«Химияның кереметтері» химиялық кеш

Кушенова Лида Орынбасаровна

Жоғарғы санатты химия пәні мұғалімі

Бесікті орта мектебі

Атырау қаласы, Бесікті селосы

«Химияның кереметтері» химиялық кеш

Химиялық кештің мақсаты: білімділігі; химияны шаруашылықтың бар саласында да қолданылуын және судың қажетін алынуын, қолданылуын білу.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше ізденуге,жұмыс жасауға, табиғи су көздерін таза ұстауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Кеш көркемдігі: интерактивті тақта, зертханалық ыдыстар.

Химиялық кештің жүрісі:

1.Құрметті ұстаздар,оқушылар «химияның кереметтері» атты химия апталығының қорытынды кешін ашық деп жариялаймын.

2.Оқушылар арасындаХимиялық кеш болды Элементтер арасында Қызықты әңгіме – сөз болды.

3.Ақыл-тон,аңдағанға тозбайтұғын, Білім кен қанша болса азбайтұғын. Қатары оза шауып бара жатса, Арқаңның ауруы қозбайтұғын.

I бөлім: Химия пәнінің мұғалімі Көшенова Лида Орынбасарқызы. Оқушыларға жасыратын жұмбақ.

1.Қаласы бар-үйі жоқ, Даласы бар-шөбі жоқ. Мұхиты бар-суы жоқ, Орманы бар-нуы жоқ. Шыңдары да теп-тегіс. Құмдары да теп-тегіс Кең жазықтан әр түрлі Керегеңді көресің Бар әлемді табасың Өзің таң боп қаласың

( жауабы: географиялық карта )

II бөлім.«Химияның әліппесі-элемент» элементтер туралы сырлар.

Азот (N)Мыс(Cu)

Темір(Fe)Алюминий(Al)

Күміс(Ag)Кальций(Ca)Натрий(Na)Йод

III бөлім. « Химик болғың келе ме? Бейорганикалық заттардың негізгі кластары жайлы білімді бекіту ойындары.

Оксидтер – екі химиялық элементтерден тұратын, бірі оттек болып келетін күрделі зат.

Негіздер – металл иондарымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксид ионынан тұратын күрделі зат.

Қышқылдар – сутек ионынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат.

Тұздар – метал мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат. IV бөлім. Зертханалық құрал-жабдықтармен және

ыдыстармен танысу.Сынауық,сынауықтарға арналғантұрғы,тараза, лабораториялық тұрғы,химиялық стакан, қыздыруға арналған тұрғы, лабораториялық қысқыш, конус тәрізді құйғы, суалту табақшалары, сағат әйнектері, спирт шамы.

V бөлім. Қорытындылау. Химиялық кештің қорытынды сөзі химия пәнінің мұғалімі

Көшенова Лида апайға береміз.

Сабақтың тақырыбы: Күкірттің қосылыстары

Сабақтың мақсаты:білімділігі: Оттегі топшасына кіретін элемент-күкірттің және оның қосылыстарының физикалық өзгерістерімен, химиялық қасиеттерін білу.

Тәрбиелілігі: оқушыларды жеке,топпен жұмыс істеу дағдысына өзара көмекке ынтымақтастыққа, мамандыққа бағдар беруге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігін,ойлау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: күкірт,сіріңке,сұрақтар,сызбанұсқа,дидактикалық карточкалар, әртүрлі карточкалар, периодтық система, интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, ауызша тест, есеп шығару, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру бөлімі: сыныпты 2 топқа бөлу.

I.Қызығушылықты ояту( интерактивті тақтадан өткен тарау бойынша сұрақтарға жауап беру)

1. Ауызша тест сұрақтары:

«S- күкірт» тобы

1.Электролит деген не?

2.Гидратталған ион деген не?

3.Катион деген не?

4.Электролиттік диссоциялану теориясының негізін салушы кім?

  1. Тұздар гидрализі деген не?

6.BaCl2+H2SO4=

7,Ca(NO3)2+K2CO3=

«H2Sкүкіртсутек» тобы

1.Бейэлектролит деген не?

2.Электролиттік диссоциациялану деген не?

3.Анион деген не?

4.Қазақстанның ғалымы кім?

5.Диссоциациялану дәрежесі деген не?

  1. AgNO3+HCl=
  2. MgCl2+NaOH=

2. Ауызша сұрақтарға жауап беру

«S- күкірт» тобы

1.Периодтық кестедегі бейметалдардың орны қалай?

2.Оттегі топшасы элементтерінің атом құрылысы қандай?

3.S-химиялық қасиеттері қандай?

4.Күкірттің табиғатта таралуы қалай?

  1. S SO2 SO3 Na2SO4

«H2S күкіртсутек» тобы

1.Бейметалдардың тотығу дәрежесі қалай өзгереді?

2.Күкіртке периодтық кестедегі орнына сипаттама жасау.

3.Күкірттің физикалық қасиеттері қандай?

  1. Күкірт қайда қолданылады?

5.K+S=K2S

S+O2=SO2

II. Мағынасын тану.

(оқушылар дәптеріне жаңа сабақты жазады)

Жаңа сабақ: «Күкірт қосылыстары»

H2 S-күкіртсутек-1.физикалық қасиеттері

  1. күкіртсутек алу
  • химиялық қасиеттері

  • SO2 SO3сипаттама жасау.

    III. «Ой толғаныс»

    «Сандарды сөйлетейік»

    I.топ II.топ

    1) 16 1) 32

    2) 3 2) 6

    3)150 3)187

    4)-2 4) +4

    « Формула сөйлейді»

    I-топ. H2S SO2 Na2SO4

    II-топ.SO3 H2SO4 MgSO4

    Қорытынды:« ой қозғау», «өзіндік жұмыс» (оқушылардың шығармашылық жұмысы )

    «Күкірт» тобы

    Буклет,Тенгиз туралы слайд жасау.

    «Күкіртсутек» тобы

    «Қышқыл жаңбырлар және оның қоршаған ортаға әсері» (реферат,схемаларын слайдқа көрсету)

    Сабақты қорытындылау:

    1.Күкірт қосылыстарының қандай химиялық қаиеттері бар?

    2.Тотыққанда немен әрекеттеседі?

    3.тотықсызғанда немен әрекетеседі?

    Бағалау

    Үйге тапсырма

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше