Антарктида
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Сабақтың тақырыбы | Антарктида | |||
| Сабақтың мақсаты | А. Антарктида материгінің географиялық орны,ашылу,зерттелу тарихы. ерекшелігі туралы білім қалыптастыру
Ә.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру,шығармашылық ізденіске баулу. Б. Топта ұжымдық қарым-қатынас,ынтымақтастық,бірлікке ,бір-бірін сыйлауға,тыңдауға баулу. |
|||
| Сабақтың түрі
Сабақтың типі: |
Аралас
Жаңа білімді меңгеру сабағы |
|||
| Күтілетін нәтиже | Антактида материгінің географиялық орнын, қашан және кімдер ашқанын біледі. Антарктида материгінің неге мұз құрсап жатқанын біледі.Ержүрек саяхатшылардың ерен еңбектері жайлы біледі. | |||
| Құралдар
Ресурстар Әдіс-тәсілдер |
Постер,стикерлер,
Дүние жүзінің физикалық картасы,атлас,мультимедиялық слайд,бейнефильм. Топпен жұмыс,Миға шабуыл,Түртіп алу, |
|||
| Дереккөз | Ғаламтор «Яндекс»
Оқулық.Оқыту әдістемесі Ғылыми-педагогикалық әдістемелік журнал №3,6 2012. |
|||
| Тапсырмалар | 1.Топтық жұмыс
2.Оқулықпен жұмыс 3.Картамен жұмыс 4.Танымдық ойын 5. Постер қорғау |
|||
| Бағалау | Жұтық,топтық,критерий бойынша | |||
| І. Ұйымдастыру бөлімі.Амандасу.Топқа бөлу. Сергіту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Тынық мұхиты 1.Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам»? Әр топтағы оқушыларға логикалық тест беріледі. 1.Тынық мұхитының ауданы қанша? 2. Тынық мұхитының орташа тереңдігі және ең терең жері қанша? 3.Тынық мұхитының жағалауында қандай мұхиттар бар? 4. Тынық мұхитының қай аудандарында теңіз дауылдары соғады? Неге? 5. Тынық мұхитына ғана тән жануарларды атаңдар. 6. Тынық мұхитындағы аралдар қандай топтарға бөлінеді? 7. Аралдар табиғатын зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? 8. Мұхит аралдарының ішінде ең ірі шаруашылығы жағынан жақсы дамыған елі қай ел? 9. Тынық мұхитының басты ерекшелігі неде? 10. Тынық мұхитты адамдар қандай қажетіне пайдаланады? ІІІ. Қорытындылау. Жұптық бағалау . Бағалау критерийі ІV. Жаңа сабақ. -Ой қозғау сұрақтары 1.Тынық мұхитының оңтүстігінде қандай материк бар? 2. Антарктика, Арктика,Антарктиданың бір бірінен қандай айырмашылығы бар? 2. Мағынаны тану. Интерактивт тақтадан осы географиялық обьектілердің айырмашылығы жайлы түсініктеме және бейнефильм көрсету. -Оқулықпен жұмыс:Антарктида туралы берілген мәтінді оқып шығу. 1-топ. Материктің географиялық орнын айтады. 2-топ Материктің басты ерекшеліктерін түсіндіреді. 3-топ Материктің зерттелу тарихына тоқталады. Тақырыпты топта талқылау.Түртіп алу стратегиясы бойынша жаңа сөздерді дәптерге жазып алу.Материк бойынша алған білімдерін постерге түсіру, топтан бір оқушы шығып оны қорғау. Мәтін талқыланып болғаннан кейін топтық бағалау.Әр топ бір-бірінің жауабына баға береді. «Мен кіммін» ойыны Әр топқа кішкене үзінді беріледі,соны табулары керек. 1-топқа. Үдей түскен боран біздің шатырдан шығуымызға мүмкіндік бермеді,біз әлсіредік.Мен зорға жазып отырмын,бірақ мен қалай дегенмен де жасаған саяхатымызға өкінбеймін.Біз тәуекелге бел байладық және қандай сапарға бара жатқанымызды да білдік. (Р. Скотт) 2-топқа. Бірде бір адам еш уақытта оңтүстікке мен барғаннан әрі ене алмас еді деп мен батыл айта аламын. Ешқандай оңтүстік материгі жоқ» бұл туралы жазған Англияның ержүрек мақтанышы (Д.Кук) 3-топқа. 1911 жылы 14 декабрьде 4 ит жеккен шана саяхатқа шыққан кім?Ол қандай жаңалық ашты? (Р. Амундсен) «Кім көп біледі»? Картамен жұмыс .Материк бойынша негізгі географиялық обьектілерді табу V.Бекіту. 3.«Ойтолғаныс» Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін айқындау мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша сұрақтар: 1.Антарктида материгінің ауданы қанша? 2. Антарктида материгінің басты ерекшелігі неде? 3. Материк бұрын қай материктің құрамында болған? 4.Материкті кімдер және қашан ашты? 5. Оңтүстік полюске ең алғаш кім жетті? 6. Халықаралық геофизикалық жыл дегеніміз қай жыл және оның мақсаты не? VІ Қорытындылау INSERT әдісі.
VII. Үйге тапсырма
«Кейіпкерге хат» тәсілі бойынша Антарктиданы зерттеген саяхатшыларға хат жаз Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау Рефлексия: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? |
||||
«Мен кіммін»? ойыны
Үдей түскен боран біздің шатырдан шығуымызға мүмкіндік бермеді,біз әлсіредік.Мен зорға жазып отырмын,бірақ мен қалай дегенмен де жасаған саяхатымызға өкінбеймін.Біз тәуекелге бел байладық және қандай сапарға бара жатқанымызды да білдік.
Мәтінде қай саяхатшы туралы айтылады?
«Мен кіммін»? ойыны
Бірде бір адам еш уақытта оңтүстікке мен барғаннан әрі ене алмас еді деп мен батыл айта аламын. Ешқандай оңтүстік материгі жоқ» бұл туралы жазған Англияның ержүрек мақтанышы
Мәтінде қай саяхатшы туралы айтылады?
«Мен кіммін»? ойыны
. 1911 жылы 14 декабрьде 4 ит жеккен шана саяхатқа шыққан кім?Ол қандай жаңалық ашты?
Мәтінде қай саяхатшы туралы айтылады
Логикалық тест
1.Тынық мұхитының ауданы қанша?
- Тынық мұхитының орташа тереңдігі және ең терең жері қанша?
3.Тынық мұхитының жағалауында қандай мұхиттар бар?
- Тынық мұхитының қай аудандарында теңіз дауылдары соғады? Неге?
-
Тынық мұхитына ғана тән жануарларды атаңдар.
-
Тынық мұхитындағы аралдар қандай топтарға бөлінеді?
-
Аралдар табиғатын зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?
-
Мұхит аралдарының ішінде ең ірі шаруашылығы жағынан жақсы дамыған елі қай ел?
-
Тынық мұхитының басты ерекшелігі неде?
-
Тынық мұхитты адамдар қандай қажетіне пайдаланады
Логикалық тест
1.Тынық мұхитының ауданы қанша?
- Тынық мұхитының орташа тереңдігі және ең терең жері қанша?
3.Тынық мұхитының жағалауында қандай мұхиттар бар?
- Тынық мұхитының қай аудандарында теңіз дауылдары соғады? Неге?
Тынық мұхитына ғана тән жануарларды атаңдар.
Тынық мұхитындағы аралдар қандай топтарға бөлінеді?
Аралдар табиғатын зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?
Мұхит аралдарының ішінде ең ірі шаруашылығы жағынан жақсы дамыған елі қай ел?
Тынық мұхитының басты ерекшелігі неде?
Тынық мұхитты адамдар қандай қажетіне пайдаланады
Бағалау критерийі
1.Үй тапсырмасын толық орындау –5 балл.
- Топта талқылауға қатысып,өз ойын
жеткізу –5 балл.
3.Сабақ бекітудегі сұрақтарға жауап беружәне ББК кестесін дұрыс толтыру –5 балл
| Балл | Баға |
| 15 балл | «5» |
| 10 балл | «4» |
| 6-5 балл | «3» |
| 4-2 балл | «2» |
