Күрделі сөздерді пысықтауға арналған тест тапсы рмалары
Қазақ тілі. 4 сынып.
Күрделі сөздерді пысықтауға арналған тест тапсырмалары
1)Күрделі сөздердің дұрыс ережесін тап:
А) түбір сөзден жасалған сөз
Ә) екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз
Б) сөз тіркесінен жасалған сөз
2)Күрделі сөзді белгіле:
А) отыз
Ә) Сарыарқа
Б) барды
3) Біріккен сөзді тап:
А) ата-ана Ә) итмұрын Б) сұлу қыз
4)Қосарланған қос сөзді тап:
А) Ауыл-аймақ Ә) жап-жасыл Б) қора-қора
5)Күшейтпелі қос сөзді тап:
А) дұп-дұрыс Ә) тасыр-тұсыр Б) алай-дүлей
6) Қысқарған сөзді тап:
А) Нұрболат Ә) педкеңес Б) Алпысбай
7)ҚХР-қандай сөз?
А) біріккен Ә) қос сөз Б) қаратпа сөз В) қысқарған сөз
8)Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөздің аталуы:
А) біріккен сөз Ә) түбірлес сөз Б) қосымшалы сөз
В) негізгі сөз
9)Бірігіп жазылатын сөзді көрсет:
А) еш адам
Ә) еш бір
Б) еш уақытта
В) еш нәрсе
10)БҰҰ, ТМД, ҚР- сөздердің қай тобына жататынын көрсет:
А) біріккен сөздер
Ә) қысқарған сөздер
Б) қос сөздер
В) сөз тіркестері
11)Біріккен сөздің жасалу жолын анықта:
А) екі түбірдің бірігуінен жасалған сөз
Ә) бірнеше сөзден тұратын атаулардың қысқартып айтылуынан
С) екі сөздің қосарлануы арқылы
Д) бір сөздің қайталанып айтылуынан
12)Екі буынды сөзді көрсет:
А) мереке
Ә) саңырауқұлақ
Б) мырыш
В) мыс
13)Мемлекеттік автоинспекция сөзінің дұрыс қысқартылғанын анықта
А) МИ Ә) МА Б) МАИ В) МемАИ
14)Екі сөздің қосарлануы арқылы жазылған сөзді тап:
А) шаңсорғыш Ә) суық жел Б) ата-ана В) өкінішке орай
15)Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөздер атауы:
А) негізгі Ә) туынды Б) дара В) күрделі
16)Бірге жазылатын күрделі зат есімді тап:
А) қант ( қызылшасы)
Ә) бала (шаға)
Б) тас ( бақа)
В) Балқаш ( көлі)
17)Күрделі сөздер дегеніміз:
А) екі немесе одан да көп түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздер
Ә) екі немесе одан да көп әріптен жасалып, бр мағынаны білдретін сөздер
Б) мағынасы тұсінксіз сөздер
В) көп мағынаны бірдіретін сөздер
18)Біріккен сөзді құрайтын түбірлер қалай жазылатынын белгіле:
А) бас әріппен жазылады
Ә) бөлек жазылады
Б) арасына сызықша қойылады
В) бірігіп жазылады
19)Бала-шаға жататын сөз түрі:
А) қысқарған сөз Ә) біріккен сөз Б) күрделі сөз В) қос сөз
20)Қысқарған сөздің толық атауын тап: ҰҒА
А) Ұлтаралық Ғалымдар Академиясы
Ә) Ұстаз ҒАлым Академиясы
Б) Ұлттық Ғылым Академиясы
В) Ұстаздардың Ғылыми Академиясы
21)Біріккен сөздер аралығындағы байланыс қай үндестікке жататынын көрсет:
А) буын Ә) сөз Б) дыбыс В) сөйлем
22)Қос сөздің сыңарын анықта: жарқ-…
А) жар Ә) жарқ Б) жұрқ В) жырқ
23)Қосарлану арқылы жасалған қос сөзді көрсет:
А) күте-күте Ә) ап-арық Б) әке-шеше В) қора-қора
24)Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз
А) біріккен сөз
Ә) күрделі сөз
Б) сөз тіркесі
