Қасиетті Құран- Кәрім жайында

Атырау қаласы. Жалпы білім беретін № 6 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ихуанова Гулзада Зинеденқызы

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран- Кәрім жайында

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қасиетті Құран Кәрім жайында оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды ауызекі сөйлеуге , мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып тіл дамытуға пайдалану.

Сабақтың типі: жаңа сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Электронды оқулық , Хронологиялық кесте

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

І. Қызығушылықты ояту

  • Құран Кәрім дегенде ойымызға не келеді?
  • Тарих
  • Әдебиет
  • Әдет-ғұрып
  • Шариғат
  • Тазалық
  • Шипагерлік
  • Әділдік

Хронологиялық кесте

Шығармадағы жақсылық пен жаман істерді талдай

отырып, кестені толтыру

+

ІІ. Мағынаны тану

Жер бетіндегі халықтардың көбі бір Аллаға табынады, сыйынады. Осы үлкен сенім адам баласына көмектеседі. Осы сенімнен дін тарайды. Дүние жүзіне кең тараған төрт ірі дін тармақтары Ислам, Христиан, Будда, Католик діндерінің бәрінің де өзегі – адамгершілік, тазалық.

Алла сөзі Жебірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға, яғни, Мұсаға – «Таурат», Ғайсаға – «Інжіл», Дәуітке – «Забур», Мұхаммед пайғамбарға – «Құран Кәрім» тапсырылады.

Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар ғалейһи-салам арқылы жіберген ақиқат жолы, дүние жүзіне ең ықпалды әрі кең тараған дін. Ислам арабша мойынсұну, амандық, татулық деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбарға түсірілген Құран Кәрімді өзінен бұрынғы кітаптардың растаушысы (барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел қамтиды.) және Жаратушының ең соңғы өсиеті деп санайды.

Мұсылмандар – Мұхамбет пайғамбардың үмбеттері.

  1. Топтық жұмыс.

Топ шығарманың компазициялық құрлысын талдау.

1-топ Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай?

Періштелер неге уайымдады?

2-топ Адамда Алла қалай жаратты, оның тұңғыш есімі кім?

3-топ Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?

Оқушылардың ойларын дәлелдеу:Оқушылар таблицаны ойлана отырып толтырады және дәптерлеріне жазады.

Әңгіме аты Қазақ әдебиетінің түрі Бастапқы кейіпкер Жағымсыз кейіпкер Жағымды кейіпкер Ортақ қасиеттері
Сымайыл, Аңыз әңгіме
Қандай адам? Қандай адам?

Бес жол өлең стратегиясы бойынша жұмыс:

1.Тақырыпқа байланысты зат есім

2.Бірнеше сан есімдер жазу.

3.Етістік болатын сөзер жазу

4.Тақырыпқа байланысты 4сөз.

5.Зат есімге синоним болатын сөз жазу.

Шығармашылық жұмыс:

Әр қатардан бір оқушылар дәптерлеріне ой толғау жазу өздері таңдаған тақырыптары бойынша жазу.

1.«Адалдық,адамдық жол Құраннан басталады».

2.«Дінімізге адал болайық».

3.«Дінің тұрсын дін аман»

Кестені толтыру

нені үйрендік? Неге- үйрендік? қалай үйрендік?

Бағалау.

Үй тапсырмасы

  1. Құран Кәрім мазмұнын айту.
  2. 3.Абайдың, Мұқағалидың шығармаларынан дінге қатысты

өлең шумақтарын жаттап келу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше