Күрделі сөздер
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күрделі сөз туралы түсінік беру, оның сөздерінің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалатынын байқату, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу.
Танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту.
Адамгершілікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құрал жабдықтарын түгендеу.
- Психологиялық дайындық. «Есімдер сыры» ойыны. Бір-біріне өз есімдерінің бас әріптерінен басталатын көтеріңкі көңіл сыйлайтын марапаттау сөздерін айту ( Айгүл сен ақылдысың. Әсем сен әдемісің. Болат сен батырсың…)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 22-жаттығу (1-слайд)
Қас пен көздің арасында-лезде
Тайға таңба басқандай-анық
Мойны жар бермейді-еріншек
Ержүрек -батыр
ІІІ. Жаңа сабақ. Күрделі сөздер (2-слайд)
Салыстыр:
Айыл, аймақ, отыз,қырық, ай, гүл, қара, торғай, ұзын, ағаш, көк , ала, ақ, сары, он, бес, жеті, жарым
Ауыл-аймақ, отыз-қырық, Айгүл, қараторғай, Ұзынағаш, көк ала, ақ сары, он бес, жеті жарым
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз: бозторғай, Сарыарқа, ауыл-аймақ, ата-ана, тас көмір, темір жол (3-слайд)
Түсіндіріп бер (4-слайд)
Алатау (таудың аты), жапан түз (Көкжиекке дейін көз тірелер қара көрінбейтін сұр құба жонды сап-сары сардала), көлбақа (бақа тұқымдасына жататын түр), алыс-жақын ( жол аралығы), қара торы (түс), қора-қора (қой), Нұргүл, елу-алпыс, қызыл қоңыр, үлкен-кіші
Күрделі сөздерді жасалу жолдары мен жазылу ерекшеліктеріне қарай топтастыр
Көркем жазу (5-слайд)
Ақсақал, айбалта, тасбақа, итмұрын, жас ұлан, сары май, әке-шеше, көзбе-көз, мая-мая
Сөздік жұмысы
Айбалта- ұзын сапты жарты ай бейнесіндегі кішірек балта.
Ауылдың қысқы тіршілігі (6-слайд)
(шығармашылық тапсырма)
Күрделі сөздерді қатыстырып, өзің тұрған жердің қысқы тіршілігі туралы шығарма жаз
Биыл біздің ауыл қысқа дайындық жұмыстарын ойдағыдай жүргізді. Малдарға мая-мая шөп шапты. Қора-қора қойларды өз уақытымен күтіп баптады. Үйір-үйір жылқылар да қыстан аман шықты.
Күрделі сөздерді теріп жаз (7-слайд):
Үздік оқушы, ағаш көпір, жүйрік ат, тас жол, шұбар ала, он бес, оқып жүр, самал жел, қызық кітап
Венн диаграммасы
Сөз тіркесі Күрделі сөз
Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобын сөз тіркесі дейміз: тұнық су, екі оқушы, сауатты жаз
Екі сөз бірігіп бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана сұраққа жауап береді
Өздігінен сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады
Бекіту тапсырмалары (8-слайд)
Күрделі сөздер
Біріккен сөздер
Қысқарған сөздер
Қос сөздер
Үй тапсырмасын беру. 31-жаттығу. 76 бет.
«Біздің қала» тақырыбында шағын шығарма жазу (Шарты: күрделі сөздерді пайдалану)
