қырау)

Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)

Табанға қанжар байладым,

Бетінде айна ойнадым. (Коньки)

Сұрақтарға жауап алу:

  • Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
  • Қыс айларын ата
  • Өсімдіктер тіршілігіне зияны мен пайдасы қандай?

VІ. Үйге тапсырма: Мазмұнын айту. Суретті аяқтау.

VІІ. Бағалау. Мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше