«Металдар»
Кушенова Лида Орынбасаровна
Жоғарғы санатты химия пәні мұғалімі
Бесікті орта мектебі
Атырау қаласы, Бесікті селосы
Сабақтың тақырыбы: «Металдар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың металдардың ерекшеліктеріне көңілін бөле отырып, жаңа тақырыпты игерту, металдар туралы түсінік беру; оқушыларды еліміздің қазба байлықтарымен Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қаныш Сәтпаевтың қосқан үлесімен таныстыру.
Дамытушылық: Өзіндік жұмыс істеуге, ізденушілік, танымдық және пәнге қызығушылығын дамыту, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету; Қазақстанның металлургиясы туралы мәлімет беру; жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілік: Туған елге, жерге, оның байлығына деген мақтаныш сезімін дамыту, металдарды орынды пайдалана білу үшін экологиялық тәрбие беру, мамандық таңдауға деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту, алған білімді қорыту.
Сабақтың әдісі: Жеке және топтық жұмыс, сұрақ жауап, зертханалық әдіс, өз бетімен жұмыс әдісі;
Пәнаралық байланыс: география, тарих, биология, экономика, қазақ тілі, математика
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, мақал мәтелдер жазылған буклет: «Темір тоттанып тозар», «Қуатты қол құрыш», «Орын тапқан шеге оңды», «Аз сөз алтын, көп сөз көмір», «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуын оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай»; электрондық оқулық, «химия» 9-сынып, Қазақстан картасы, металдар үлгісі.
Сабақтың девизі: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ.Сәтпаев.
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу және оқушыларды түгендеп, күнді тақтаға жазып қою
2.Үй тапсырмасын сұрау
І кезең «Металдар» туралы қайталау
Металдардың периодтық жүйедегі орны
Металдардың физикалық қасиеттері
Металдардың хииялық қасиеттері
Металдардың жемірілуі және одан қорғау шаралары
Металдарды алу жалпы әдістері
Ортағасырлардағы алхимиктер айтуы бойынша «Жеті аспан денесіне сәйкес жеті металл аян болған».
1.Алтын -күн
2.Күміс- ай
3.Сынап- меркурий
4.Мыс- шолпан
5.Темір- марс
6.Қалайы- юпитер
7.Қорғасын- сатурн
ІІ кезең «Миға шабуыл» сұрақтарға жауап беру
Барлық жай заттар қандай 2 топқа бөлінеді?
Қанша металл белгілі?
Металдар қандай агрегаттық күйде бола алады? Ерекшелік бар ма?
Ең жеңіл металл.
Қанның құрамына кіретін металл.
Ең ауыр металл.
Алақанда балқитын металл.
ІІІ кезең «Химиялық эстафета»
Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCO3→CaO
ІҮ кезең «Мақал сөзде де, металл жүр»
«Ел іші…
От көмір жейді, …..
Арпа, бидай ас екен, ….
Қойдың сүті …
Ақыл арымас….
Ү кезең «Кім үздік және алғыр» тест сұрақтары беріледі. (Оқушылар жауап береді).
Қаныш Сәтпаев кім?
ҮІ кезең Жаңа сабақ
Тақырыбы: «Металдардың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы»
Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес”
Қаныш Сатпаев
| Металдың пайдаланыла
бастаған дәуірі |
Алғаш табылған Ме |
| Біздің заманымызға дейінгі | Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын. |
| ХҮІІІ ғасырға дейін | Мырыш, сурьма, висмут |
| ХҮІІІ ғасырда | Платина |
| ХІХ ғасырда | Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, кобальт, иридий. |
| ХХ ғасырдың бірінші жартысында | Жер қыртысында кездесетін қалған Ме |
| ХХ ғасырдың екінші жартысынан осы кезге дейін | Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен а
лынған металдар актиноидтар, лантаноидтар |
Металдардың аталуы:
Алтын – таңғы арай.
Мыс – Кипр аралы мысқа бай.
Күміс – ақ, жарық.
Темір – латын тілінен аударғанда «қамал».
Сынап – сүйық күміс.
Вольфрам – қасқыр көбік.
Платина – күміске ұқсас.
Берилий – тәтті (конструкциялық берилий ғарыш ісінде өте маңызды орын алады. Шойын, болат, темірге қарағанда жеңіл, әрі мықты, арзан. Қазақстанда Алматыда өндіріледі)
Металдарды элемент ретінде қарастырсақ периодтық жүйеде:
- Сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.
- Тотығу дәрежесі оң.
- Күшті тотықсыздандырғыштар.
- Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.
- Негізгі топшаларға орналасқан Ме сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең.
- Периодтық жүйенің 80 пайызын алады.
- Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне сәйкес келмейді. Олардың электрон саны 2-ден аспайды. Қалғаны астындағы қабатта орналасады. Соларды беріп жіберу арқылы +4, +7 дейін тотығу дәрежесін, бейметалдық қасиетін көрсетеді. Бұлар d-элементтер.
- ЭТ бейметалдарға қарағанда аз.
- Сілтілік металдар: Li, Na, K, Rb, Cs, Fr .
- Металдардың кристаллдық торындағы оң иондар мен бос электрондар арасындағы байланыс металдық байланыс деп аталады. Металдық байланыс оған созылғыш, тапталғыш қасиет береді. Металдардың кристалл торында электр өткізгіштігі әр түрлі болады. (Cu, Ag, Al жақсы өткізеді, Hg- нашар өткізеді).
Металдардың халықаралық атаулары туралы сабақты қорытынды: Өзінді тексер.
Тестжұмысын жүргіземіз.
Қорытынды.
Сатпаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) аса көрнекті ғалым, әрі қоғам қайраткері, Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым. Ол үлкен Жезқазған, Ұлытау мыс-минералды шикізат қорларын тұңғыш жан-жақты зерттеді. Ғалымның құрметіне Қаратаудағы Ванадий кенінен табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады.
Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетунің бірден-бір кепілі.
Бағалау: Әр оқушының айтқан сабағына қатысқанына орай баға қою.
Үйге тапсырма: «Адам ағзасында қандай металлдар бар, олардың маңызы қандай?» тақырыбы бойынша хабарлама дайындау
